Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет6/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
аз  көрші  республикаларды,  Орта  Азия  әдебиетшілерінен  докторлар 
даярлау  ісіне    зор  қолқабыс  етті.  Өзбек,  қырғыз,  қарақалпақ, 
башқұрт  әдебиетшілерінің    бірқатары-ақ  (Н.Сагитов,  Н.Жапаков, 
Қ.Рсалиев,  А.Харисов  т.б.)  бұл  жағынан  Қажымға  қарыздар»  [5]  ˗ 
деп өте дұрыс айтады. 
Қазақтың  әдебиеттану  ғылымындағы  тұңғыш  кандидат,  тұңғыш 
доктор  ол  республикада  әдебиет  кадрларын  даярлауда  өлшеусіз  мол 
еңбек  сіңірді.  Әдебиеттегі  адалдық  пен  шындық  үшін  жанын  сала 
кірісетін  еңбекқор  ғалым  өзі  алған  абырой-атақтардың  буына  еш 
уақыт  пісіп  көрген  емес.  Өмірдің  ауыр  соқпақтарымен  көп  жүріп,  
қаншама  сынақтарына  тап  келсе  де  өзінің  әу  бастағы  тазалығы  мен 


10 
 
қайтпас  қайсарлығын,  биік  адамгершілігін  сақтап  қала  алды.  Қара 
ормандай  қаулап  өскен  қазақ  әдебиеттану  ғылымында  терең  сұлба 
салып кеткен өшпес ізі сайрап жатыр бұл күнде. 
Қазақтың  әдебиеттану  ғылымының  майталманы  Қажым 
Жұмалиев  Өз  ұлтының  рухани  байлығын  игеру  жолында  еткен  ерен 
еңбегі  арқылы,  халқының  өшпес  сүйіспеншілігіне  бөленді.  Өзі  ту 
ұстаушысы  болған  қазақ  әдебиеттану  ғылымы  асудан  соң  асуларды 
алып,  шыңға  шырқап  барады.  Оның  алғы  сапында  Қажыақаңның 
қордалы ойлары мен ғибратты істері, жаққан ілім-білім нұры әрқашан 
жарқырап, сара бағытпен жол көрсетіп тұрары хақ. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет