Пайдаланылған әдебиеттер:
Құнапина Қ.Қ., Құмғанбаев Ж.Ж., Махаева А.Ш. Қазақстан тарихынан әдістемелік-анықтамалық нұсқау. 2011-2012 оқу жылы. 214-бет.
Тұрсын Х. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі. А, 2004, 45-49 бет.
Тұрлығұл Т.Т. Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі. А, 2001, 138-бет.
Берлібаев.Е.Т. Төл тарихын оқытуда ұлттық және аймақтық мәдениетті дамыту жолдарын іздестіру // Современность: мир мнений философский альманах. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2002. – № 2(8). – 86- 90-бб.
Қараев Ж. «Инновациялық технологиялар ұғымдарының мәні» //Республика ұстазы 2005 ж., 28 ақпан
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН ОҚУ МАҚСАТТАРЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
Арзымбетова Салтанат Жаксылыковна
«Өрлеу»БАҰО» АҚФ Республикалық кәсіби даму институты аға оқытушы, жаңартылған бағдарламалар тренері Қазақстан, Алматы
Аңдатпа: Мақалада автор оқыту қазақ тілінде емес мектеп оқушыларына «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерін басқа пәндермен кіріктіріп оқыту барысында лексикалық тақырыптар мен тапсырмаларды үйлестірудің тиімділігін көрсетіп, теориялық білімді практика саласында пайдалана білуге бағыттайтын өнімді білім дағдыларын дамытудың ұтымды жолдары туралы баяндайды.
Кілт сөздер: оқу жоспары, негізгі тілдік аспектілер. сабақ құрылымы, әрекеттер, өнімді дағды.
Оқыту қазақ тілінде емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқу жоспары мұғалімге лексикалық тақырыптар негізінде, оқушы игеруге тиіс оқу дағдыларын дамыту жолдарын ұсынып, белсенді жұмыс түрлерін ұйымдастыруға көмек береді. Оқу жоспары оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтуге, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге, алған білімін өмірдің кез келген саласында тиімді қолдана білуіне ықпал етеді.
Лексикалық тақырыптар оқушының белсенді сөздік қорын байытуға, алған білімін күн- делікті өмірде қолдана алуға, өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге мүмкіндік береді.
Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:
тыңдалым және айтылым;
оқылым;
жазылым;
әдеби тіл нормаларын сақтау.
Оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттары оқушылардың айтылым, тыңдалым, жазы- лым, оқылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптас- тыруға, сол негізде сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталады. Мұғалім сабақ жоспарын құруда лексикалық тақырыпты басшылыққа ала отырып, сынып деңгейіне, тақырып қажеттілігіне қарай бір академиялық сағатта бір немесе екі коммуника- тивтік әрекетті негіз етіп алады, ал басқа коммуникативтік әрекеттер жанама түрде қол- даныла береді. (Мысалы, тыңдалым/ айтылым, оқылым/ жазылым). Әрбір әрекет бірнеше оқу мақсаттары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сабақ жоспарын құру барысында комму- никативтік әрекеттің барлық түрін бір деңгейде қатар алмаған дұрыс. Олардың бірі не екеуі негізгі болса, қалған екеуі жанама түрде дамытыла береді. Мұғалім жоспарда ұсынылған лексикалық тақырыпқа бөлінген оқу мақсаттарының орын тәртібін сабақ түрі мен әдістерінің қажеттілігіне қарай өзгерте алады. Пәндерді кіріктіріп оқыту кезінде басқа пән мұғалімде- рімен бірлесіп, командалық сабақ жоспарларын әзірлеуге болады. Мұғалім қазақ тілін басқа пәндермен тығыз байланыста оқыту арқылы оқушының академиялық сөйлеу және жазба тілін қалыптастыру мүмкіндіктеріне ие болады. Лексикалық тақырыптар ретінде сұрыпталып
іріктелінген мәтіндер мен оларға байланысты құрылған тапсырмалар шынайы өмірмен байланысты жағдаяттардан туындап немесе соған жуықтатылуы тиіс. Сонымен қатар, оқу материалдарының мазмұны мен тапсырмалардың орындалу логикасы оқушылардың даму деңгейіне сай ойлау, түсіну ерекшеліктеріне сәйкес таңдалынады.
Коммуникативтік әрекеттерді дамытуға бағытталған тапсырмалар өзіндік ерекшеліктері- не сәйкес белгілі бір жүйемен жүзеге асады. Мысалы, тыңдалым дағдысын жүзеге асыру үшін тыңдалым алды, тыңдалым, тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар ұйымдастырылуы тиіс.
Тыңдалымға арналаған сабақ құрылымы:
Тыңдалым алдындағы тапсырма: тақырыпты таныстыру;
тыңдалымдағы маңызды сөздерді үйрету; тақырыпқа қатысты сұрақтар құра отырып, сол тақырыптағы оқушы білімін қозғау.
Тыңдалым тапсырмасы: әртүрлі тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға арналған жат- тығулар тобы; олар жалпы мазмұнын түсінуден бастап, детальді түсінуге бағытталады.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: тыңдалымдағы тақырып туралы сұрақтардан тұрады және ол сұрақтарға өз көзқарастарын білдіріп, тәжірибелерімен байланыстыра отырып жауап берулері тиіс. Сонымен қатар сұрақтар жауап беру барысында тыңдалымдағы сөздерді пай- далана алатындай құрылуы қажет. Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарда тыңдалым/ айтылым дағдысы қатар жүреді. Мұғалім тыңдалымнан кейінгі айтылым тапсырмаларын дискуссия, дебат, сұхбат және т.б. белсенді жұмыс түрлері арқылы ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |