Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет29/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   86
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Қазақ Совет Энциклопедиясы. 6-том. – Алматы,1975ж. 
2. Үлттық «Қазақстан» энциклопедиясы5-том. Алматы,2003ж. 
3. Облыстық  «Ақтөбе»энциклопедиясы. – Ақтөбе,2001ж.  
4. Орынбор архиві.6-қор,4-тіркеу,16-32 беттер.  
5. М.Әуезов.«Айман-Шолпан»// 
 
Әдебиет 
туралы.– 
Алматы: 
Санат,1997ж. 
6. БларамбергИ.Ф.Земли киргиз-кайсаков Малой Орды. – СП,1852. 
7. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы, 1974ж.  
 
 
 
ӘОЖ 811.124 
 
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ –  
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» ӨЗЕГІ 
 
Турежанова Г.А. 
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 
 
Қазіргі  таңда,  әлемдік  аренада  өзіндік  орны  бар  Қазақстан 
дамыған  30  елдің  қатарына  қосылу  мақсатында,  Елбасы  ұсынған 


82 
 
«Қазақстан  2050»  стратегиялық  жобасын  бекітіп,  соның  аясында 
ауқымды жұмыстар жасап, жер жаһанға үлгі болып отыр. Елбасының 
жуырда  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  мақаласында: 
«Қазақ  тілін  біртіндеп  латын  әліпбиіне  көшіру  жұмыстарын 
бастауымыз  керек.  Біз  бұл  мәселеге  неғұрлым  дәйектілік  қажеттігін 
терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік 
алғаннан  бері  мұқият  дайындалдық.  Яғни,  2025  жылға  қарай  іс 
қағаздарын,  мерзімді  баспасөзді,  оқулықтарды,  бәрін  де  латын 
әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз», – деді.  
Латын  қарпіне  өту  туралы  әңгіме  бүгін  туындаған  жоқ.  Бұл 
туралы  әңгімені  қазақ  ғалымдары,  зиялы  қауым  өкілдері  1990-шы 
жылдардың басынан үздіксіз айтып жүр. Саяси дискурсқа бұл мәселе 
2000  жылдан  бері  еніп,  өзінің  орнын  тапты.  Осы  арада  жүздеген 
мақала  жазылып,  көптеген  кітап  та  шықты.  Қоғамда  біраз  әңгіме 
айтылып, талай талқылар өтті. Қазақ қоғамы бұған іштей дайын отыр. 
Жаңа әліпбиге көшу – өркениеттік таңдау, ұлттық модернизацияның, 
жаңғырудың  мызғымас  бөлігі.  Қазақ  тілінің  жаңа  әліпбиге  көшуі  – 
тәуелсіз,  егемен  мемлекет  пен  қазақ  қоғамының  жеке-дара  ісі  мен 
таңдауы. 
Бүгінгі таңда қазақ тілі әліпбиінің ертелі-кеш пе латын әліпбиіне 
көшетіні  –  басы  ашық  мәселеге  айналды.  Қазір  бұл  мәселеге 
саясаттың,  халықтың,  мемлекеттің  тілге  бет  бұрған  шағы. 
Мамандардың  айтуы  бойынша  әліпбиді  ауыстырудың  пісіп  тұрған 
кезі екендігін, және латын әлипбиін ұлттық жазу емес, заман талабы 
деп қарау керек деп тұжырымдауда. Сонымен қатар, әліпби таңдауды 
идеология,  саясат,  экономикамен  байланыстырудың  қажеті  жоқ 
екендігін,  мұндағы  басты  түйткіл  –  ұлттық  эгоизм  екендігін  айтуда. 
Әліпби  ұлттық  мәселенің  барлығын  шешпейді.  Дегенмен  тіл 
мәселесін шешкен соң, басқа мәселелер өздері-ақ реттеледі. Бұл – таза 
лингвистикалық проблема.  Қазақстанның латын әліпбиіне өтуде өзге 
тағдырлас  елдерге  қарағанда  кешеуілдеп  қалуы  оған  артықшылық 
сыйлай  біледі.  Өйткені  ол  өзінен  бұрын  латын  әліпбиіне  өткен 
туысқан  елдердің  тәжірибелерін  зерттеп  олар  жіберген  қателіктерді 
анықтап олардан бойын аулақ ұстай біледі.  
Түркі  халықтарының  бірлігі  мәселесіне  келетін  болсақ, 
Қазақстанның  латын  қарпіне  өтуі  түркі  бірлігіне  қайшы  емес. 
Керісінше,  түркі  халықтарының  бірлігіне  жұмыс  істейтін, 
мемлекеттер  мен  халықтардың  арасын  жақындастыратын  үрдіс. 
Мысалы,  бүгінгі  күні  әлемде  6  тәуелсіз  түркі  мемлекеті  бар: 
Әзербайжан,  Қазақстан,  Қырғызстан,  Өзбекстан,  Түркия  және 
Түрікменстан.  Осы  алты  мемлекеттің  төртеуі  –  Әзербайжан  (1992), 
Өзбекстан  (1993),  Түркия  (1928),  Түрікменстан  (1993)  латын  қарпіне 


83 
 
өтіп  кеткен.  Кирилл  қарпінде  қалған  екі-ақ  мемлекет  бар:  Қазақстан 
мен  Қырғызстан.Демек,  түркі  халықтарының  75-80  пайызы,  яғни 
басым  көпшілігі  латын  қарпінде.  Оның  үстіне  түркі  халықтарының 
ара-қатынасы  бүгінде  тілдік  негізде  емес,  мәдени,  тарихи,  саяси, 
экономикалық негіздерде жүзеге асып жатыр.  
Елбасының  латын  әліпбиіне  көшу  туралы  бастамасын  барлық 
зиялы  қауым  қолдап  отыр.  Демократиялық  күштердің  "Қазақстан-
2050"  жалпыұлттық  коалициясының  отырысында  Мұхтар  Құл-
Мұхаммед:  "Бұл  әліпби  ауыстыру  емес,  бар  қазақтың  бойына  ана 
сүті,  әке  тәрбиесімен  даритын  қазақ  тілін  заманаға  сай 
жаңғыртудың кешенді жүйесін, дұрыс сөйлеу мен жазу мәдениетін 
қалыптастыру. Ендеше латынға көшуді Елбасымыз ұсынған "Рухани 
жаңғырудың"  берік  іргетасы  деп  білемін",  –  деді.  Сонымен  қатар, 
отырыста  Коалиция  мүшелері,  белгілі  тіл  мамандары,  филолог 
ғалымдар  және  тағы  басқа  сарапшылар  мен  қоғам  қайраткерлері  өз 
пікірлерін  білдіріп,  бұл  бастаманың  ұлттық  біртұтастықтың 
нығаюына үлкен септігін тигізетінін айтты.  
Ақпараттық  технологияның  қарыштап  дамыған   заманында 
әлеуметтік  жүйеде  үстемдік  ететін  латын  әліпбиі  екендігі  даусыз. 
Баршамыздың  қолданып  отырған  электрондық  жеке  поштамыз  бар. 
Ол  кирилл,  араб,  немесе  басқа  емес,  латынмен  жазылған.  Латын 
әліпбиінің  жазу  үлгісі  қазақ  қоғамында  1929  жылдан  1940  жылға 
дейін  қолданылып,  кейін  кириллицаға  ауыстырылғандығы  мәлім. 
Нәтижесінде елімізде тілдік реформа жүзеге асырылып, қазақ тілінің 
орфографиясы  мен  орфоэпиясына  қатысты  жаңа  заңдылықтар 
қабылданып, күшіне ене бастады. Тілімізге жаңа әріптер еніп,  «орыс 
тіліндегі  сөздер  мен  атаулар  орыс  тілінде  қалай  оқылып-жазылса, 
қазақ  тілінде  де  солай  оқылып-жазылуы  керек»  деген  қағидаттар 
қабылданды.  Осы  кезден  бері  қазақ  тілінің  жағдайы,  оның  табиғи 
қарсыласу  механизмдері,  ағзасы  әлсіреп,  сыр  бере  бастады  десек 
артық  айтпаймыз.  Егер  ашығын  айтсақ,  осы  кезден  бастап  біздің 
әліпбиді  «қазақ  әліпбиі»  емес,  «орыс-қазақ  әліпбиі»  дегеніміз  қай 
тұрғыдан  да  шындыққа  саяды.  Сталиндік  репрессиялардың 
нәтижесінде  бетке  ұстар  марқасқалары  мен  майталмандарының 
атылып кетуі, қоғамда қуғын-сүргіннің екінші толқынының басталуы 
қазақ тілі мен ғылымына қатты соққы болды. Содан, шыны керек, әлі 
де оңала алмай келеміз. 
Егер  біз  істің  түбегейлі  жағына  үңілсек,  Елбасымыздың  көтеріп 
отырған  мәселесі  -  тіл  тазалығы.    Бұл  бізге  не  береді  дер  болсақ, 
бұдан  біз  ұтпасақ  ұтылмасымыз  анық.  Қазақ  тіліндегі  жат 
дыбыстарды  таңбалайтын  әріптерді  қысқартып,  сол  арқылы  қазақ 
тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік береді. Жаңа әліпбиге 


84 
 
көшу үлкен жұмыстың басы ғана, қыруар міндеттің әрі кеткенде 5-10 
пайызы ғана. Осыдан кейін қазақтың жаңа орфография, орфоэпиясын 
жаңа  заманға  лайықтап,  қайта  жасақтап  шығу  міндеті  тұр.Сонымен 
бірге, қазақ тілін оқытқан кезде басы артық таңбаларға қатысты емле, 
ережелерді  қысқартады.  Ол  мектеп  қабырғасынан  бастап  барлық 
жоғарғы  оқу  орындарында  оқыту  үрдісін  жеңілдетуге  мүмкіндік 
береді.  
Латын  әліпбиіне  көшу  арқылы  –  қазақ  тілінің  халықаралық 
дәрежеге  шығуына,  халықаралық  ақпарат  кеңістігіне  кірігуге  тиімді 
жолдар ашылмақ. Латын әліпбиіне көшу арқылы ұлт мұратының жаңа 
бір  белеске  өрлеуіне,  түркі  тілдес  халықтардың  өзара  тіл 
байланысының  артуына,  жаңа  заман  талабына  сай  өскелең 
ұрпақтарымыздың  ағылшын  тілін  меңгеруіне  зор  мүмкіндік  туады. 
Сондықтан  Елбасының  тіл  мәселесіне  қатысты  ой  толғамына  ынта 
жігерімізбен қолдау білдіру бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе. 
Тіл  ғасырлар  бойы  өмір  сүреді.  Алтынбек  Шәріпбайдың  “Қазақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет