Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет194/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   204
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-сурет.– Критериалды бағалаудың құрылымы 
Қалыптастырушы  бағалау  (formative)-сабақта  күнделікті  жүзеге  асатын,  білім  мен 
дағдыны  меңгеру  деңгейін  анықтайтын  бағалау.  Қалыптастырушы  бағалау  білім  беру 
процесінде  оқушы  мен  мұғалімнің  арасындағы  өзара  тығыз  байланысты  жүзеге  асырады. 
Сонымен  қатар,  оқушыларға  жаңа  материалды  меңгеруде  тапсырмаларды  қаншалықты 
дұрыс  орындағандығын  білуге  және  оқытудағы  мақсаттар  мен  міндеттерді  орындауға 
мүмкіндік  туғызады  (ауызша  сұрақ,  жазба,  практикалық  жұмыстар  т.б.)Қалыптастырушы 
бағалау  балл  және  баға  қоймай-ақ  білім  алушы  мен  мұғалімнің  арасындағы  үздіксіз  кері 
байланысты  қамтамасыз  етеді.  Қалыптастырушы  бағалау  кезінде  оқушылар  қате  жіберуі 
мүмкін  және  оны  түзетуге  құқылы.  Бұл  оқушылардың  мүмкіндіктерін  анықтауға, 
Критериалды бағалау 
Қалыптастырушы бағалау 
Балл және баға қоймай-ақ сабақта 
мұғаліммен үздіксіз жүргізіледі 
Жиынтық бағалау 
Қорытындылар бойынша балл және 
баға қойылады 
Бөлімге/өтпелі тақырыпқа 
жиынтық бағалау 
 Мұғалім баға қою арқылы әр 
тоқсанда 2-3 рет өткізеді 
Білім деңгейін жиынтық бағалау 
Негізгі және жалпы орта 
мектептен кейін сыртқы 
ұйыммен жүргізіледі 


344 
 
қиыншылықтарды  айқындауға,  жақсы  нәтижелерге  жетуге  көмектесуге,  оқу  процесін  дер 
кезінде түзетуге мүмкіндік береді[5, 21]. 
Жиынтық бағалау (summative)- өтілген кезең бойынша зерделенген материал мөлшерін 
анықтауға  қолданылады.  Жиынтық  бағалау  мұғалімдерге,оқушыларға  және  ата-аналарға 
бөлімдер/өтпелі  тақырыптар  және  белгілі  бір  оқу  мерзімінің(тоқсан,семестр,оқу  жылы) 
аяқталуы бойынша балл әрі баға қою арқылы оқушылардың ілгерілеушілігі туралы ақпарат 
беру  үшін  жүргізіледі.Бұл  белгілі  бір  кезеңдегі  оқу  бағдарламасы  мазмұнын  меңгеру 
деңгейін  анықтап  және  белгілеп  отыруға  мүмкіндік  береді.Бөлімге/өтпелі  тақырыпқа 
қойылатын  жиынтық  бағалау  процесі  нақты  бір  бөлім/өтпелі  тақырып  аяқталғаннан  кейін 
оқушылардың  жинақталған  білімдері  мен  дағдылары  деңгейін  анықтауға  мүмкіндік 
береді.Бұл  бағалау  түрінің  мақсаты,  бөлімнің/өтпелі  тақырыптың  тақырыптары  бойынша 
олқылықтарды  уақытында  анықтау  және  жою  болып  табылады.  Ал  тоқсандық  жиынтық 
бағалау  мен  білім  деңгейін  жиынтық  бағалау  оқу  бағдарламаларын  меңгеру  деңгейін 
анықтау үшін жүргізіледі[6, 27]. 
Қалыптастырушы  және  жиынтық  бағалаудың  нәтижелерін  мұғалімдер  оқу  процесін 
жоспарлау және өз оқыту тәжірибесін жақсарту үшін пайдаланады. 
Критериалды 
бағалау 
мұғалімдерге,оқушыларға 
және 
ата-аналарға 
әртүрлі 
мүмкіндіктер береді. 
Дәлірек айтып өтсек: 
Мұғалімдерге: 
1.Сапалы нәтижелер алуға ықпал ететін критерийлер әзірлеуге; 
2.Өзінің іс-әрекетін талдауға және жоспарлауға арналған жедел ақпаратының болуына; 
3.Сабақ беру сапасын жақсартуға; 
4.Оқыту сапасын жақсартуға; 
5.Әр  оқушының  жеке  қабілеттері  мен  ерекшеліктерін  ескере  отырып,әр  қайсысының 
жеке оқыту траекториясын құруға; 
6.Әр түрлі бағалау тәсілдері мен құралдарын қолдануға. 
Оқушыларға: 
1.Өзінің  түсінгенін  білдіру  үшін  түрлі  ойлау  әрекеттері  мен  қабілеттерін,  оқытудың 
алуан стилдерін пайдалануға; 
2.Өз  оқу  нәтижесін  болжау  мен  жетістігін  ұғыну  үшін  бағалау  критерийлерін  білуге 
және түсінуге; 
3.Өзін және өз құрдастарын бағалай отырып рефлексияға қатысуға; 
4.Нақты  міндеттерді  шешу  үшін  білімдерін  қолдануға,  түрлі  көзқарастарын  білдіріп, 
сыни тұрғыдан ойлауға. 
Ата-аналарға: 
1.Өз баласының оқығандық деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға; 
2.Баланы оқытудағы прогресті қадағалауға; 
3.Оқыту процесінде балаға қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге; 
4.Мұғалімдермен және мектеп әкімшілігімен кері байланыс орнатуға; 
5.Баланың  сыныпта  және  мектепте  жайлылығына  сенімді  әрі  жаны  тыныш  болуға 
(
http://edu.resurs.kz/
). 
Критериалды бағалаудың тиімділігіне  іс-тәжірибе барысында өзім көз жеткіздім. Мен 
2019 жылдың қыркүйек айында Көкшетау қаласының №6 орта мектеп-лицейінде бастауыш 
сыныпта  іс-тәжірибеден  өттім.  Процесс  барысында  жаңартылған  білім  беру  жүйесінде 
қолданылатын  критериалды  бағалаудың  тиімділігін,  жүргізудің  әдіс-тәсілдерін  тереңірек 
қарастырдым.  Қалыптастырушы  бағалауды  алудың  қызықты  әрі  тиімді  әдіс-тәсілдерін: 
«Температураны өлшеу», «Плюс-минус-қызықты», «Шапалақ» әдістерін және тағы басқа да 
тәсілдерді ұсына аламын.  
Критериалды  бағалау  бүгінгі  білім  беру  жүйесінде  зор  маңызға  ие.  Өйткені,  қазір 
оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның 
жеке  тұлғалық  қасиеттерін  дамыту,  қоршаған  ортамен  дұрыс  қарым-қатынас,  өзін-өзі 


345 
 
дамыту,  өзіндік  білімін  көтеру  сияқты  мақсаттар  қойылған.  Критериалды  бағалау  бұл 
мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1  Қазақстан Республикасында 12 жылдық орта білім беру тұжырымдамасы. – Астана, 2010.  – 27 бет 
2  «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ. Әдістемелік материалдар (
http://edu.resurs.kz/

3  Білім ғылыми-педагогикалық журнал №1(84) 2018., 15 –  30 бет. 
4  «Педагогикалық диалог» ақпараттық-әдістемелік журналы. «НЗМ» ДББҰ. №2(8). 2014, -6-10б. 
5  Бастауыш мектептің мұғаліміне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық, «НЗМ» ДББҰ. 
6  Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. 2012 жылғы 23 тамыздағы ҚР 
Үкіметінің №1080 Қаулысы. 
 
ӘОЖ 37.013:821.512.122 
ХАЙЫМХАН НАЗДАНА 
ЖОЛАМАНОВА ТОЙЫНДЫҚ МОЛДАҒАЛИҚЫЗЫ  
Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі  
Көкшетау, Қазақстан 
nazdana00@mail.ru 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет