Атты І халықаралық конференция ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет110/326
Дата07.01.2022
өлшемі8,57 Mb.
#19269
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   326
Байланысты:
Болатбек М. (1)

 
 
Ж.А.ЖАҚЫПОВ 
 
 
Л.Н.Гумилев атындығы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан 
 
 
ҚАЗАҚ ЖАЗУЫН ЛАТЫНДАНДЫРУДЫҢ 
ФЕНОМЕНОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ 
 
Латын  таңбалы  қазақ  әліпбиіне  байланысты  нұсқаларды  көктей  шолғанда  оларға  ортақ 
жалпы сипаттарды былайша топтауға болатын сияқты: 
біріншісі  -  бұрынғы  41  кирилдік  әріпке  латынша  таңба  қою  (бүйткенше,  бұрынғы  орыс 
қарпінде қала берген артық);  
екіншісі  –  өткен  ғасырдың  30-жылдарында  қазақ  тілінде  қолданылған  латын  әліпбиін 
жаңғырту (ол әліпби көпшіліктің келісімімен енбегенін айтсақ та жетер); 
үшіншісі - орыс сөздерімен келетін дыбыстардың таңбасын алып тастап, кирилл сипатын 
қолдану (бұл механикалық әрекет, ұлт рухы ескерілмеген); 


112 
 
төртіншісі  –  жат  тілге  тән  дыбыстарды  сақтау  (бұл  –  қазақ  тілін  жат  тілдің  қысымына 
салу); 
бесіншісі  –  қазақ  дыбысталымын  негізге  ала  отырып  жат  тіл  дыбыстарына  басқаша 
дыбыстық тіркесімдер, таңбаларды қосымшалау (мұндайда жат тілдік сөздер сол қалпымен 
өзгермей енеді де, қазақ тілінің дыбысталымдық мәні, үндесімі бұзылады. Жат тілден келген 
сөзге  әлдебір  аса  мәртебелі,  киелі  сөздей  қарайды  жалпыш  қазағымыз.  Қазір  университетті 
«үніберсійтет»  деп  айтып  жазып  көр,  сенен  асқан  надан  адам  болмай  шығады,  вагонды 
«бәгөн» деп көр, ешкімнің мінбей қоюы мүмкін!). 
Көріп  отырғанымыздай,  бұларда  кемелдік  болмай  тұр.  Қалай  десек  те,  отарлық  сананың 
санамызды  таптап  тастағаны  сондай,  ғалымдар  біле  тұра  қазақ  тілінің  асыл  нұсқасын 
қалпына  келтіруге  дәрменсіз  болып  тұр.  Ал,  әсіресе,  совет  дәуірінде  қазақ  тілінің 
дыбысталым, айтылым, жазылым заңдылықтары әбден бұзылып «қыр құлақ» болып тұрғаны 
мынау! Осы тұста ана тіліміз қазақ тілінің әзелден Алла Тағала тағайынаған дүниетанымдық, 
ұлттың рухи әлемінің ұстыны екендігі туралы ғылыми, тарихи шегініс жасап кеткен артық 
болмас. 
Қазақ  тілінде  сөздің  дыбысталуында  терең  этногенезистік,  рухани  танымдық  негіз  бар. 
Бізде  сөздің  дыбыстық  құрамы  «ерлік  (немесе  аталық)»  және  «әйелдік  (немес  аналық)» 
негізден  тұрады.  «Ерлік»  негіз  дауысты  дыбыстар  болса,  «әйелдік»  негіз  -  дауыссыз 
дыбыстар.  Екеуі  қосылғанда  әріптік  дыбыстардың  таңбасы  жасалып  қана  қоймайды,  «рух, 
жан»  бітеді.  Қазақ  тілінің  үндестік  заңында  осындай  Ғаламдық  Гармония  (Жарасым, 
Үйлестік)  бар.  Оқығандар  біледі,  батыстық,  орыстық  философия  бойынша  қарама-
қарсылықтар қайшылықта болып, солардың күресі арқылы әлем дамиды, ал қазақта қарама-
қарсылықтар  үйлесім  жасайды.  Біздің  Әлеміміз  басқа  ғой,  басқа!  Бұл  Үйлесім  сонау  көне 
түркі  бітігінде  орнаған  еді.  Айрылып  қалдық!  Қазақ  соны  қайта  қалпына  келтірсе,  түркі 
әлемінің нағыз рухани көшбасшысы болар еді, рухани әлеміміз де ретке келер еді. Амал жоқ! 
Мұны айтсаң, қазіргі қоғам динозаврды қайта тірілтейік деген сөзбен бірдей көреді.  
Бұл  мәселені  тереңдей  зерттесе,  талай  сыр  ашылатын  сияқты.  Оның  үстіне,  батыстық 
сананы  зерттеушілер  әріпте  Құдайдан  түскен  сыр  бар  екеніне  әбден  сендіреді.  Олардың 
айтуынша,  латын  әрпін  Құдай  католиктерге  жолдаған,  кирилл  әрпін православтарға  тиесілі 
еткен.  
Осы  сияқты  терең  рухани-танымдық  негізді  жоғалтпау  үшін,  сақтау  үшін  біз  тілімізді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет