Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет18/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86
ҚАЖЫМТАНУДАҒЫ ІЗДЕНІСТЕР 
Мамыров А.И. 
филология ғылымдарының кандидаты
Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің 
доценті 
 
Мақалада  академик  Қажым  Жұмалыұлы  Жұмалиетің  өмірі  мен 
шығармашылығы  сөз  болатындықтан  ғылым  әдебін  сақтай  отырып, 
қажымтануда  кімдер  қандай  іс  тындырды  деген  мәселе  төңірегінде 
ақпарат  беріп  өтейін.  Қажым  Жұмалиевтің  әдеби,  ғылыми  мұрасы 
туралы  ғалымның  көзі  тірісінде  де,  1968  жылы  дүниеден  озғаннан 
кейін де газет-журнал беттерінде, кітаптарда мақалалар жарияланғаны 
белгілі. Мұның барлығы ғалымның шығармашылық қарымын, адами 
қадір-қасиетін  жан-жақты  ашып  көрсетудегі  игі  істер.  Бұл  ретте 
жекелеген  мақалалардан  басқа  нендей  еңбектер  бар  дейтін  болсақ, 
1968  жылы  Мұхаметжан  Қаратаев,  Сағынғали  Сейітов,  Зейнолла 
Қабдолов,  Хасен  Әдібаев  шығарған  «Қажым    Жұмалиев» 

1

  атты 
шағын  ұжымдық  жинақ  пен  1987  жылғы  Мекерия  Атымовтың 
«Қажым  Жұмалиев»  атты  монографиясын  атауға  болады 

2

.  Содан 
соң  1989  жылы  Руда  Зайкенованың  «Қ.  Жұмалиев  еңбектеріндегі 
әдебиеттану  ғылымының  өзекті  мәселелері»  деген  филология 
ғылымдарының  кандидаты  дәрежесін  алу  үшін  дайындаған 
диссертациялық жұмысы  бар 

3




34 
 
Алдыңғы  ұжымдық  жинақ  пен  монографиялық  еңбекте               
Қ.  Жұмалиевті  «жазушы»,  «ғалым»,  «ұстаз»  деп  үш  қырынан  алып 
қарастырады.  Жақсы  бастама,  қажымтанудың  әліппесі  дерлік,  бірақ 
жан-жақты ашылмаған. Мұны көлемі шағын еңбектен талап етудің өзі 
орынсыз.  Ал  Руда  Зайкенованың  диссертациялық  жұмысы  арнайы 
қажымтануды зерттеу нысаны етіп алған алғашқы еңбек болғанымен,  
өкініштісі, әдеби айналымда кітап болып жарияланбады. 
Ел  тәуелсіздігін  алғаннан  кейін  қажымтануда  айтылып  келген 
пайымдаулардың  дамуына  соны  қарқын  беріп,  ғылыми  еңбектердің 
жазылуына  тікелей  бағыт  берген  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық 
унверситетінің  профессоры,  филология  ғылымдарының  докторы 
Зинол-Ғабден  Қабиұлы  Бисенғали.  Мұны  ғалымның  жетекшілігімен 
2006  жылы  Ұлттық  университеттің  Қазақ  әдебиетінің  тарихы 
кафедрасында  Азамат  Мамыровтың  «Қажым  Жұмалиев  эпостық 
жанрдың  түрлерін  зерттеуші» 

4

  атты  филология  ғылымдарының 
кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  жазылған  диссертациялық 
жұмыстан көруімізге болады. 
Бұл  бағыттағы  іс  нәтижесіз  емес  те,  ғалымның  әр  жылдары 
жазылған  еңектері  өзі  дүниеден  озғаннан  кейін  тұңғыш  рет  көп 
томдық  болып  2010  жылы  «Ақ  Жайық  қаламгерлер  кітапханасы» 
сериясымен 7 том болып жарық көрсе 

5

, 2012 жылы «Қ.Жұмалиев – 
эпостық  жанрдың  түрлерін  зерттеуші» 

6

  атты  монография,  2015 
жылы  «Қажымтану»  пәні  бойынша  «Орал-Қазақстан»  облыстық 
телеарнасының  «Тарих  толқынында»  хабары  негізінде  түсірілген 
материалдар  бойынша  электронды  дәрістер  қоры  жинақталды,  2017 
жылы  «Академик  Қ.Жұмалиев  архивінен» 

7

  атты  оқу  құралы 
баспадан  шықты.  2018  жылы  Батыс  Қазақстан  облысы  әкімдігі  мен 
Орал  қаласындағы  Батыс  Қазақстан  инновациялық-технологиялық 
университеті  бірігіп  өткізген  «Қажым  оқулары  -  1:  Әлем  мәдениеті 
контексіндегі  білім  жүйесінде  жалпыадамгершілік  құндылықтарды 
қалыптастыру 
мәселелері» 
атты 
халықаралық 
конференция, 
университеттің  педагогика  факультетінде  салтанатты  түрде  арнайы 
ашылып  тұсауы  кесілген  «Академик  Қажым  Жұмалиев  атындағы 
ғылыми-зерттеу және қосымша білім беру» орталығы қажымтанудағы 
игі істер деп айта аламыз. 
Конференцияның  мақсаты  қара  ормандай  қазақ  әдебиетін 
зерттеп,  өткені  мен  бүгінін  жалғап,  ертеңіне  бағыт  берген  Қажым 
мектебінің ұрпақ сабақтастығындағы ұлттық руханияттың сарқылмас 
көзі  болып  қала  беретінін  таныту  болса,  орталықтың  мақсаты 
Қ.Жұмалиевтің есімі мен еңбегін мерейтойлар тұсында ғана атап өтіп 


35 
 
қоймай, оның ғылым жолында көрсеткен бағыт-бағдарларының аясын 
кеңейту, дәстүр сабақтастығын жалғастыру. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
мақаласында  «Әжептәуір  жаңғырған  қоғамның  өзінің  тамыры 
тарихының  тереңінен  бастау  алатын  рухани  коды  болады.  Жаңа 
тұрпатты  жаңғырудың  ең  басты  шарты  –сол  ұлттық  кодты  сақтай 
білу»,  -  деп  атап  көрсетті 

8

. Ұлттық  код  неге  сүйенеді  деген  сұрақ 
туындайды. Сөз жоқ ұлттық кодтың басты тірегі  тіл, әдебиет, тарих, 
ұлттық мәдениет, ата-баба дәстүрі. Қажымтануға арналған Ақ Жайық 
төріндегі  халықаралық  конференция  мен  мақалада  сөз  болған 
академик  Қажым  Жұмалиев  шығармашылығы  туралы  ойлар  да  сол 
рухани жаңғыруымыздың ажырамас бір бөлігі. 
Бар  саналы  ғұмырын  қазақ  ғылымының  өркендеуіне  арнаған 
академик  Қ.Жұмалиевтің  өмірі  мен  шығармашылығын  тану, 
насихаттау  Батыс  Қазақстан  облысында  соңғы  уақытта  жаңа  бір 
мазмұнға ие болды. 
2018  жылдың  20  қарашасында  Қажымтануға  арналған 
конференция  материалдарының  алғы  сөзінде  облыс  әкімі  Көлгінов 
Алтай Сейдірұлының «облысымыздағы білім, ғылыммен байланысты 
іс-шаралар  академик  Қажым  Жұмалиев  есімімен  байланыстырылып 
өткізілгені дұрыс» деуі бұл іске жаңа серпін береді деп ойлаймыз. 
Қажымтанудағы әңгімемізді шегініс әдісімен баяндайтын болсақ 
ол  15.01.1965  жылы  өз  қолымен  жазған  өмірбаян  дерегінде:  «Мен, 
Қажығали  Жұмалыұлы  Жұмалиев,  әдеби  лақап  атым  Қажым  1907 
жылы  желтоқсанның  жиырма  сегізінде  қазіргі  Аққозы  ауыл  Советі 
Жымпиты  ауданы  (бұрынғы  Қаратөбе)  Батыс  Қазақстан  облысы, 
«Жалғыз ағаш» деген жерде туыппын. Әкем Жұмалы Қазиев. Шешем 
Жауқасын  Мырзагелдіқызы.  Менің  әке-шешем  хат  танымайтын  жай 
шаруа  адамдар  болатын.  Жұмалыдан:  Ақмұқан,  Балмұқан, 
Қайырмұқан, Қажығали төрт ұл, Злиха, Қалау атты екі қыз. Екі үлкен 
ағамыз  мұсылманша  хат  білетін,  қисса,  жырларды  көп  оқитын 
адамдар  болатын  да,  үшіншісі  мүлде  оқымаған  шаруамен  ғана 
шұғылданатын  кісі  еді.  Әке-шешем  12  жасымда  1919  жылы  қайтыс 
болды  да,  мен  аға-жеңгелерімнің  қолында  тәрбиелендім.  Шешемнің 
сүт кенжесі болғандықтан мен жасымнан қаққы көрмей бұлалау өссем 
де,  оқуға,  өлеңге  әуестігім  ерекше  еді.  Тіпті,  хат  білмей  тұрып, 
ағаларымның оқыған жырларын тек тыңдау арқылы жатқа біліп, ауыл 
арасында айта беруші едім» дейді. 
Өскен  ортасы,  заман  шындығы  мен  дәуір  тынысы  аңғарылатын 
осы үзіндіден Қ.Жұмалиетің оқуға, өнерге деген құштарлығын оятқан 
туған  жердің  текті  топырағы  екендігін  көреміз.  Қажым  ағаның  өмір 


36 
 
мектебін  танимын  дегендерге  «Жайсаң  жаңдар»  атты  мемуарлық 
кітабын  оқып  шығуды  ұсынамыз.  Кітаптың  беташары  «Қайырымды 
адам»  әңгімесінде  ХХ  ғасырдың  20-жылдары  Қаратөбеден  алыстағы 
Орынборға оқу іздеп шыққан балаларды ойсылқара сары қоспағымен 
жеткізуші Сүлеймен Құдайбергенді автор аса құрметпен жазу сырын 
танытамыз. 
«Сүлекеннің  өзі  бір  алуан  адам.  Түйесі  мен  арбасы  қаншама 
сиқысыз  болса,  өзі  –  соншама  келбетті,  кербез  кісі.  Оның  паңдығы 
сонша,  шиқыл  арба,  жаман  түйемен  келе  жатып,  Сырдың  суы 
жұлығынан  келмейді.  Сүлекең  ескіше  оқыған  кісі.  Құранды 
тәпсірімен білуін, түркі тануын былай қойғанда, нахунның өзін шырқ 
айналдырғандардың  бірі.  Әкесі  Құдайберген  қазірет  Сүлейменді  бес 
жасынан араб, парсыдан өзі білетіндерді осы баласына түгел үйретті. 
Ясинді  аяғынан  басына  қарай  жаттаған  Сүлекең  бұл  теріс  оқу 
қаншама  қиын  болса  да  табандылық  танытты.  Солардың  әсері  ме, 
басқа себеп пе өз ауылының жастарын оқуға бірінші әкеле жатқанда 
сол  Сүлекең.  Бармаған  жері,  баспаған  тауы  Орынборға  сапар  шегуі 
Сүлекеңе аз ерлік емес» 

9, 13б


«Жайсаң  жандарда»  ерекше  құрметпен  аталатын  Сүлеймен  жәй 
түйеші  емес,  қазақ  жастарын  оқуға  бастап  апарушы  керуен  басы 
дегенді  автор  айтып  отыр.  Қ.Жұмалиевтің  өзі  естеліктерінде  осы 
сапарым  өміріме  берілген  жолдама  болды  деп  жазады.  Заманның 
соққан желін дұрыс аңғара білген ескішіл Сүлеймен түйесімен үш жүз 
шақырым  Орынборға  талай  қазақ  жастарын  бұдан  кейінде  әлденеше 
рет  апарған.  Сүлекеңдей  көне  көздердің  есімдерін  өлкетанумен 
байланыста  қарап,  араб-парсы  тіліндегі  мол  кітапхана  қоры 
ұрпақтарында  сақталған  ба  сауалына  жауап  табу  мәселесі  күн 
тәртібінде қала бермек. 
Орынбордағы 
«Ересектер 
мектебін» 
бітіргеннен 
кейін 
Қ.Жұмалиев оқуын Шымкенттегі «Ауылшаруашылық техникумында» 
жалғастырады.  «Ұлық  болсаң,  кішік  бол»  әңгімесінде  Қажекең  1928 
жылғы  басынан  өткен  оқиғаны  ел  өмірімен,  ел  ардақтаған 
тұлғалармен жолығу сәтерін заман шындығымен байланыста жазады. 
Техникумның жоғарғы курсында экономикалық санаққа мүше болып 
жаз  бойы  жұмыс  жасаған  он  тоғыз  жастағы  Қажекең  өмірінде 
көрмеген көп ақшаға кенеледі. Әрі сол жолы тұңғыш өлеңі «Батырақ 
Ғалиасқар»  «Лениншіл  жас»  газетінде  жарияланып,  газеттің  бас 
редакторы  Асқар  Тоқмағанбетов  айналасындағыларға  «болашағынан 
үміт күттіретін жас ақын» деп таныстырады. Қажекең естелігінде бұл 
туралы былай дейді:  «Мен  Асқардың сөзіне қалтықсыз сеніп,  «шын-
ақ ақын екенмін» деп, сол жерден тұп-тура магазинге тарттым. 


37 
 
Ақын  болғасын  бұрынғыдан  өзгеру  керек,  киімі  де,  жүріс-
тұрысы, мінез-құлқы да сол сөзге сай болу  керек деген шолақ ойлар 
мені магазинге жетеледі. Шынында киімім тым нашар болатын... Осы 
кескінмен магазинге барып, ілулі тұрған қымбат бағалы костюмдерді 
меңзегенімде,  сатушы  менің  бас-аяғымды  бір  шолып  өтті  де,  мен 
нұсқағаннан  басқа,  екінші  қолдау  бір  костюмді  алып,  менің  алдыма 
салды.  Сатушының  мына  қылығы  мені  қорлау  тәрізденді.  «Ананы 
әперіңіз» деп, әлгі тәуір костюмді нұсқадым. Сатушы, - Шырағым, ол 
наркомдар  мен  жазушылар  киетін  костюмдер...,  алмайтын  болғасын 
кірлетіп  қайтесің,  мына  әлің  келетін  арзанқолдауын  ал!  –  деп  сөзін 
аяқтады.  «Ерді  намыс  өлтіреді»  емес  пе,  «ақын»  атыма  кір  келтіруді 
өлім санап, қымбат костюмді, модный қалпақ, кесік тұмсық, ең соңғы 
фасонмен  тігілген  хром  ботинкі,  қолыма  трос  таяқты  қоса  алуға 
мәжбір  болдым».  Еріксіз  езу  тарттыратын  хикаяттың  жалғасы 
Шымкент  вокзалынада  жалғасуы  туралы  автор:  «-  Ағай,  билетке 
кезектің  соңы  сіз  бе?  –  дедім.  –  Иә,  -  деді  ол  жай  қоңыр  дауыспен. 
Кезектен  жаңылып  қалмас  үшін,  әлгі  адамның  түр-түсіне  назар 
аудардым.  Жұпыны  ғана  киінген,  жасы  қырықтар  шамасы...  Орта 
бойлыдан  сәл  ірірек,  төртбақтау..,  жалпақ  бет..,  қой  көзді  кісі  екен. 
Келбет-кескініне  қарағанда...  совет  дәуірінде  ғана  ел  тізгінін  қолына 
алған ауылдық кеңестің төрағасына ұқсайды. 
Шынымды  атайын,  ол  кісіні  менсініп  тұрған  мен  жоқ. 
Билеттерімізге  белгі  соқтырып,  екеуміз  вокзалдың...  ұзын  столына 
келдік.  Ол...  іші  толған  сары  портфелін  ашып,  арабша  жазылған 
қағаздарының  арасынан  бірнеше  ақ  бет  алды.  «Біреуге  хат  жазғысы 
келген-ау» деп түйдім ішімнен. Сәлден кейін, - Ағай, дедім. Естімеген 
қалпында  сусылдатып  жаза  берді.  Екінші  рет  әдейі  қимылдып, 
таяғымды да тықылдатып қойдым. Жазуын жалғастыра берді. Шайтан 
азғырып,  тап  осы  жерде  өзімнің  «ақындығым»  есіме  түсіп  кетті  де, 
осы  ауыл  кеңесінің  бастығынан  несіне  қорқамын  деп  даусымды 
қаттырақ  шығардым.  Ол  естігендей  болды.  Чемоданымды  аманаттап 
көшеге  шығып  кеттім.  Екі-үш сағаттан  кейін  келсем  жолсерігім  бес-
алты  бет  шамасы,  қолжазба  қағаздарының  түптерін  тегістеу  үшін 
столға  ұрып-ұрып  қойды.  Көзім  шалғаны  бірінші  беттегі  екі  сөз 
«Жол»  және  «Әңгіме».  –  Қызылордадан  келемісін?  –  деді. 
Қызылордадан  келгенімді,  жазушылар  одағына  соғып  атақты  ақын-
жазушылар  Сәкен,  Бейімбет,  Ілиястарға  жолыққым  келгендігін, 
алайда  олар  жазғы  демалыста  екендігін  айтып  бердім.  «Лениншіл 
жасқа»  Асқарға баруыңа қарағанда өлең жазатын болдын ғой деді.  – 
Дұрыс айтасыз газетке бірер өлеңім басылды,  - деп жауа  қайырдым. 


38 
 
Бұл жауабымдағы «бірер» деген сөздің «бірі» шын, «ері» жалған еді. 
«Ақындық» атағыма «бірді» азсынып, екіншісін өз жанымнан қостым. 
Тағыда  біраз  әңгімелестік.  Сөйлескен  сайын,  оның  салмағы 
ауырлап  бара  жатқанға  ұқсады.  Поездан  түскен  кездегі  меммендік 
менде азайып, жолсерігімнің аузына қарайтынды шығардым. «Тағыда 
сөйлесе  деген»  менде  жасырын  тілек  туды.  Сөздің  бір  кезегінде:  - 
ағай, атыңыз кім болады? - деп сұрақты қабырғасынан қойдым. 
- Майлин,  -  деді  жолсерігім.  –  Майлин  болғанда,  кәдімгі 
«Шұғаның  белгісін»,  «Мырқымбай»,  «Құрымбайдың  жігітшілігін» 
жазған Бейімбет Майлинсіз бе? – деп шұбырта жөнелдім. - Қажым, - 
деді  Бейімбет  қоңыр  дауыспен,  -  көңіліңе  келмесін,  сенің  жасында 
жай жігіт мына ыстықта басына қалпақ киіп, қолына таяқ ұстамайды. 
Ол үшін не бөркі айналған тентек немесе шығармасы жаңа ғана баспа 
жүзін көрген ақын, жазушы болу керек. Тентек деуге қимадым. Дәуде 
болсаң, жас ақынның бірісің ғой де ойладым. Өйткені бәріміз де жас 
болдық» деді 

9, 108-112бб


Бұл  үзіндіні  келтіруіміздің  және  бір  мақсаты  әңгіменің  толық 
нұсқасына  оқырман  назарын  аудара  отырып,  қажымтануда  бұрын 
айтылмаған Жұмалиетің жазушылық қырын көрсету болды. ХХ ғасыр 
басындағы  қазақ  зиялыларының  адами  қасиеттері  мен  портреттерін 
танып  білгісі  келетіндер  «Жайсаң  жандардан»  іздегенін  табатынына, 
тұлғалардың кісілік қасиеттеріне тәнті болатынына біз кәміл сенеміз. 
Тұлға танудың хас үлгісі де осы шығарма.  «Жайсаң жандар»   ғалым 
дүниеден  озғаннан  кейін  ғана  жарыққа  шықты.  Қажекеңнің  үйінен 
табылған  аталмыш  кітаптың  машикіге  терілген  түпнұсқасы 
көлемдірек  әрі  папканың  сыртында  «Жайсаңдары  қазақтың»  деген 
жазуы  бар.  Текстологиялық  жағынан  тексеріп  қарағанымызда 
табылған материал біраз қысқартуға ұшырағанын байқадық. Әсіресе, 
бұл қысқартулар заман шындығы мен дәуір тынысынан хабар беретін 
құнды  мәліметтер  тұсынан  кесілген.  «Жайсаң  жандардағы»  қалыс 
қалған тұстарды қалпына келтіріп, шығарманы авторының атауымен 
«Жайсаңдары  қазақтың»  деп  жариялау  алдағы  басты  міндеттердің 
бірі.  Кезінде  «қазақ»  деген  сөзді  даралап  көрсетудің  өзі  ұлтшылдық 
саналған  болар.  Ал  бірақ  мұны  бүгінгі  күні  қалпына  келтірмесек 
ұлттығымызға сын. 
Қажым Жұмалиевтің ұстаздық жолы 1932 жылдан бастау алады. 
Отызыншы жылдың басына дейін Кеңес үкіметі түрлі желеумен орта 
мектептерде қазақ әдебиетін жеке пән ретінде оқытпағандығын бүгін 
біреу білсе, біреу білмейді. Өз жерінде өгейлік көрген қазақ әдебиеті 
қоғамтану  пәнінің  құрамында  ғана  оқытылып  келді.  Арнайы 
бағдарламасы  дайындалмаған  қазақ  әдебиетін  жеке  пән  ретінде 


39 
 
дербес оқыту дәрежесіне көтеруде Қажекеңнің қажырлы еңбегі ұшаң 
теңіз.  Бұл  туралы  шәкірті,  Академик  Серік  Қирабаев:  «Қажым 
педагог,  ұстаз  еді.  Өмірінің  отыз  бес  жылын  ол  бала  оқытушылық 
қызметпен  өткізді.  Қажым  шәкірттерінің  қатарына  мен  тек  оның 
лекциясын  тыңдаған  жастарды  ғана  емес,  осы  отыз  бес  жыл  ішінде 
қазақ мектептерінде оқып, қазақ әдебиетінен дәріс алған шәкірттердің 
бәрін  де  қосар  едім.  Олардың  бәрі  әдеби  білімді  алғаш  Қажым 
оқулығы арқылы алды, Қажым оқулығы негізінде орта мектепте қазақ 
әдебиетін  пән  ретінде  жүргізу  ісі  жолға  қойылды.  Қажым  Жұмалиев 
республикада  әдебиет  кадрларын  даярлауда  өлшеусіз  мол  қызмет 
сіңірді.  Қажым  Жұмалиевтің  жетекшілігімен  32  адам  ғылым 
кандидаты,  8  адам  ғылым  докторы  дәрежесін  алды.  Сонымен  қатар, 
ол  ғылым  докторлары  аз  көрші  республикаларда,  Орта  Азия 
әдебиетшілерінен  докторлар  даярлау  ісіне  зор  қолқабыс  етті.  Өзбек, 
қырғыз,  қарақалпақ,  башқұрт  әдебиетшілерінің  бір  қатары-ақ 
(Н.Сағитов,  Н.Жапаков,  Қ.Рсалиев,  А.Харисов  т.б.)  бұл  жағынан 
Қажымға қарыздар» 

10,161б

 деген болатын
.

Қызметін  Батыс  Қазақстан  облысында  бастаған  Қажым 
Жұмалиев  өңіріміздегі  білім  мен  ғылымның,  әдеби-мәдени  ортаның 
қалыптасуына  тікелей  мұрындық  болған  тұлға.  Ол  педагогикалық 
институтта  сабақ  бере  жүріп,  батыс  аймағындағы  ақын-
жазушылардың 
басын 
біріктіріп, 
шығармашылық 
орта 
қалыптастырған  облысымыздағы  жазушылар  филиалының  тұңғыш 
төрағасы.  Бұл  туралы  жоғарыда  айтылған  өмірбаянда:  «...Сонымен 
қатар,  алғаш  Облыстық  жазушылар  ұйымының  бастығы  жұмысын 
атқарып,  облыс  көлемінде  әдебиет  жұмыстарын  ұйымдастыру,  кадр 
даярлау  тәрізді  әр  түрлі  жұмыстар  жүргізуге  басшылық  еттім.  Ол 
жылдардағы  Орал  облысындағы  жүргізген  әдеби  істеріміз  нәтижелі 
болды деуге аузым бара алады. Өйткені, кейін қазақтың белгілі ақын-
жазушылары  қатарына  іліккен:  Қасым  Аманжолов,  Жәрдем  Тілеков, 
Сағынғали  Сейтов,  Хамит  Ерғалиев,  Абдолла  Жұмағалиев,  Қуан 
Тастайбеков  т.б.  ақын-жазушылар  сол  Оралда  тәрбиеленді»  деген 
жазба  қажымтануда  ғана  емес,  Батыс  Қазақстан  облысы  жазушылар 
ұйымының  негізін  салушы  кім  деген  сұрақта  да  тың  тарихи  мәлімет 
екені даусыз. 
Қазақ 
әдебиеттану 
ғылымында 
ХҮІІІ-ХІХ 
ғғ. 
білгірі, 
махамбеттанушы  ғалым  деп  мойындалған  Қ.Жұмалиев  Махамбет 
өлеңдерін  ел  ішінен  аяқтай  жүріп  жинап,  текстологиялық  қалыпқа 
түсіріп,  ақынның  құпия  болып  келген  мәңгілік  мекенін  ақсақалдар 
көмегімен  тауып,  басына  құлпытас  орнатқан  рухани  шырақшысы. 
Сондай-ақ, қазақ руханиятында Махамбеттің көркем прозадағы әдеби 


40 
 
бейнесін  тарихи  тұлғасынан  алшақтатпай  «Айқас»  атты  шығармасы 
арқылы алғаш сомдаған ғалым жазушы. 
 «Демократиялық 
бағыттағы 
ауыз 
әдебиетінің 
дәстүрін 
жалғастырған  да,  кезінде  оған  революциялық  сипат  берген  де, 
идеялық  көркемдік  жағынан  ең  жоғары  дәрежеге  көтерген  де 
Махамбет Өтемісов.  
Махамбет  өзіне  дейінгі  халық  әдебиетінің  барлық  табыстарын 
толық меңгеріп, кемшілігін қайталамай, өз бетін, өз стилін айқындап, 
әдебиетте көрнекті үлгі қалдырған ақын» 

11

.  
Халел  Досмұхамедұлы  бастап,  Қажым  Жұмалиев  арнасын 
кеңейткен  махамбеттану  бүгінгі  тәуелсіз  ел  әдебиетімен  бірге 
жасасып  келеді.  Бірақ  осы  тұста  Махамбеттің  жекелеген  өлеңдерін 
текстологиялық  жағынан  қайта  қарау  керек  екендігін  айтқымыз 
келеді.  Махамбеттің  туғанына  210  жыл  толуына  орай  2014  жылы 
Елбасының  алғы  сөзімен  шыққан  «Айналайын  Ақ  Жайық» 

12

 
өлеңдер,  ой  толғам,  естеліктер  кітабында  «Тарланым»  өлеңі  31  жол. 
Ал  біздің  қолымыздағы  Қ.Жұмалиев  архиві  материалында  32  жол. 
Әңгіме  қалыс  қалған  бір  жолда  емес,  сол  жолдың  салмағында. 
«Тарланым»  Махамбеттің  Исатай  батырды  көкке  көтеріп  жырлаған 
рухты  жыры,  Қажекеңнің  «ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы 
әдебиетіміздің тарихын алсақ, ерлікті дәріптеп, батырлардың образын 
жасауда  өзіне  шейінгі  халық  әдебиетінің  табыстарын  қайталамай, 
Махамбет  шын  мәніндегі  реалистік  образ  жасады» 

11

  деуі  де 
сондықтан.  
Қ.Жұмалиевтің  архив  материалында  Исатайдың  айбының 
асқақтатын  Махамбет  сөздері  біріне-бірі  сәулесін  түсіріп,  тұлғаның 
қадір-қасиетін айшықтап көрсетер тұсы: 
 
«Садағына сары жебені салдырған, 
Садағының кірісін  
Сары алтынға малдырған, 
Тереңнен көзін ойдырған
Сұр жебелі оғына 
Тауықтың  жүнін  қойдырған,»  болса,  2014  жылғы  басылымда 
жебенің  заттық  қасиетін  айқындайтын  жол  «Тереңнен  көзін 
ойдырған» қалыс қалған. 
Келесі,  ақынның  «Айныман»  өлеңінің  екінші  шумағы  Қажым 
архиінде:  
 
«Кеткенім жоқ олжа үшін, 
Кетіп едім елімнен, 


41 
 
Атаңа нәлет Жәңгірдің 
Қан  жылатқан  заңы  үшін»  болса,  осы  екінші  шумақтың  соңғы 
жолы  «Айналайын  Ақ  Жайық»  кітабында  Махамбет  елінен  кету 
себебін  Жәңгірдің  «Бір  ауыз  айтқан  сөзі  үшін»  деп  түсіндіреді.  Бұл 
қисынға  келмейтін  сияқты.  Махамбет  бір  ауыз  сөзге  елден  безетін 
адамның  сойынан  емес.  Текстологиялық  жағынан  дұрысы 
Қажымдағы «Қан жылатқан заңы үшін» жолы болса керек. 
«Махамбеттің  қысқа  өмірі  күреспен  өтті.  Талай  трагедиялық 
ауыр  халдерді  өз  басынан  кешірді...  Әйтсе  де  осылардың  барлығына 
ақын  ерлікпен  төзе  білді.  Сарыуайымға  салынып,  өлім  іздеген  жоқ, 
өмір  іздеді.  Тіпті  элегиялық  сарында  жазылған  лирикасының  өзінде 
де ақын жан сезімін, өз басының күйініш-сүйінішін айта келіп, сөзінің 
аяғын  әрдайым  оптимистік  романтика  рухында  бітіреді» 

11

  деген 
Қажекеңнің сөзі Махамбет өлеңдерін текстологиялық жағынан тануда 
да темірқазық болып қала береді. 
 
2014  жылғы  басылым  «Айналайын  Ақ  Жайық»    кітабындағы 
«Алты күндей алаулап» өлеңінің алтыншы, тоғызыншы жолдары бізді 
тағы  да  ойландырып  тастады.  «Толғай-толғай  жүгірген,/  Топырағын 
суарған»  мағыналық  жағынан  алатын  болсақ,  толғай  жүгірген,  яғни 
шапқан ат топырақты суармайды, керсінше жел тұрғызып топырақты 
суырады. Қажекеңде бұл жолдар «Топырақты суырған» болып дұрыс 
беріліп тұр. 2014 жылғы жаңа  нұсқада  «Ылдидан салса төске озған,/ 
Көк мойынды көк жұлын» жолдарындағы «Көк мойынды көк жұлын» 
қайталамалары  сөздің  сапталуы  жағынан  дұрыс  па?  Қажекеңнің 
архивін  ашып  қарасақ  «көк  мойынның»  орнына  «қой  мойын»  деп 
берілген.  Қ.Жұмалиев  жанымызға  жақын  екен  деп  «қой  мойынды» 
дұрыс  деп  танысақ,  ғылымда  жасалған  әділетсіздік  болар  еді.  Осы 
тұста ойымызға Абайдың «Аттың сыры» өлеңіндегі: 
«Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ, 
Қой  мойынды,  қоян  жақ,  бөкен  қабақ»  жолдары  орала  кетті. 
Бұлтартпас  дәлел,  «Айналайын  Ақ  Жайық»  кітабындағы  «Көк 
мойынды»  тіркесін  текстологиялық  жағынан  түзету  керек.  Қазақ 
жылқы  малының  мойнын  «қой  мойындыдан»  басқаға  теңеп,  балап 
сөйлеген  емес.  Біздің  Махамбет  өлеңдерін  текстологиялық  жағынан 
қайта қарау керек дегендегі  дәлеліміз мұнымен  сарқылып  қалмайды. 
Айтып отырғанымыз мысал үшін келтірілген бірлі-жарлысы ғана. Сөз 
танитын кісіге «жамауы мен құрауы» көрініп-ақ тұр.  
Қажым  Жұмалиев  шығармашылығын  зерттеудегі  соңғы  жылдар 
нәтижесі  ғалымның  жеке  архивінде  кеңестік  идеология  жариялауға 
мүмкіндік  бермеген  мол  материалдар  сақталып  келгендігін  көрсетіп 
отыр.  Бұл  материалдардың  құндылығы  қазақ  әдебиетінің  байлығын 


42 
 
еселей  түсері  анық.  Тозығы  жеткен  қолжазбалар  жойылып  кетудің 
алдында  тұр.  Әрі  мұндағы  деректердің  басым  бөлігі  қазақ 
әдебиетіндегі  ақтандақтарды  тануға  мүмкіндік  беретін  сирек 
жәдігерлер. Көлемі бірнеше томға жүк болғандай.  
Мұның  басым  көпшілігі  әдебиетімізде  белгілі  авторлар  мен 
шығармалар  болғанымен  оқып  танысу  барысында  бұрын  жарық 
көрмеген  әдеби  материалдардың  барына  көз  жеткіздік.  Жекелеген 
өлең  жолдары,  шумақтар,  өлеңдер,  тұтас  толғау  дастан  бұған  дейін 
әдеби  айналымға шықпаған,  соны дүниелер.  «Бес ғасыр жырлайды», 
«Алдаспан»,  «Ертедегі  әдебиет  нұсқалары»,  «Қазақ  ұлт-азаттық 
қозғалысы» (17-том), «Он ғасыр жырлайды» т.б. жинақтарды қайыра 
бір шолып шыққанымызда Қажекеңнің архиві  Асан қайғыдан бастап 
бірнеше  ақын-жыраулардың  мұрасын  бүтіндей  түсетініне  көзіміз 
жетті.  Архив  материалдары  кітапша  етіп  тігіліп  реттік  санмен 
белгіленген.  Кітапшалардың  беттері  түгел  емес,  мұның  салқынын 
сарғайған  беттердегі  «Изъято  у  меня  1953  год»  деген  жазулардан 
аңғаруға  болады.  Ызғарлы  жылдары  жазықсыз  25  жылға  сотталып, 
кейін  мерзімінен  бұрын  шыққанымен  Қажекең  тәркіленген 
материалдарды  кесірі  тиер  деп  жойып  жібермеген,  жариялайда 
алмаған.  Алматыдағы  үйінің  көзден  таса  жерінде  қалдыра  берген. 
Тозығы  жеткен  қағаз  деп  тастай  салмай  1968  жылдан  бері  әкесінің 
жиған-тергендерін  түсініп  оқи  алмасада  сақтап  келген  Махамбет 
Қажымұлына шексіз ризашылығымызды білдіреміз.  
Қажым  Жұмалиев  архивіндегі  мәліметте  Нысанбай  жыраудың 
«Кенесары,  Наурызбай»  дастанының  құрылысын  талдай  отырып, 
«Біздің  алып,  анализ  беріп  отырғанымыз  поэманың  «Орыс 
географиялық  обществосының  Орынбор  бөлімінің  еңбегі»  -  1875-ші 
жыл басылған варианты» дейді. 
Ал  біз  бүгін  оқып  жүрген  «Қазақ  ұлт-азаттық  қозғалысы»  (2010 
ж.)  көп  томдығының  17  –  томында  «Нысанбайдың  «Кенесары, 
Наурызбай»  дастаны  алғаш  рет  1912  жылы  Қазан  қаласында 
Ж.Шайхисламның  құрастыруымен  жарияланды».  Содан  кейін 
Х.Досмұханбетовтың құрастыруымен 1923 жылы Ташкент қаласында 
жеке кітап болып басылғаны айтылады. 
Сонда  жырдың  алғашқы  басылуы  т.б.  мәселелердің  қайсысы 
дұрыс?  Бір  анық  2010  жылы  шыққан  аталмыш  көп  томдықтың  17 
томында  жырдың  басталуы  саналы  түрде  алынып  тасталған.  Әрі 
Нысанбайдың  сөздері  өзгеріске  ұшыраған.  Қажым  Жұмалиев 
архивінде  автордың  өзін  таныстыруынан  кейінгі  жыр  кіріспесі 
құрметпен, қимастықпен «Кешегі өткен Кенекең» деп басталса «Қазақ 


43 
 
ұлт-азаттық қозғалысы» (2010 ж.) көп томдығының 17 – томында бұл 
мүлде жоқ. 
Біз салыстырып отырған екі вариант мазмұнына көңіл аударатын 
болсақ  (Қажым  Жұмалиев  архиві,  ҚҰАҚ  17  том,  автор),  «Олжаға 
батты  қарқылдап»  жолынан  кейін  Қажым  Жұмалиев  архивінде 
Кененің  байлаудағы  атының  ұрлануы,  оны  қырғыздан  елші  салып 
сұратуы,  мұнан  соң  көңілі  қалып  Дулатқа  қарай  жол  тартуы 
баяндалса,  17  томдықта  қашқан-пысқанды  жинаған  Кенесары, 
Наурызбай  атты  ұрлатқаннан  кейін  бір  атқа  бола  қырғызға  соғысқа 
аттанды,  «Ерегеспен  Қанайдың  тамын  бұзды»  деп  Кенені  бұзақы, 
соғысқұмар  қылып  көрсетуді  мақсат  тұтқан  кеңестік  идеологияның 
өңдеуіне ұшыраған жыр варианты жарияланып кеткен сияқты. Тарихи 
жырдағы тарихи шындықтың көркемдікпен берілуі Қажым Жұмалиев 
архивінен 
алынған 
1875-ші 
жылы 
«Орыс 
географиялық 
обществосының Орынбор бөлімінде» басылған варианты деп білеміз. 
Қазақ  халқының  бар  болмысы,  рухани  әлемі,  дүниетанымы, 
ұлттық коды әдебиетінде жатыр дейтін болсақ, сол асыл мұраны қазақ 
әдебиеттану  ғылымында  тұңғыш  зерттеп,  1941  жылы  «ХҮІІІ-ХІХ 
ғасырлардағы  қазақ  әдебиеті  тарихы»  тақырыбында  кандидаттық 
диссертация,  1946  жылы  «Абайға  дейінгі  қазақ  поэзиясы  және  Абай 
поэзиясының  тілі»  тақырыбында  тұңғыш  докторлық  диссертация 
қорғаған  көшбасшы  ғалым,  көрнекті  қоғам  қайраткері,  зергер 
жазушы,  академик  Қ.Жұмалиевтің  ғалымдық  пайымдарының  аясын 
кеңейту,  дәстүр  сабақтастығын  жалғастыру,  көл-көсір  архив 
материалдарын елдің рухани қазынасына айналдыру өсер елдің ісі.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет