Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет69/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   162
Cписок использованной литературы:

  1. Настольная книга преподавателя иностранного языка: справочное пособие / под ред. Е.А. Маслыко. – Минск: «Высшая школа», 2001.

  2. Барышников Н.В. Параметры обучения межкультурной коммуникации в средней школе // Иностранные языки в школе. – 2002.

  3. Галямова, Э.М. Методика преподавания технологии: Учебник / Э.М. Галямова. - М.: Academia, 2014.

  4. Современные методы и технологии преподавания иностранных языков\\https://kpfu.ru/staff_files/F_ 1487775798/Sovremennye_metody_i_tekhnologii_prepodavaniya_inostrannykh_yazykov.pdf

  5. Постановление Президента Республики Узбекистан от 19.05.2021 г. N ПП-5117 "О мерах по поднятию на качественно новый уровень деятельности по популяризации изучения иностранных языков в Республике Узбекистан

  6. Адонина Н. П. Кейс-стади: история и современность // Высшее образование сегодня.

  7. https://kpfu.ru/staff_files/F_1487775798/Sovremennye_metody_i_tekhnologii_prepodavaniya_inostrannykh_y azykov.pdf



ОРЫС ТІЛІНДЕ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН


ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ ҚАЛАЙ ОҚЫТЫЛУДА?

Аймаков Бекзат Еркинулы


Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №70 ЖББМ

Білім беру саласы қай кезде болмасын алдыңғы шепте тұратындығына шүбә жоқ. Оның ішінде ана тіліміз – қазақ тілін оқыту. Қазақ тілін оқытуда көптеген оқулықтар мен көмекші құралдар және т.б. дүниелер жасалынды, әлі де жалғасын табуда. Бұл жасалынып жатқан жұмыстардың мақсаты, оқушының бойына білім негізін берік және жүйелі түрде меңгертіп, дұрыс жазу мен сөйлеуге дағдыландыру дедік. Бірақ, көптеген еңбектер еш кетіп жатыр. Білім саласында да, жаңарту үстіне жаңартулар енгізіліп жатқандығы тағы бар. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Еліміздің басты ұлттық құндылығы – қазақ тілі болып табылады. Тіл – ұлттың ұлы жетістігі. Осы орайда тіліміз ғасырлар сынынан өтіп, мың өліп, мың тірілген тіл десек те болады. Еліміздегі басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі қазіргі таңдағы басты мәселенің бірі болып отыр. Тәуелсіздік алғанымызға отыз жыл толса да, ана тіліміздегі отыз сөзді білмейтін отан- дастарымыз жетерлік. Осыған қарап-ақ қазақ тілінің мәртебесін көрсек болады. 2021 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткішке назар салар болсақ, Алматы қаласындағы мектептер саны –


291 құрапты. Оның 209-ы мемлекеттік мектептер. Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын – 79, аралас мектептер саны – 73. Орыс тілінде білім беретіні – 57 мектеп. Қазақстан – 2050 стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауға үңілер болсақ, 2025 жылға қарай еліміздің 95% қазақ тілін білуге тиіс деген мақсат қойылғанын көреміз. Осы орайда қазақ тілін оқытуға басымдық беру керектігін көруімізге болады. Басымдық беріліп те жатыр. Жаңартылған оқу бағдарламасында орыс тілді мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні кіріктірілген пән ретінде оқытылады. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін кіріктіріп оқытудың мақсаты – оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге және сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру болып табылады. Оқушылар әңгіме, поэзия, драма, сондай-ақ, ғы- лыми және бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын сын тұрғысынан оқи отырып, өз түсініктерін дамытады. Оқу арқылы танымдық дағдыларын арттыра отырып, білім әлеміне жол ашады дедік. 2022-2023 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бастауыш сыныптарда аптасына 2-3 сағат болса, орта және жоғарғы буындарда аптасына 4 сағат болып бекітілгенін көруге болады. Соның өзінде орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мазмұ- нына қарай, тақырыптардың дұрыс таңдалмауына, күнделікті тұрмыс-тіршілікке қажетті са- бақтардың оқытылмауына байланысты сапасы өте нашар екені жұртшылыққа кеңінен бел- гілі. Аптаның төрт күнінде қазақ тілі мен әдебиетіне сусындайтын өзге ұлт өкілдерінің ана тілімізді білмейтініне қайран қалмастан басқа шара жоқ. Он бір жыл мектеп қабырғасында оқып, қазақ тілінде сөйлей алмайтын оқушылар баршылық. Бұған кімді кінәлі қыламыз? Жыл сайын ауысатын Еуропалық стандартқа сай жасалған оқу бағдарламасын ба, әлде сабақты өз деңгейінде өткізе алмайтын әлі де болса дәстүрлі сабақ беруден алшақтай алмай жүрген мұғалімді ме, әлде оқуға құлшынысы жоқ білім алушыларды ма, әлде еліміздегі менмін деген ғалымдар жазған оқулықтарды ма? Тізбектеп кете берсек, кінәліні табу қиынға соғары анық. Сол себептен оқыту жайына зер салып көрелік.
Қазақ тілін оқыту қиын әрі қызықты іс. Орыс тілді аудиторияда оқытылатын қазақ тілі пәнінің мақсаты – білім алушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдетғұрпын, тарихын таныстыру, Отанды сүюге, тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Білім алушы қазақ тілін оқу барысында мұғалімнің қойған сұрақтарын түсініп, оған жауап беруге, үйренген сөздерін дұрыс айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құруға үйрету болып табылады. Орыс аудиторияда қазақ тілі мен әдебиетін үйрету қазіргі таңда басты мәселе болып отыр. Пәнді оқу барысындағы оқушыларға қойылатын талаптар:

  • мемлекеттік тілде шебер сөйлеуге дағдылану;

  • алған білімі мен білік-дағдыларын, қазақ тіліндегі сөздік қорын, дамытып отыруы;

  • берілген тапсырмаларды мемлекеттік тілде көркем жеткізе білу;

  • мемлекеттік тілде өзіндік көзқарасын таныта білу, оны дәлелдеп, қорғай білуі т.б. Осы сынды талаптар қалай орындалып жатыр? Кіріктіріле оқытылған қазақ тілі мен әдебиетінің жеңісі мен пәннің ұтымды тұстары қалай көрініс тапты? Осыған көңіл бөлгеніміз дұрыс сияқты. Қазақ тілінің өзіндік ережелері бар, дұрыс жазуға, сөйлеуге, өз ойын жеткізуге үй- рету деген сықылды. Ал енді оған келіп әдебиетті тықпалау көпшіліктің наразылығын тудыр- ғаны рас. Әдебиет – бөлек әлем. Демек бөлек оқытылуы керек дегендер көп. Осы орайда ойға келетін сауал – қазақ тілін жаңадан оқып жүрген білім алушы қазақ әдебиетінің қыр-сырына үңіліп, жан-тәнімен түсінуі мүмкін бе? Әрине жоқ. Өзі тілді ежіктеп білетін бала әдебиетке шорқақтау болатыны табиғи құбылыс. Бұған түсіністікпен қарамаққа керекпіз. Қазақ мектептерінде оқитын оқушылардың өзі қазақ әдебиетінің жілігін шағып, майын ішіп отырғаны шамалы. Өйткені білімге деген көзқарас, мектептерде қазақ тілін оқытуға деген көзқарас өзгермеген. Кел, оқы, айт. Қалай келмек керек? Қалай оқымақ керек? Не айтпақ керек? Бәрі тырнақшаның ішінде қалып қойып жатқан сықылды. Сол сияқты орыс мек- тептерінде оқытылатын қазақ тілі мен әдебиеті пәні қарым-қатынас тәсілі ретінде оқытыл- майды, баланың жасына, тілді қаншалықты меңгергеніне қарай оқушы қабылдай алатын

деңгейде оқытылмайды. Қазақ тілін оқыту өте қиын. Тіпті 4-сыныпқа дейін, кем дегенде, күнделікті сөздер, грамматика баршылық, бала оны оңай ұғады. Бастауыштан орта буынға өткенде есте сақтау және үйрену оңай емес өте ауыр сөздер басталады. Орыс тіліне аудар- ғанның өзінде белгілі бір сөзді сөйлемде қайда және қалай қолдану керектігін түсінбейтініміз тағы бар. Мысалы ретінде 5-сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті пәнін алып қарайық.

Мына бір берілген сақтар туралы мәтіндегі, қазақ тілінің өзінде архаизмге айналған қол- басшы, патша, абыз, сауыт және т.б. сөздердің 5-сыныптағы қазақ тілін жаңадан меңгеріп жүрген оқушысына қажеттілігі шамалы және де қиындық тудырары сөзсіз. Тарихты үйрет- кен дұрыс. Бірақ үйретерде оқушының сөздік қорын, деңгейін меңгерген дұрыс сықылды. Тақырыптар қиындық деңгейіне қарай жіктелмеген тәрізід. Бұл жай ғана бір мысал. Осылайша жаңадан тілді үйреніп жүрген адамның оқып-білуге деген құштарлығын сөндіріп алмаймыз ба? Балалар мен ата-аналардың пәнге деген көзқарасы бастапқыда жақсы. Тіл үй- ренгісі келеді, оған ақылмен, сүйіспеншілікпен келеді. Не дегенмен де бұл – еліміздің мемлекеттік тілі. Бірақ күн өткен сайын, жыл өткен сайын заман талабы қазақ тілін білуге


деген артып келеді. Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілін жетік меңгермеген оқушылардың санына қарасақ, мәселенің оқыту әдістемесінде, оқулықтарда, жүйеде екенін аңғарамыз. Заманауи тәсілдерді байланыстыруға, тың идеяларды ұсынуға болады. Күнделікті өмірде қолданатын жеңіл тақырыптарды, жеңіл лексиканы алсақ, өмірде кездесетін жағдай- ларға туырласақ. Адамдар қарапайым деңгейде сөйлесе бастайтындай етіп, алдымен мұны үйретіп, содан кейін ғана оны күрделендірсек дұрыс болатын тәрізді. Мектеп бағдарламасы балалар мен ересектер үшін біршама күрделі, сондықтан оны өзгерту және жеңілдету қажет. Заманауи тәсілдерден, идеялардан және осыған ұқсас нәрселерден бас тартудың қажеті жоқ. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады. Сабақтың нәтижелі болуы мұғалімнің ізденісіне және ұтқырлығына байланысты. Жүсіпбек Аймауытовша айтсақ: Сабақ беру жай ғана үйреншікті нәрсе емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер. Замануи


сабақ қалай болу керек, қай жағына баса назар аудару керек, сабақтың сәтті өтуін қалай қамтамасыз етуге болады және сол сияқты сауалдар кімді де болса толғандырары сөзсіз. Сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушының болуы. М. Беляев, С. Рубинштейн сынды ғалымдар: «Қызығу әр қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым, адамның белгілі бір объектіні ұнатып, білуге ұмтылған іс- әрекетіне қуаттандыратын психикалық ерекшелік» деген пікір айтады. Қызығу адамды жаңа- ны білуге, әрекеттің жаңа әдістерін іздестіруге құмарландыратынын ескерсек, қызығушы- лықты ояту жайын да айтпақ керекпіз. Сабақты жақсы, жоғары деңгейде өткізудегі мақсат – білім алушылардың қызығушылығын арттырып, заман талабына сай білім беру. Сабақ қызықты болса, оқушының сол пәнге деген қызығушылығы артып қана қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен жол табады. Сабақтың сәтті өтуі біріншіден, мұғалімнің біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты болса, екіншіден, сабақ материалына тікелей байланысты. Сабақта ішпыстырарлық сабақтан ада болып, алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелер мен жаңа технологияларды пайдаланған жөн. Тіл дамыту жұмыстарында жаңа әдістердің берері көп. Демек, білім алушылардың тілін дамыту жұмысы – ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз. Өйткені, білім алушы қай пәнде оқып үйренсе де, ол өзінің істеген жұмысын, көрген-білгені туралы күнбе-күн сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады. Сондықтан, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстары білім алушылардың жалпы ойын дамытуға бағытталады. Яғни, олардың тілін дамыту мәселесі ойлау қабілетімен байланыстырыла, сондай-ақ ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады.
Тіл дамыту жұмысы төрт бағытта жүргізіледі:

  1. мәдени және әдеби сөйлеу білу (орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, білім алушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру);

  2. лексикалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту;

  3. жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем құрап үйрету;

  4. білім алушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету;

Тіл дамыту – қазіргі мектептің оқу тәрбие ісіндегі басты мәселе – тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, тіл мәдениетін арттыру мен дамыту, сапалы білім беру – қазіргі кезде мектеп мұғалім- дерінің, тіл мамандарының алдында тұрған басты міндет. Қазіргі заман талабына сай білім беру үрдісі білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай отырып, тұлғаны жан-жақты дамытуға, шығармашылықпен айналыстыруға жол ашып отыр. Алайда, осы іс-шаралардың барлығы мұғалімнің ұйымдастыруы мен шеберлігінің нәтижесінде іске асырылады. «Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңында» «Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалып- тастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту» дейтін тұ- жырымдар бүгінгі білім берудің мақсаттары мен міндеттерін ғана емес, тіл дамытудағы өзек жарды мәселелерді де айқындайды. Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар сту- денттің ойлау қабілетіне,сондай-ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Білім алушының білімі ғана жетіліп қоймайды, қабілетінің, дарын көзінің ашылуына түрткі болады. Әр мұғалім тіл ұстарту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп,дұрыс ұйымдастыра білсе, ол білім алушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды. Тек тео- риялық түрде берілген білім еш кетері анық. Сол себептен де практиканы ұмытпаған жөн болар. Қазақ тілі сабағына келетін сыныптар оқу стандарты бойынша 24 оқушыға толмаса, екі топқа бөліп оқытылмайды. Сонда бір сыныпта 24 оқушы болса, ол сынып топқа бөлін- бейді екен. 24-тен асса ғана топқа бөлініп оқытыла бастайды. Бұл талапты да қайта қарауға болатын сияқты. Оқушылардың 24-ке жеткенін күтіп отырмай, екі топқа, болмаса үш топқа бөліп оқыту керек. Сонда, бәлкім, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен нәтиже шығып қалуы
мүмкін. Сыныпта отырған 24 оқушы 45 минуттық сабақ ішінде тілді қалай үйреніп шығады? Біз осы жерден биылғы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің сағат сандарының қысқартылғанының да бір зиянын көріп отырмыз. Сағат қысқарған сайын, мұғалімдер өздерінің діттеген мақ- саттарына жете алмайды. Осыдан кейін пән сағатының қысқартылуын тілге жасалған тіке- лей қиянат десек болады. Бұл пәнді оқытуда талап әлсіз. Ойлана қарасақ, қазақ тілі мен әде- биеті пәні ҰБТ кезінде негізгі пәннің біріне айналуы тиіс сияқты. Мемлекеттік тілді біл- меген, мемлекеттік тілде сөйлей алмаған оқушы қалайша «Алтын белгі» иегері болуына жол береміз? Мектепке, жоғары оқу орнына, мемлекеттік және т.б. қызметтерге қабылдау жүргізілгенде, қазақ тілін білу ең бірінші кезекте талап етілуі тиіс. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік тіл қажеттілікке айналуы керек. Сонда ғана қазақ тілі пәнін оқыту нәтижелі бол- мақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет