Атты І халықаралық конференция ЕҢбектері


 Қазақ күрделі сөздерінің түсінігі



Pdf көрінісі
бет252/326
Дата07.01.2022
өлшемі8,57 Mb.
#19269
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   326
Байланысты:
Болатбек М. (1)

 
1 Қазақ күрделі сөздерінің түсінігі 
Қазақ тілі сондай-ақ басқа түркі  тілдерінде күрделі  сөз мәселесі  Қазан төңкерісіне дейін 
арнаулы  зерттеудің  объектісіне  айнала  қоймаған  еді.  Түркі  тілдерінің  грамматикалық 
құрылысын  зерттеген  ғалымдардың  еңбектерінде  ол  туралы  азды-көпті  мағлұмат  беріліп 
келді.  Соның  өзінде  күрделі  сөз  лексикалық  емес,  негізінен,  тілдің  грамматикалық 
құрылысы, оның ішінде сөз табы категориясына қатысты жағынан қарастырылатын.  
Ал қазақ тілі мамандарынан бұл мәселені алғаш сөз еткен профессор Қ.Жұбанов. Ол кісі 
1930  жылдардың  өзінде-ақ  күрделі  сөздер  қанша  сөзден  біріксе,  кіріксе  де  тұтас  бір  ғана 
мағынаны білдіреді, бір ғана заттың атауы болады, сөйлемде де сол жұбын жазбай, бір ғана 
мүше  болады,  кейбіреулерінің  құрамындағы  сыңарларының  дыбыстық  өзгеріске  түсуінен 
сыртқы  түр-тұрпаты  басқаша  болып  қалыптасады,  бір  ғана  екпінді  иеленеді  деп  дұрыс 
тұжырымдайды.  
Профессор Н.Т.Сауранбаев  қазақ тіліндегі йзафеттік топтың түрлеріне тоқталған жерінде 
бірінші  топтың өзгешелігі  – синтаксистік шеңберден шығып, морфология, оның ішінде сөз 


253 
 
тудыру  жүйесіне  айналған  тәсіл  екенін көрсете  келіп,  йзафеттің  бұл  түрі  қазір  де  тұтас  бір 
атау (лексема) болып ұғынылатынын айтады.  
Біріккен сөзге арнайы еңбек жазған А.Ермеков біріккен сөздердің сыртқы түр-тұрпаттық 
белгілі  қасиеттеріне,  біріншіден,  тұтас  тұлғалануын,  екіншіден,  сөйлемнің  бір  ғана 
мүшесінің  қызметін  атқаруын,  үшіншіден,  белгілі  сөз  табының  құрамына  кіруін, 
төртіншіден,  бірұдайы  интонациямен  айтылуын,  бесіншіден,  кейбір  компоненттерінің 
бүтіндей,  ия  жартылай  дербес  мағынасынан  айрылуын,  алтыншыдан,  бірге  жазылуын, 
жетіншіден, сөздікте түтін бір сөз ретінде берілуін жатқызады.  
Қазақ тіліндегі біріккен сөзбен шұғылданған екінші бір тіл маманы Г.Жәркешова біріккен 
сөздердің ерекшеліктері дегенге мағына тұтастығын, сөйлемге дербес бір ғана мүше болуын, 
компоненттерінің қалыптасыуына дыбыс үндесу заңы қатысуын жатқызады.  
Профессор А.Ысқақов  соңғы кезде шыққан еңбектерінде күрделі  сөздердің аса маңызды 
мәселелерін  қамтып,  дұрыс  тұжырымдар  жасады,  бірқатар  өзекті  мәселелерді  алға  қойды. 
Күрделі сөздердің әлі де анықталмаған, айқындалмаған мәселелері көп екенін айта отырып, 
мәселелердің  негізгі  түйіндері  біріккен  сөздер  мен  фразалық  тіркестердің,  біріккен  сөздер 
мен  идиомалық  тіркестердің,  біріккен  сөздер  мен  күрделі  атау  сөздердің,  фразалық  тіркес 
пен идиомалық тіркестің араларын ашу, олардың ара қатынастарын анықтау мәселелерімен 
байланысып жатқанын көрсетеді.  
Профессор  Қ.Аханов  «Грамматика  теориясының  негіздері»  деген  еңбегінде  сөзге,  соның 
ішінде күрделі сөзге де тән және оны сөз тіркесінен ажырататын жалпылама белгілер делініп 
семантикалық тұтастық, морфологиялық тұтастық, синтаксистік тұтастық белгілері айтылып 
жүр дей келіп, күрделі сөздердің сөз тіркесінен айырмашылығын осы тұрғыдан сөз етеді. 
Басқа түркі тілдері сияқты, қазақ тілінде де күрделі сөздерді компоненттерінің бір-бірімен 
байланысу  тәсілі  тұрғысынан  әдетте  екіге  бөледі.  Құрамындағы  сыңарлары  сабақтаса 
байланысып  құрылғандарын  біріккен  сөзге,  ал  салаласа  байланысып  құрылғандарын  қос 
сөздерге жатқызады.  
Күрделі  сөздердің  арғы  тегі,  негізінен,  сөз тіркесі;  некен-саяқ  болмаса,  көпшілік  күрделі 
сөздерге негіз болған сөз тіркесін тауып, оны түсіндіруге болады.  
Нағыз  күрделі  сөздің  үлгісіне  –  бүгін,  биыл,  сексен,  сарала,  жарымжан,  көк  ала,  жақсы 
көру, еңбек ету, шығарып салу т.б. тәрізді сөздер жатады.  
Жалаң сөздер сияқты да сыртқы пішін, ішкі мән-мағына, яғни бірден көзге түсіп, көңілге 
қонатын  құрылым  болады.  Ол  оны  құрастырушы  компоненттердің  тұлғалық,  мағыналық 
бірлігінен тұрады.  
Тарихи  тұрғыдан  алып  қарағанда  күрделі  сөздердің  арғы  тегі,  негізінен,  сөздердің  еркін 
тіркесі  болады  дедік.  Осы  грамматикалық  категорияға  жататын  күрделі  сөздердің  пайда 
болуы,  әрине  кездейсоқ,  өзінен-өзі  бола  қалатын  жай  емес;  күрделі  және  белгілі  бір 
заңдылықтарға  негізделетін,  соның  нәтижесінде  пайда  болатын  құбылыс  болмақ.  Ондай 
заңдылықтардың  бірі  тілдік  дыбыс  жүйесі,  екіншісі  лексикасы,  үшіншісі  грамматикасына 
келіп саяды.  
Күрледі  сөз  деп  екі  я  одан  да  артық  сөз  тізбегінен  құралып,  лексика,  лексикалық-
грамматикалық  мағыналары  мен  тұлға,  сөйлемдегі  қызметі  жағынан  бөлшектенбей, 
тұтасымен белгілі бір ұғымның атауы ретінде жұмсалатын сөздерді айтамыз [3].  
Күрделі  сөздер  екі  не  одан  да  көп  сыңарлардан  жасалады.  Сондықтан  күрделі  сөздердің 
негізгі  белгісінің  біріне  оның  күрделі  құрылымы  жатады,  сол  арқылы  ол  дара  сөздерден 
ерекшеленеді. Мысалы, ата-ана, елтаңба, елбасы, таң намаз, шұбар ала, ой-пікір, тоқсан жеті, 
теміржол, күні бүгін, майшабақ т.б [2].  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет