76
сөздерді жазатын кезде бұған келісуге мүмкіншілік болмайды. Мәселен,
«университет, уран,
ультра, утопия» т.с.с. сөздерді алайық. Бұл сөздерді қазақ тілі үндестігіне сәйкес етіп
«үніберсітет, ұран, үлтіре, ыутопійә» деп жаз немесе айт деп кәзіргі таңда ешкімді көндіре
алмаймыз. Осы тәрізді сөздер тілімізді байытады, оларды тіпті қазақ тіліне аудара да
алмаймыз, оның қажеті де жоқ. Бұл сөздер әлдеқашан қазақша болып кеткен. Енді осы
сөздерді
«w» әріпі ақылы жазсақ (мәселен, «
wniversitet, wran, wltra»), онда олар ерсі,
үйлесімсіз, әрі қисынсыз болатыны көрініп тұрады. Демек
«у» дыбысын ағылшынның өзіне
тән
«u» әріпімен белгілеу керек, яғни
Уу=Uu. Осы кезде жоғарыда келтірілген сөздер
жазылуы әлемде қабылданған жүйеге дәлме дәл болады.
Енді
«и,й» әріптеріне келейік. Бұл жерде де әртүрлі ұсыныстар бар. Әсіресе
«и» дыбысы,
бұл да
«у» дыбысы сияқты біресе дауысты, біресе дауыссыз. Кейбір авторлар бұл дыбысты
мүлдем алып тастайық деп ұсыныс береді. Сонда жоғарыда айтылғандай
«имам, импорт,
импульс, индекс, инерция, интеграл, ион, изотоп» сияқты қазақы болып кеткен сөздерді
қалай айтамыз және қалай жазамыз?
Ал кейбір авторлар
«и» дыбысын
«й», «і», «ы» әріптерінің комбинациясы арқылы
белгілеуді ұсынады. Сонда олар бұл дыбысты латын графикасында
«iy» түрінде
, ал кейбір
кезде
«уi» әріптерімен жазуды ұсынады. Бұндай ұсыныс жарамсыз. Себебі жазба тексте
ағылшындық
«i» және
«y» әріптері қаптап кетеді. Екінші жағынан кейбір сөздерді жазғанда
әріптер және буындар арасында көптеген үйлесімсіздектер пайда болып, оқырман шатасуға
душар болады. Сондықтан
«и» және
«й» әріптерінің екеуінде латынның
«i» әріпімен
белгілеуді ұсынамыз, демек
Ии(й)=Ii. Сонда жоғарыда айтылған және сол сияқты сөздер
ешқандай шатасымсыз әлемдік бейімге сәйкес дәлме дәл жазылады, мәселен
«import»,
немесе
«ion». Бұл жерде айта кететін тағы да бір жағдай - егер осы
«и» әріпі сөздің басында,
немесе дауыссыз дыбыстан кейін орналасса онда ол дауысты болады, ал егер дауысты
дыбыстан кейін келетін болса, онда ол дауыссыз болады.
Енді
«к» және
«қ» әріптерін қарастырайық. Кейбір авторлар
«к» әріпін латынның
«k»
әріпімен, ал
«қ» әріпін
«q» әріпімен белгілеуді ұсынады. Бұның бір ыңғайсыз жері
«Қазақстан» атауын
«Qazaqstan» деп жазсақ, онда бұл атау әлемде қабылданған жүйеге
сәйкес болмай оғаштау көрінеді. Сондықтан біз алғашқыда осы атауды әдеттегідей етіп
«Kazakstan» деп жазуды ұсындық. Демек,
Ққ=Kk, Кк=Qq.
Қазіргі таңда қазақ тілі заңдылықтарын зерттей отыра,
«Ққ» және
«Кк» әріптерін латын
графикасында
«Kk» әріпі арқылы белгілеуді ұсынамыз. Бұл жерде аздап түсінбеушілік
туындау мүмкін. Оны шешу үшін мынадай ереже ұсынамыз:
- Егер латынша жазылған
«Кк» әріпі қазақтың латын баламасында жазылған «
а, о, ы, ұ»
әріптерімен көрші орналасса,
онда ол «Ққ» әріпі
болып оқылсын, демек
«k(а, о, ы, ұ)= қ».
Достарыңызбен бөлісу: