Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


БАСТАУЫШ СЫНЫПТА АҚПАРАТТЫҚ



Pdf көрінісі
бет48/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   86
Байланысты:
Қажым Жұмалиев және қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА АҚПАРАТТЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ 
 
Ергалиева Г.А. 
 педагогика ғылымдарының кандидаты, 
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 
 
Мугалимова А.  
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 
университеті, магистрант 
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында:  «Білім 
беру  жүйесінің  басты  міндеті  —  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық 
құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке 
адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу 
үшін  қажетті  жағдайлар  жасау;  оқытудың  жаңа  технологияларын 
енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық 
коммуникациялық желілерге шығу»,[1] — делінген болатын.  Қазіргі 
уақытта  адам  өмірін  есептеуіш  техника  құралдарынсыз  елестету 
қиын.  Компьютер  еңбекті  жеңілдетеді,  бос  уақытты  толтырады, 
уақытты  үнемдейді  және  алыс  арақашықтықты  қысқартады, 
есептейді,  жазады,  ақпаратты  сақтайды  ғаламтор  арқылы  бүкіл 
әлеммен  тілдесуге  жол  ашады.  Бүгінгі  таңда  компьютер  арқылы 
көркем  туындылар  жасалынады,  музыкалар  жазылады  және 
кинофильмдер  түсіріледі.  Компьютер  ғылыми  аспаптан  тұрмыстық 
техникаға  айналады,  ал  онымен  жұмыс  жасау  дағдысы  мектеп 
оқушыларынан бастап үлкен жастағы адамдарды да баулиды. 
Республикамызда  білім  беруді  ақпараттандырудың  негізгі 
мақсаты  –  бұл  ақпараттық  технологияларды  қолдану  негізінде 
біртұтас біліми  ақпараттық орта құру арқылы ұлттық білім сапасын 
арттыруды көздеп отыр. 
Ақпараттық  технология  арқылы  оқыту  тәжірибесі  деп  арнайы 
техникалық-ақпараттық 
құралдарды 
пайдалануды 
айтады. 
Компьютердің  білім  жүйесінде  кең  түрде  қолдана  басталуынан 
бастап,  жаңа  ақпараттық  технология  арқылы  оқыту  термині  пайда 
болды. 
Білім  берудегі  жаңа  ақпараттық  технологиялар  –  оқу-тәрбие 
материалдарын 
үйретуге 
арналған 
есептеуіш 
техника 
мен 
инструменттік  құралдардың  жиынтығы,  сол  сияқты  ол  есептеуіш 
техника құралдарының оқу процесіндегі рөлі мен орны, оқытушылар 


120 
 
мен  оқушылар  еңбегін  жеңілдетуде  оларды  пайдаланудың  түрі  мен 
әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі. Оқытудағы жаңа ақпараттық 
технология  аса  қажетті  педагогикалық  мәселелердің  шешімдерін 
табуға,  ой  еңбегін  арттыруға,  оқу  процесін  тиімді  басқаруды 
қамтамасыз  етеді.  Жаңа  ақпараттық  технологиялардың  негізгі 
ерекшелігі ол оқытушылар мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп 
шығармашылық  жұмыс  жасауға  көп  мүмкіндік  береді  және  оны 
педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, 
көзқарасына 
әсер 
ете 
отырып 
оның 
интеллектуалдық 
мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі. Ақпараттық технологиялар-
дың  білім  беру  саласына  енуі  педагогтарға  оқытудың  мазмұнын, 
әдістері мен ұйымдық түрлерін сапалы өзгертуге мүмкіндік береді.  
Оқу  процесінде  ақпараттық  технологияны  енгізу  оқушылардың 
танымдық әрекетін белсенді етуге қолайлы жағдай туғызады, қажетті 
құбылыстарды  зерттеуде  дыбыс,  бейне,  нақты  белгілі  өңделген 
хабарларды өңдеп, сақтауға мүмкіндік жасайды және оларды қолдану 
арқылы  табысқа  жетуге  болады.  Бұл  тұрғыда  компьютердің 
мүмкіндіктері  шексіз.  Ол  кез-келген  әрекеттің  нәтижесі  мен  оның 
орындалуын  бақылауды  қамтамасыз  етеді.  Техникалық  мүмкіндігіне 
байланысты  компьютер  оқу  процесін  ұйымдастырудың  жаңа 
жолдарын  ашады,  ол  тек  аудиториялық  сабақ  жүйесінде  ғана  емес, 
сонымен  қатар  аудиториядан  тыс  өзіндік  жұмыс  жағдайында  да 
қолданылады.  
Оқытуды 
компьютерлендіру 
кезінде 
әсіресе, 
үйретуші 
программалармен  жұмыс  істегенде  компьютер  оқушылардың  оқуға 
деген  позитивтік  қатынасын  қалыптастыруды  тиімді  шешуге  ықпал 
етеді.  Ондай  программалар  оқушыларға  өздеріне  ыңғайлы  оқып 
үйрену темпін таңдап алуына мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет