тартылады.
- орыс тілі географиялық атауларындағы ь, ъ таңбалары түсіріліп жазылады, ал ь таңбасынан кейін дауысты е таңбасы келсе, е әрпінің алдынан и әрпі жазылатын болады.
Мысалы: Большое Пеньково - Bolshoe Penkovo; Ильмень – Ilmen; Коровье – Korovıe т.б.
Мұнда әліпбиіміздің мүмкіндігі ескерілген (жаңа әліпбиімізде ь, ъ таңбалары жоқ).
- орыс тілі географиялық атауларындағы -ск, -ский, -ская, -ское, -ка, -ий, -ая, -ое, -о жалғаулары сақталып жазылатын болады. Бұл орыс тілі сөзі орыс түрінде қалмақ.
- ірі әкімшілік-аумақтық бірліктер: облыс орталықтары, аудан, аудан орталықтары
атауларындағы -ск, -ский, -ское, -ка, -ое, -о қосымшалары қазақ тіліндегі нұсқасында кей
жағдайларда түсіріліп жазылмақ. Мысалы: Мамлют – Mamlıýt, Mamlıýtskıı емес; Таран – Taran, Taranovskıı емес; Лисаков – Lısakov, Lısakovsk емес; Степногор – Stepnogor, Stepnogorsk емес т.б. Алайда бұл пішіндес топонимдер антропоним болса, -ский жұрнағы сол
қалпымен алынады. Мысалы: Маяковский, Островский т.с.с. Бұл тармақта