Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


Тамдардан  көтерілген  жіңішке  түтін  шудадай  ширатылып



Pdf көрінісі
бет96/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   204
Тамдардан  көтерілген  жіңішке  түтін  шудадай  ширатылып,  көкке  сіңіп  жатыр 
(«Сарыжайлау»,  26  б).  Аққауданға  сары  түлкі  аунағандай,шырайлы  көріністер  кербездей 
көлеңдеп, бейнелі пішін мен көңілге құйылған шақ бақыттың белгісіндей (Сонда, 30б.). 
Ат  төбеліндей  әкім  ат  түгіндей  қалың  елді  тоз-тоз  қылды  деуге  сенгісі  келмейді 
(Сонда,  32б.).  Таң  көктемнің  таңындай  толық  сыпатты.  Күн  де  көктемнің  күніндей 
айдарланып, сансыз алтын найзасын шашағымен шашырата шықты. 
  Сауыры жалпиған шексіз даланың ішке бүккен бүйрегіндей дөңгеленген Қараойда, 
Махамбеттің жалғыз үй отырғанына үш айдың жүзі («Қараой», 36 б.). 


206 
 
  Автор табиғаттың әсем бір көрінісін беруде таңындай, күніндей, бүйрегіндей сияқты 
теңеулерді қолданады. Жаңа атып келе жатқан таң сұлулығы, шетсіз-шексіз кең даланың бір 
кішкентай бөлшегіндей Қара ойдың көрінісін осылайша береді. 
Махамбет  бүркіттей  түйіліп,  аспанға  қарайды  («Қараой»,  38  б.).  Жүйріктей 
жүйткіп,  жорғадай  тайпалатын  ырғақтардан  құралсын  («Сарыжайлау»,  41  б.). 
Қақпанға  түскен  көкжалдай  көзіне  қан  толған  Исатай  сол  күйінде  көрініс  берді 
(«Қараой», 52 б.). Бүркіттей деген теңеудің қолданылуы өте орынды. Бүркіт – көкке 
еркін  самғайтын  құс.  Ол  еркіндіктің  символы  тәріздес.  Өр  ақын  Махамбет  мінезіне 
бұл  теңеу  шебер  қиыстырылған.  Бүркіттің  биікке  самғайтыны  тәрізді  Махамбет  те 
биік мақсаттарды көздеуші. Өр Махамбет пен бүркіт ұқсас. 
Құлақ  құрышын  қандыратын  күй  құдыретін  жүйріккі,  жорғаға  теңеп  отыр.  Жүйрік, 
жорға – бәрі де қазақ танымына жақын атаулар. Қазақ таным-түсінігінде төрт түлік мал киелі 
екендігі  белгілі.  Жүйрік  ат,  жорға  ат  –  табаны  жерге  тимей  шабатын  жылқы  малының 
дүлдүлдері.  Сол  себептен  де  домбырадан  күйдің  толассыз  төгіліп,  шалқуын  осы  сөздерге 
теңеген.  
Көкжалдай теңеуін қолдану арқылы жазушы Исатайдың қаһарланып, ашуға булыққан 
кезін көрсетіп тұр. Яғни қақпанға түскен көкжалдың ашуы қандай болса, Исатай да сондай 
күйде. Көкжал – қасқырлар тобырын бастаушы, Исатай халықты бастаушы. Бұл екеуінің де 
күйзелісі бір. 
Солтүстіктен  күнгейге  қарай  көшкен  бұлт  көк  ала  шегірткедей  тұтаса  қаптап 
келеді («Күрең өзен», 64 б.). 
Бұл  арада  автор  торлаған  бұлтты  шегірткеге  теңеп  отыр.  Соның  нәтижесінде 
оқушысына  мазасыз,  табиғаттың  тынымсыз  құбылысы  көрініс  береді.    Шығармаларында-
дай,  -дей,  -тай,  -тей  жұрнағы  арқылы  жасалған  теңеулер  көптеп  кездеседі.  Жазушы 
әңгімесіндегі  теңеулер  қайталанып  келіп  қолданса  да,  өң-ажарынан,  қанық  бояуынан 
арылмай белгілі бір стильдік қызмет атқарып тұр. 
Теңеудің  стильдік  қызметі  әр  алуан.  Бір  ыңғайда,  негізінен,  аз  сөзге  көп  мағына 
сығузуды мақсат етсе,тағы бір жағдайда автордың астарлап сөйлеуіне мүмкіндік береді. Сол 
астарлап  сөйлеудің  өзі  жинақылықтың  арқасында  болып  отырады.  Күл  астында  көмулі 
жатқан қызыл шоқтай әсер етеді («Қараой», 52 б.).  Айталық, осындағы теңеу  шоқты әр 
мағынада жұмсауға болар еді. Әлбетте, ондай теңеу қызба, тызетпе мінезді беруге оңтайлы. 
Бұл жерде соның ыңғайы байқалады. Бірақ жанып жатқан шоқ емес, көмулі шоқты келтіріп 
отырғанын  ескерсек,  қулық,  жымысқылықәрекетайтылыпотырғаныбілініптұрады.  Демек, 
әркім  байқай  бермейтін  мағыналық  нәзіктікті  байқай  білуі-жазушының  тіл  шеберлігіне 
тікелей қатысты айтылуға тиіс нәрсе. 
«Қалың  орманның  ішінде,  қаракүңгірт  көлеңкеде,  тұмандағы  ақбоз  үйдей  ағараңдап 
тұрған ақ тас Бүркімбайдың жадында қалыпты» дейді автор бір жерде. Осындағы ақ тасты 
ақбоз  үйге  теңеу  бір  жағынан,  ол  екі  затттың  түстерінің  ұқсастығынан  болса,  екіншіден, 
кейіпкердің  жан  күйін  де  білдіреді.  Себебі  оны  жадында  сақтағанда,  тасты  жақсы  көріп, 
ұнатып сақтады, сондықтан жазушының айдаладағы тасты басқа бір дөңкиген елеусіз затпен 
теңестірмей, мәңгі баспана үймен теңестіруі орынды көрініп тұр. 
Сонымен  қатар,  жазушы  шығармаларындағы  кездесетін  теңеулерді  кейіпкер  бейнесін 
беру  ерекшелігіне  қарай,  суреттеу  қызметіне  қарай  екі  топқа  бөлеміз.  Олар:  көңіл-күйге, 
мінезге қатысты теңеулер деп бөлінеді. Мәселен,  
...тілім-тілім  болған  беттеріне  тұзы  жоқ  сары  май  жағып,  киіз  үй  ішінде  таң 
бозындай алагеуім сәуле шашып тұрған ошақ отына аяқ-қолын жылытып, қайнап жатқан 
қазанға  мең-зең  қарап,  белгісіз  бір  себеппен  жылап  отыратын  ауру  қатындар  елестейді 
(«Оралу», 71 б.).   
Аттырма  жүргізетін  Бағила  деген  келіншек  бетін  шиедей  етіп  тырнап 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет