Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары


ТӘУЕЛСІЗ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ



бет83/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   162
Байланысты:
annotation214581

ТӘУЕЛСІЗ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ




Байтанова Асем Каныбековна,


Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия. Алматы қаласы

Сымылтырова Гаухар Адамбековна,


Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия. Алматы қаласы

Мемлекетіміздің білім беру стратегиясының мақсаты – дайын берілген білімді жүйелі түрде меңгеру және қажетті дағдыларды меңгеру ғана емес, көкейтесті мәселені анықтай алатын, ұшқыр, ізденімпаздық іс-әрекеті қалыптасқан, және өзгермелі өмірде қолдана біле- тін, өзіне баға бере алатын тұлға тәрбиелеу деп көрсетілген.


Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұс- қаулықта: бағалау жүйесінің терминдері мен анықтамалары, үйлестірушілерге көмек ретінде білім алушылардың оқу жетістігін қалыптастырушы және жиынтық бағалау үдерісін басқару, ұйымдастыру, жоспарлауға қатысты тәжірибелік ұсыныстар берілген [1].
Қазіргі жаһандану кезеңінде оқушыларды әлеуметтендіру мәселесі, қарапайым өмірде өз тәжірибелерінде басқалармен ынтымақтастықта қарым-қатынас жасай отырып, өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмектесуі керек.
Ата-аналар баласының біліміне сенімді болуы керек, біз осы бағытта көп жұмыс жасауы- мыз қажет. Білім беру сапасын сырттай тәуелсіз бағалау жүйесі аса қажет [2].
Бағалау дербестігінің критериалды жүйесінің генезисі туралы сөз қозғағанда «Критериал- ды бағалау» терминімен байланыстыра қарастырамыз. Роберт Юджин Глейзер бұл терминді оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және әлеуетті деңгейлері арасындағы сәй- кестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдеріс дей келе, басқа оқушылардың жетістіктерін
салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады, – деген қорытынды [3]. Осыдан келетін қоры- тынды Роберт Юджин Глейзер «критериалды бағалау» терминін оқушылардың оқу жетіс- тігін бағалау мақсатында қолданғанын байқауға болады.
Harlen мен Sadler бойынша, бағалау – бұл оқушылардың үлгерімі мен оқу үдерісіндегі қазіргі үлгерімді бағалау үдерісі болып табылады [4]. Ғалымдардың пікірлерін тұжырымдай келе, қазіргі таңда бағалау оқушылардың материалды түсінуін және алған білімдерін пайда- лану қабілетін бағалауды мақсат ететін оқытудың негізгі аспектілерінің бірі, – деп қоры- тындылаймыз.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы оқушыларының оқу жетіс- тіктерін критериалды бағалаудың Ережелерінде: критериалды бағалау – бұл үдеріс, берілген жүйе бойынша оқушының оқу жетістігін алдын-ала барлық қатысушыларға белгілі (оқу- шыларға, мектеп әкімшілігіне, ата-анасына және заң өкілдеріне) нақты анықталған, ұжым- дасып жасалған критерийлермен салыстыруға негізделген. Бұл бағалау жүйесі ең алғаш оқушыларды жақсы оқуға жетелеп, оның өсу қарқыны мен біліміндегі ақауларды анықтауға бағытталғаy, – деген анықтама берілген [5]. Критериалды бағалау оқушылардың күнделікті білімін өз бетімен меңгеруге деген қызығушылығын арттыра отырып ары қарай дамытып, қажетті ақпаратты ізденіп, берілген критерийлер бойынша тапсырмаларды орындауының деңгейінің нәтижесі бағалануы тиіс, – деп санаймыз.
Бағалау – оқу үдерісі мен нәтижелерін жүйелі түрде және сыни талдау, соның негізінде ағымдағы және кейінгі оқу үдерісіне қатысты тұжырым жасап, шешім және немесе ұсыным шығаруға бағытталған қызмет.
Критериалды бағалау – қалыптастырушы бағалау жүйесінің жалпы ұстанымы. Критерий – (грек. krition-пайымдау құралы) – бағалау жүргізілетін белгі, тексеру құралы, бағалау өл- шемі. Критериалды бағалау кезінде бағалау критерийлері барлығына (бірінші кезекте оқу- шылар мен мұғалімдерге) ашық және түсінікті, операция жасалған, яғни жетістіктердің көр- сеткіштері (индикаторлары) анықталған. Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістік- терін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін нақты анықталған критерий- лермен салыстыруға негізделген, оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптасты- руға ықпал етеді.
Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұ- нына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу – жиынтық және қалыптастырушы, – деген анықтама берілген [6]. Бұл анықтамадан келесідей тұжырым жасаймыз - қазіргі таңда білім беру үдерісінде критериалды бағалаудың мазмұны аталған екі бағалау түрлері, яғни қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен жүзеге асырылады.
Критериалды жүйе негізінде бастауыш сынып оқушыларының бағалау дербестігін қалып- тастырудың бастапқы кезеңінің диагностикасындай төмендегідей көрсетеміз.
Зерттеу жүргізу барысында жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сыныбында оқытылатын дүниетану, жаратылыстану пәндерін алып отырмыз. Анықтау экспериментінде оқу мотивациясының бағытын диагностикалау әдістемесін (Т.Д.Дубовицкая бойынша) пай- даландық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет