Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


«АЙМАН-ШОЛПАН» ЭПОСЫНЫҢ БАСТЫ



Pdf көрінісі
бет28/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   86
«АЙМАН-ШОЛПАН» ЭПОСЫНЫҢ БАСТЫ 
КЕЙІПКЕРІНІҢ ЕЛ АУЗЫНДАҒЫ БЕЙНЕСІ 
 
Жұбаназар А.   
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, 
филология ғылымдарының докторы 
 
Мұхтар М.  
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, 
филология ғылымдарының кандидаты 
 
Райбек С. 
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, магистрант 
 
Елбасының  «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық 
мақаласы  талайларға  ізгі  ой  салуда.  Президент  сол  еңбегінің 
«Сананың  ашықтығы»  деп  аталатын  тарауында:  «Әрбір  өлкенің 
халқына  суықта  пана,  ыстықта  сая  болған  есімдері  ел  есінде 
сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп 
өсуі  тиіс»  деген  еді.  Сондай  біртуардың  бірегейі  –  Көтібар  батыр 
Бәсенұлы. 
Алты  Алашқа  аты  мәлім  қазақ  батырларының  бірі  –  Көтібар. 
Оның  батырлығын  ел  мойындаған.  Көтібардың  есімі  «Қазақ  Совет 
Энциклопедиясында»[1,53],  ұлттық  «Қазақстан»  [2,54],  облыстық 
«Ақтөбе»  [3,473]  энциклопедияларында  тұр.  Ресей  архивтеріндегі 
құжаттарда  таңбаланған.  Мысалы,  Орынбор  архивінде  1878 жылдың 
маусым  айында  38  жасар  Көтібар  батырдың  800-ден  аса  жасақты 
бастап  Сырым  Датұлы  қозғалысына  көмек  беруге  аттанғаны  туралы 
дерек  сақталған»[4].  Көтібар  –  Мемлекеттік  сыйлықтың  иегері 
Қажығали  Мұханбетқалиұлының  «Тар  кезең»  тарихи  романының 
басты кейіпкерлерінің бірі. Жазушы мұнда оған қатысы бар сандаған 
деректерді  келтірген.  Көтібар  Сырым  бастаған  көтеріліске  1875 
жылдан  бастап  араласыпты.  Батыр  Арынғазы  ханды  қолдауда  аса 
белсенділік танытқаны үшін патша өкіметінің түрмесінде де  отырып 
шығады. Қазақ жерінде әскери бекіністер салынуына қарсы күреседі. 
Сөйтіп,  ел  сүйіктісіне  айналады.  Қалнияз,  Шернияз  секілді  даңқты 
ақын-жыраулардың шығармаларында мадақталады. 
Көтібардың    Алашқа  тегіс  танылуына  атақты  «Айман-Шолпан» 
эпосының    тигізген  ықпалы  зор.  Эпос  туралы  М.Әуезов:  «Айман-
Шолпан»–  халық  арасына  ең  көп  таралған  дастандардың  бірі.  Сірә, 


77 
 
мұның  сыры  жырдың  образдық-сюжеттік  негізінің  өмірден  алынған 
шынайылығында,  реалистік  ерекшелігінде  болса  керек»,  –  дейді  [5, 
45].   
«Айман-Шолпан»эпосы 1898, 1901, 1906, 1910, 1913, 1939, 1957 
жылдары  басылып  шығады.  Ел  ішінде  үлкен  сұранысқа  ие  болады. 
Мектеп оқулығына енеді. 
«Айман-Шолпан»  –  тарихи  шығарма  емес,  көркем  туынды. 
Эпостағы  Айман  мен  Шолпан  да,  Маман  мен  Әлібек  те  өмірде 
болмаған  кейіпкерлер.  Мұнда  ағалы-інілі  Көтібар  мен  Арыстанның 
фольклорлық  көркем  бейнелері  жасалған.  Жырдың  мазмұны  былай 
басталады: Кіші жүздің Алтын, Жаппас, Шөмекей руында беделді бір 
адамға  ас  беріледі.  Асқа  сауын  айтылып,  алыста  жатқан  Тама 
руындағы  Маман  байға,  Шекті  руының  батыры  Көтібарға  шақырту 
жіберіледі. 
Сөйлейді Маман батыр ауық-ауық, 
Байлатты бес жүз іңген түйе сауып. 
Саба артып тоғыз нарға Маман келді, 
Он алты масатыдан кілем жауып, -  
деп  суреттеледі  Маман  байдың  асқа  келген  салтанаты.  Алтын, 
Жаппас, Шөмекей Маман байды аса құрметтеп, оны алтындаған үйге 
түсіреді.  
Осы кезде тоғыз нарға шай, қант, тоқаш артып, Көтібар да жетеді. 
Көтібар  той  иелеріне  кез-келген  жадағай  үйге  кірмеймін,  «мені 
түсірсең, Мамандікіндейалтын үйге түсір» дейді. Өзін Маман байдан 
төмен  санағанға  қорланады.  Мұны  естіген  Маман  бай  Көтібардың 
кедейлігін бетіне басады. 
Маман айтты: «Дәулеті бар немедей,  
Жүр еді осы Шекті кезі келмей.  
Үй таңдап біздің елден не қылады,  
Су артқан Қаратаудан қума кедей? 
Еліңде мендей шонақ биі бар ма?  
Кедейдің айуан малдан күйі бар ма?  
Аузына ақ тимеген қу кедейдің  
Алтыннан бақтырулы үйі бар ма? 
Қыстауым, жаз жайлауым Шабыра-ды,  
Сан жылқы Шабыраға жайылады.  
Астында қамыс үйдің жатқан кедей,  
Үй таңдап біздің елден не қылады?» 
Өстіп,  батырдың  ары  мен  намысына  тиеді.  Мұндай  қорлауға 
батыр  түгіл  кез  келген  намысы  бар  еркек  шыдап  тұра  алмас  еді. 
Көтібар Маманға ас тарқаған соң сазайыңды беріп, байлығыңды және 
екі қызың Айман мен Шолпанды шауып алармын деп, ел көзінше ант 


78 
 
береді. Арада аз уақыт өткен соң, батыр бір топ сарбаздарымен Үрпек 
деген  тауды  жайлап  отырған  Маман  байдың  ауылын  шабады. 
Маманның  толықсып  отырған  екі  қызы  Айман  мен  Шолпанды 
тұтқындап, жайдақ нарға теріс қаратып отырғызады.  
Ә дегенде жырдың алғашқы тарауында Көтібар кекшіл, өркөкірек 
болып  көрінгенмен,  жолда  Айман  мен  Шолпанға  қаталдық 
көрсетпейді,  мейлінше  мейірімді  болуға  тырысады,  екеуінің  айтқан 
тілектерін  қабыл  алады,  Айманға  жорғаға  мінгізіп,  Шолпанды  еліне 
қайтарады.(Батыр  қаталдық  танытып,  бұлай  істемеуіне  де  болатын 
еді).  Айман  еріксіз  қыз  есебінде,  Көтібардың  ауылына  келеді, 
Шектінің  бір  жақсы  үйіне  түседі.  Айман    күндердің  күнінде 
Көтібардың  өзіне  сөз  айтатынын,  тоқал  бол  деп  ұсыныс  білдіретінін 
алдын ала сезеді. Содан сақтану үшін күреседі. 
 Орынбордан  оралған  Әлібек  жеті  жүз  қолмен  келіп,  Айманды 
тұтқыннан  босатады.  Арада  Айман  мен  Арыстан  жүріп,  екі  жақты 
татуластырады,  бітістіреді.  Арыстан  Шолпанға  үйленіп,екі  жақ 
құдандалы болады. Екі құда Маман мен Көтібар бір-біріне сый-сияпат 
береді. 
  Сыйлары өзге қылған толып жатыр, 
  Береді Көтібарға алтын шатыр. 
  Қазықтары – асыл тас, оюы – алтын, 
  Ел кеңесті «асты, – деп, – мына батыр». 
Көтібар да кем түспейді сыйға сый ұсынады. 
Көтібар сонша жанға киіт береді, 
Жарандар, көрдіңдер ме мұндай ерді?!  
Эпос  Көтібар  бабаны  асқақтата  мадақтаған  осындай  жолдармен 
аяқталады. 
Қарабастан  алты  бала:  Мамбеталы,  Досалы,  Жапақ,  Тінәлі, 
Жаналы, Үмбеталы. Жапақтан Бәсен, Бәсеннен Көтібар батыр.  
Ел  аузындағы  шежіреде  Қарабасты  әкесі  Пұсырман  баласы  жоқ 
бауыры  Қалдыбай  ханға  береді.  Қарабас  көзі  жұмылғанынша  өзін 
Қалдыбайдың  баласымын  деп  кетеді.  Ханның  ықыласына  бөленіп, 
батасын  алған  Қарабасқа  аруақ  қонады,  өсіп-өнеді,  ұрпақтары 
шетінен  қажырлы,  қайратты,  аршыл  келеді.  Қарабас  ұрпақтары 
патшалық  Ресейдің  отарлау  саясатына  қарсы  күрес  кезінде  айрықша 
көзге  түсті.«Самые  войнственные  т.е.  наиболее  вооруженные  роды 
кайсаков  находятся  там,  где  русские  влияние  еще  слабо.  Таков  вес, 
чиклинский  род,  самый  мятежный  наиболее  запутанный  в  баранте! 
Особенно  отделение  Тилеу,  Кабак  и  Карабаш»,  –  деп  жазды 
И.Ф.Бларамберг[6]. 
Бата  дарыған  Қарабастан  туған  Бәсен  де  олқы  болмайды. 
Заманының  алыбы  Бәсен  алысқанын  жығады,  еліне  шапқан 


79 
 
түрікмендерге тойтарыс беріп, батыр атанады.Бес ұлы болған, оларды 
«Бәсеннің  «Бес  Көкжалы»  деп  атайды,–  Ақпан,  Тоқпан,  Көтібар, 
Көбес, Жандаулет. 
Көтібар туған замандаПұсырман ұрпақтары қатар ауыл, қоныстас 
болып  отырса  керек.  Олардың  ішінде  Бәсен  ауылы,  СексенСаңырық 
ауылы  жаз  жайлауға  бір  бағытта  көшіп-қонып  жүреді  екен.  Көтібар 
туарда екі үйі көрші отырған. Осы бала дүниеге келерінен әкесі Бәсен 
де,  ауылақсакалдары  да  ерекшелік  күткен.Себебі  Нарбике  шешеміз 
жүкті  кезінде  жыланныңетіне  жерік  болған  екен.  Ол  туралымынадай 
әңгіме  бар:  шешемізжаздыгүні  ошақтыңбасында  от  жағып  отырса, 
үйілгенотынның ішінен бір ірі сарбас  жылан сумаңдап шыға келіпті. 
Сол  кезде  Нарбике  шімірікпестен:  «Ойпыр-ай,  Алла,  көктен 
іздегенімді жерден берді ғой,  көптен аңсағаным  сенің етің еді»,- деп 
жыланның  көсеумен  басын  қысып  жіберіп,  жанып  жатқан  отқа 
қақтап,  түгелдей  жеп  алған  екен.Үш  күн  қатарынан  оянбастан 
ұйыктап,  үшінші  күні:  «Ой,  Алла-ай,  ұйқым  да  қанды,  жерігім  де 
қанды»  деген  екен  дейді  айтушылар.Жылан  жегенін  көрген  абысын-
ажын,  ауыл  адамдары  да  Нарбике  шешеміздің  бір  текті  тұлғаның 
дүниеге  әкелерін  күтеді.  Шешеміз  толғатқан  күні  Бес  Пұсырманның 
кенжесі  Сексеннің  үлкен  баласы  Саңырық  әулиенің  үйіндегі  әжеміз 
басы-қасында  болып,  Көтібарды  туғызып,  етегіне  орап  алыпты. 
Баланың  денесі  ірі,  жауырынының  ортасында  бармақтай  түкті 
қалыбар, қасы қалың, көзі ашық, сол жақ уысында бір талшық қылдай 
қан уыстап туған екен. Бала түскесін, Нарбике есін жинаған соң: «Бар, 
Саңырық атаның батасын алып кел, атын қойсын, белгілерін айт»,-деп 
кемпірін  жұмсаған  екен.  Әжеміз  жүгіріп  келіп  Саңырық  атамызға: 
«Сүйінші, Бәсеннің үйіндегі келін босанды!» - дегенде: «Қандай бала 
туды келін?»,-деп сұрапты. Әжеміз «көті бар бала туды, батаңды бер» 
депті  және  белгілерін  айтыпты.  Саңырық  әулие:  «Құдай  ауызыңа 
салған екен, аты Көтібар болсын. Бұл ердің ері, жігіттің жігіті болады 
дегенім.  Жауырынында  қалы  болса,  дұшпаны  қарсы  келмес  көкжал 
батыр  болады  екен,  қабағы  қалың,  көзі  ашық  болса,  дүниенің  төрт 
бұрышын тегіс көремін, өзім билеймін деп туғанекен. Ал уысындағы 
бір талшық қанға қарағанда, заманында қантөгіс көп болатын шығар. 
Мен  бата  берсем  қанішер,  қатыгез,  мейірімсіз  болар,  баламыз  құтты 
болсын, аты Көтібар болсын», - деп Саңырық атамыз болжам жасаған 
екен. Бабаның сол айтқанының барлығы Көтібар батырдың өмірі мен 
жасаған заманында толығынан кездескен деседі.  
Батыр  жастайынан  ер  тұлғалы,  қайратты,  атқа  құмар,  қару-
жарақты игеруде өте икемді, зейінді, ақылды болып өседі. Көтібар өсе 
келе  сол  Саңырықтың  батасын  алуды  армандайды.  Тоғыз-онжас 
шамасында болса керек. Жазғытұры ел көл жағалап қонып жатқанда 


80 
 
ауыл  ақсақалдары  бір-бірімен  табысып,  шұрқырасып,  ауыл  жағалап, 
«қонысжайлы  болсын»  айтып  жатады.  Сол  кезеңде  қасында  бір  топ 
адамдары  бар  Саңырық  атамыз  даауыл  аралап  жүрсе  керек.  Орайын 
тапқан Көтібар бір үлкен дуадақты садақпен атып алып, бөркін көзіне 
баса киіп, шауып келіп, Саңырық атаның қанжығасына байлай салып: 
«Ата  батаңды  бер»,-  дейді.  Батаны  қайырып  салып,  сақалын  бір 
сипап,  Көтібардың  бетіне  қарап  әулие:  «Мынау  қай  бала?»  -  деп 
сұрапты.  «Бұл  Бәсеннің  Көтібары  ғой»,  -  депті  қасындағылар  «Ой, 
батамды  бермеспін»  деп  жүредім,  қапыда  алдың,  алсаң  aл,  халқыңа 
қайырымды  бол»,-деп  ризалығын  білдіріпті.  Көтібар  Саңырықтың 
батасын алғанда сол алақанын төмен, оң алақанын жоғары жайыпты. 
«Неге  екі  алақаныңды  бірден  қатар  жаймадың?»-дегенде:  «Сол 
алақанына  қан  уыстап  туды»  деп,  батасын  туғанымда  бермепті, 
әулиенің  аруағына  адал  болғым  келді.  Саңырықтың  бір  алақанға 
берген  батасы  да  бір  кісінің  өміріне  жетеді»,  -  деген  екен.  Сол 
батаның  нұрлы  шапағаты  дарыған  Көтібар  атамыз  жетпіс  алтыжыл 
өмір  жасап,  атына  кір  келтірмеген.  Әулие  берген  бата  Көтібардың 
кейінгі  ұрпақтарына  да  дарыған.Ұлдары  шетінен  көкжал  боп,  ел 
тәуелсіздігі  үшін  күресті.  Қазақтың  намысын  қорғады.  Соның  бірі 
Есет  Көтібарұлы  ел  тәуелсіздігі  жолында  патша  өкіметімен  он  бір 
жыл алысты. 
Патшалық  Ресей  қазақ  елін  отарлау  кезінде  қол  астына  қараған 
құба қалмақ пен естектерді де пайдаланғаны  тарихтан белгілі.  Естек 
Күтір  -  өз  заманыныңатақты,  аруақты  батырларыныңбірі  болғаны 
қазаққа  мәлім.  Бір  жорықта  садақтыңоғынан  жамбасы  сынып, 
кейінненсоғысқа  қос  ат  жеккен  арбамен  қатысқан.  Көтібар,Арыстан, 
Жылқыаман,  Қайдауыл,тағы  басқа  Әлім  елі  батырларыңыңатағы 
шығып,  айбыны  тасып,  құрсаудай  берік  күш  біріктіріптұрған  кезі 
болса  керек.  Күтір  бастаған  шапқыншыларға  тойтарыс  беріп 
қанақоймай, бір жорықта барымтақайтарып, Күтірдің ауылын шауып, 
малын  айдап  алады.  Соныңқарымын  қайтару  үшін  көп  қол 
жинап,Күтір  өзінің  батыр  балаларын  бас  қылып,  Шекті  еліне 
жорықжасайды. Сол шайқаста  естектіңжасақтары қырғынға ұшырап, 
Арыстан  мен  Қайдауыл  жекпе-жекте  естектің  бірнешебатырларын, 
ішінде  Күтірдің  үшұлын  жер  жастандырған.  Осыызаға  шыдамаған 
Күтір  қосат  жеккен  арбасымен  шабуылдыөзі  бастап,  Көтібардың 
сарбаздартобына  шүйілсе  керек.  Сол  кездеКөтібар  Қайдауылға: 
«Менатсам бірден өліп кетер, сен ат»деген қезде Қайдауыл  Күтірдің 
екіжауырынынбір  оқпен  байлаптастаған  екен.  Арыстан  арбадан 
аударып,  басын  шаппақ  болғанда  Күтір  Көтібарға  «бір  ауыз  сөзім 
бар», - депті.   
Көтібар, еңіреген сен бір ерсің,  


81 
 
Бір білсең қадірімді сен білерсің.  
Көзімді қарға болсаң шұқи бер де,  
Қаз болсаң орғаныңа семірерсің, - деп аяғына жығылады.  
Сонда  оның  айдап  салғанға  еріп,  адас  іске  ұрынғанын  білетін 
Көтібар:  «Сен  опасызбен  жау  да  болсаң  қатар  өсіп  едік,  заманымыз 
бір  еді,  бердім  соңғы  тілегіңді»,  -  деп,  бір  елдің  бетке  ұстар 
азаматынамейірімділік  көрсетіп,  кешірім  жасапты.  Өзінің  әнтек  ісін 
кеш  түсінген,  қайғы  мен  шері  өзекке  түскен  Күтір  де  көп  ұзамай 
дүниеден озған.  
Бұл  оқиға  Көтібар  бастаған  Әлім,  Жетіру  батырларының 
патшалық  Ресейдің  естек  пен  құба  қалмақ  шапқыншыларына  қарсы 
жасаған  үлкен  тойтарыс,  асқан  ерліктерінің  бірі  еді  дейтін  үлкендер. 
Олардан ағаларға, ағалардан бізге жетті. 
Академик,  фольклортанушы  ғалым  Мәлік  Ғабдуллин:  «Әуел 
басында  тарихи  шындыққа,  нақтылы  деректерге  негізделіп  туған 
әңгімелер  кейіннен  халықтың  ауызша  айтатын  әңгімелеріне 
айналған»,  -  дейді[7,141].  Біз  бұл  еңбегімізде    Көтібарға  қатысты  ел 
аузындағы әңгімелердің  осы тұжырымға  сәйкес келетіндерін іріктеп 
алдық.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет