Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС БАЯНДАМАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет4/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
Қажым Жұмалиев және қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері

ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС БАЯНДАМАЛАРЫ 
 
 
ӘОЖ 82152.122:001.8                                    
 
АКАДЕМИК ҚАЖЫМ ЖҰМАЛИЕВТІҢ ҒЫЛЫМИ 
МЕКТЕБІ 
 
Мұсаев А.М. 
филология ғылымдарының докторы, профессор,  
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
 
1982  жылдың  қоңыр  күзінде  конкурстық  жүйемен  А.С.Пушкин 
атындағы  педагогикалық  институттың  қазақ  әдебиеті  кафедрасына 
қатардағы оқытушы ретінде жұмысқа қабылдандым. Бұған дейін өзім 
қызмет  атқарған  облыстық  «Орал  өңірі»  газетінің  ұжымымен  қош 
айтысып,  жаңа  жұмыс  орнына  ынталана  кірісіп  кеттім.  Бұрын 
институтта  сабақ  берген  ұстазым  Мәтжан  Мақсымұлы  Тілеужанов 
ұзақ  жылғы  үзілістен  кейін  (кандидаттығы  мен  докторлығының 
аралығы 30 жыл) докторлық диссертациясын Ғылым Академиясында 
абыроймен қорғап, кафедра меңгерушісі қызметінде жүрген болатын. 
Сол  Мәкең  жаңа  жыл  қарсаңында:  «Ал,  бала,  бұлай  жүре  беруге 
болмас,  жолға  дайындал,  қысқы  сессия  бітісімен,  Алматыға 
жүреміз.  Әдеби-ғылыми  ортаға  таныстырам,  тақырыбыңды 
бекіттіруіміз  керек»  ˗  деді.  Сонан  қысқы  сессия  аяқталысымен 
Алматыға  бет  алдық.  Поезбен  жүрген  ұзақ  жолда  Мәкең  өзінің 
ғылыми  ортаға  қалай  қабылданғанын,  ұстазы,  ғылыми  жетекшісі 
болған  Қажым  Жұмалиев  жөнінде  ұзақ  сыр  толғады.  Күнделікті 
өмірде көп әңгімеге жоқ Мәкеңнің сол айтқандары менің есімде мәңгі 
сақталып қалды... 
Алматыға  келісімен  Мәкеңдермен  институтта    қатар  оқыған 
Академияда 
қызмет 
істейтін, 
ғылым 
докторы 
Әбділхамит 
Нарымбетовке  кіріп, әкесінің қазасына көңіл айттық.Әбекеңнің әкесі 
Қуан  ақсақал  Жаңақала    ауданының  тумасы,  Алматыға  келіп 
баласының  қасында  тұрып,  қартайып  барып  дүниеден  өткен  екен. 
Әбекеңнің пәтері Көкбазардың жанында, академиктерге арнап жапон 
тұтқындарына  салдырған  әйбәт  ғимрат  екен.  Бұрын  бұл  пәтерде 
академик-жазушы Ғабит Мүсірепов тұрыпты. Ал, Әбекеңнің пәтеріне 
есікпе-есік  қарсы  беттегі  үйде  академик  Қажым  Жұмалиев  тұрған. 
Қазір бұл пәтерде академиктің жұбайы Шура тәтей тұрып жатыр. Біз 



 
Қажағаңның үйіне  кіріп кейуана Шура тәтейге сәлемдесіп, амандық-
саулық  сұрасып шықтық. 
...Міне  сол  уақыттан  бері  Қажым  аға  салған  қасқа  жолдан 
ауытқымай, басты назарда ұстап жүріп келеміз. 
Бүгін  осы  бір  аяулы  академик  ағанын  туғанына  110  жыл  толып 
отыр.  Бүкіл  саналы  ғұмыры  мен  бар  күш-жігерін  сөз  өнеріне,  оның 
даму  тенденциялары  ментабиғатын  тануға  арнаған  ғұламаның 
ғылыми  баспалдақтары  мен  өмірбаянын  танып  білудің  бүгінгі  ұрпақ 
үшін  маңызы  зор.  Ол  әсіресе  бүгінгі  республикалық  ғылыми-
тәжірибелік  конференция  өткізіп  отырғын  Батыс  Қазақстан 
университетінің ұжымы үшін, оның  алғашқы оқытушыларының бірі, 
өзін өшпес құрметіне бөлеген ғылымның көп қатпарлы жолындағы ең 
алғашқы  адымын  жасаған  қасиетті  шаңырақ  иелері  үшін  ерекше 
болмақ... 
Академик  Қажым  Жұмалиев  –  ұлттық  фольклортану  ғылымына, 
әдебиет  тарихы  мен  теориясын  зерттеу  ісіне  сүбелі  үлес  қосқан 
ғалым.  Осы  орайда  1958  жылы  басылған  «Қазақ  эпосы  мен  әдебиет 
тарихының  мәселелері»  атты  күрделі  еңбегінде  қазақ  халқының 
рухани-мәдени  тарихында  ерекше  орын  алатын  ақын-жыраулар 
болмысы,  өнерпаздық  табиғаты,  синтетикалық  өнер  иесі  екендігін 
айта 
келіп, 
ауыз 
әдебиетінің 
материалыының 
молдығы, 
мазмұндылығы  және  көркемдігі  жағынан  қай  халықтың  ауыз 
әдебиетінен  кем  түспейтіндігін,  фольклористика  ғылымында 
танылған сан-алуан түрлердің біздің туған әдебиетімізде кездесетінін 
шебер  баяндайды.  Туған  халқының  әдебиеті  мен  мәдениетіне 
осыншалық  зор  сүйіспеншілік  сезіммен  қараған  ғалым  қазақ  ауыз 
әдебиетінің  осыншама  бай  болу  себебін:  «Жазуы,  баспасы  жоқ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет