Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет13/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   86
жемісі  ғой.  Адамға  өмірлік  серік  те,  шынайы  дос  та  үміт  қана. 
Адамның  ең  соңғы  демімен  үміт  бірге  үзіледі.  Өмір  мен  үміт  – 
сабақтас. Өмірден үмітін үзген сәтте – адам тірі өлік» (16 б.). «Ал үміт 
– сана сәулесі. Ол еш уақытта да жоғалмайды. Тар жол тайғақ, тастай 
түнек, түпсіз шыңырауға кездессең де  үміт сәулесі алдыңда» (16 б.). 
«Ең соңғы үміт жібінің үзілуінің азалап, Қарабала қосында екі тәулік 
жатты»  (36  б.).  «Жердің  шұрайы  емес  пе,  жарықтық  Нарын?!»       
(41  б.).  Бұндай  сипаттағы  метафорлардың  өз  орнымен  қолданылуы 
көркем  шығармаға  жатпайтын,  стилі  мемуарлық  сипатта  жазылған 
«Жайсаң жандар» шығармасының өзін құлпыртып жібереді.  Тағы да 
мысалдар  келтірелік:  «Әйел  көркі  –  бала  емес  пе?  Ата-ананың 
бақыты – бала» (45 б.). «Ел қайғысы – ер қайғысы ғой» (50 б.). «Он 
тоғыз бен отыз бір жастың арасы дегеніміз – халықтың гүлі, келешегі 
емес  пе?»  (50  б.).  «Өмір  дауылы  соққанда,  құм  бораны  ұмытылып 
кетті»  (50  б.).  «Қай  кезде  болса  да,  халықтың  қамқоршысындай  кәрі 


26 
 
аруақ  –  топта  сөйлер  шешені,  қолды  бастар  көсемі  еді  ол»  (52  б.). 
«Бүгінгі  өмір  –  өлім,  күдік  –  үміт,  қайғы  –қуаныш»  бір  адамның 
басында  аз  болған  жоқ»  (86  б.).  «Кешегі  жас  –  бүгін  ержеткен 
салиқалы жігітКешегі жігіт – бүгін шал» (221 б.). «Өмір – өнегелі 
ұстаз» (290 б.). Қ. Жұмалиев тіліндегі мұндай метафораларды тізуге 
жұмыстың көлемі көтермейді.  
Қ.  Жұмалиев  тілінде  С.  Мұқанов  тілімен  бір  ұқсастық  бар.  Ол 
ұқсастық  жазушының  мақал-мәтелдерді  молынан  қолданылуында 
жатса керек. Мысалы: «- Түсі игіден түңілме» деген емес пе, өзі жылы 
жүзді  адам  көрінеді  ғой»  (19  б.).  «Үміт  бар  да  қайғы  жоқ. 
«Қайғысызға  қара  су  да  ас»  (21  б.).  «Айуанда  бота  тату,  адамда 
құрдас тату» деген халық мақалы бұларға дәл келетін» (25 б.). «Есің 
барда  еліңді  тап»  деген,  балалар,  «күн  бүгін,  жыл  биыл  емес», 
қайтқанымыз  мақұл  болар  деп  отырмын»  (21  б.).  «Сонау  үш  жүз 
километр  жерден  Орынборға  жаяу  тартып,  талай-талай  жол  азабына 
мойымау да, өз жолдастарына жалғыз қалып, Сақмардың суын кешіп, 
ағаш тасуда бәрі де осы өршілдік, жақсылықты келешектен күту, «ер 
азығы  мен  бөрі  азығы  жолда»  дейтін  халық  мақалын  берік  ұстау 
болатын»  (37  б.).  «Жылы-жылы  сөйлесе,  жылан  інінен  шығады» 
дегендей,  жылы  сөздер  арқылы  жібітіп,  қалайда  болса  онымен  тіл 
қағысып,  не  қылған  бала  екенін  білгісі  келді»  (38  б.).  «Жұт  жеті 
ағайынды,  қолдаспен  сегіз»  дегендей,  1916  жыл  елді  ауыр  дерттей 
жайлаған, халықтың қабырғасын қаусатып, еңсесін түсірген жыл ғой» 
(42 б.). «- Телқара, жігітті тегімен сынама, ісімен сына! «Жақсыдан – 
жаман, жаманнан – жақсы да туатынын» тарих дәлелдеген жоқ па 
еді, кешегі бір күндерде» (43 б.). «Ат басына күн туып, ауыздығымен 
су  ішіп,  ер  басына  күн  туып,  етігімен  су  кешіп  тұрған  заманда» 
кімнің кім екенін танымасаң,  басқа түскен тұманан қалай жол тауып 
шықпақпыз»  (44  б.).  «Халық  ұйғарса,  хан  түйесін  сояды»  деген»     
(48  б.).  «Болғанға  берік  бол»  деген  сөз  есіне  түсіп,  дұшпанына  бел 
бермеді»  (57  б.).  «Ер  бір-ақ  өледі,  ез  күнде  өледі»  деген»  (69  б.). 
«Бірақ  ер  жігітттің  екі  айтқаны  –  өлгені,  еменнің  иілгені  – 
сынғаны»  (287  б.).  «Доссыз  ауыз  тұшымас»  деп  ұлы  ақын  жай 
айтпаған ғой» (291 б.). «Жарлылық деген жақсы екен, жатып ішер ас 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет