Әдебиет
1.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
2.
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ
энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
3.
Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтама.
Алматы, 2011
4.
Кожиров Б. "Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары" 2010г
5.
Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар
мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы.
“Алматыкітап баспасы”, 2009
ӘОЖ 781
МУЗЫКА ТЕОРИЯСЫНДАҒЫ ТЕРМИНОЛОГИЯ ТҮСІНІГІ
Н. Жанболатов
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, П – 143 тобының
студенті
Ғылыми жетекші: Б.К. Бодауова, музыкалық білім кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.
Музыкалық терминология – музыканың шығуына байланысты ортақ
мағыналары бар (нота жазуы, динамика, жылдамдық, орындаушылық характер,
орындаушылық әдістер) музыканың әр түрлі саласын қамтиды. Сонымен, музыкалық
терминдердің басым бөлігі италиян тілінде жазылған. Бірде Аполон Орфейімен
тартысса, бірде өзге бір себеппен, бірақ экономикалық және саяси жағынан артта
қалған Италия музыкада қайта жаңғырды. Мысалға алатын болсақ: табиғи және жай
түрде Моцарт өзінің кейбір операларын («Свадьба Фигаро», «Дон Жуан») италия
тілінде жазды. Сол уақыттарда терминдердің орташа жиындарын қолданды және оны
сазгердің бір сарынды орындаушылығы мен өкілеттігіне байланысты түсіндіруге
болады.
Домоцаттық кезеңде және ертеректе жылдамдық анықтамасында ұқсастық болған
жоқ. Ол метрлік ырғаққа тәуелді болды. Дыбыс ұзақтықтары – бүтін, жарты, төрттік
және т.б. абсалютті мөлшерге ие деп саналды. Бірақ та бұл қойылымдардың
субъективті дәл еместігі күмән тудырған жоқ. Дыбыс ұзақтықтары және олардың
арақатынасы өзінің арифметикалық мағынасын жоғалтқан кезде, олардың
жылдамдығына (тез, ақырын, орташа) деген қажеттілік туды. Мүмкін, терминология
түсінігі алғашында динамика мен жылдамдыққа байланысты туындаған болар. Бірақ,
бұл соңына келгенде субъективтіліктен арылтқан жоқ, яғни біреуге-тез, біреуге-орташа
және басқа да қабылдау сатылары.
XIX ғасырдан бастап дифференциалды шығармашылық күшейді: сазгер жиі
орындаушыға, орындаушы аздап сазгерге (немесе сазгерді екінші сортты деп атады)
айнала бастады. Бұл құбылыс жаңа терминдерге толықтырулар мен жаңартулар енгізді.
Мельцел туындысының нәтижесінде метроном пайда болды. Тарихтан белгілі,
Бетховен жаңа тілді меңгере отырып «оның шығуын қарсы алды», италияндық
терминге қарағанда, оны байқап қолданды. Сонымен бірге, ол соңғы фортепианолық
сонатасы мен вокалдық шығармаларына өзінің ана тілі – неміс тілін енгізді, яғни
орындаушыға өз музыкасының мінездемесін (характерін), эмоционалдық мағынасын
225
түсіндіруге тырысты. Осы әдіс-тәсілді оның жолымен Р.Шуман мен Р.Вагнер
жалғастырды [1].
XX ғасырдан бастап әр жақтағы көптеген сазгерлер: К.Дебюси (Франция),
Б.Бриттен (Англия), В.Лютославский (Польша) өз ана тіліндегі терминдерді қолдана
бастады. Халықаралық терминологияға К.Дебюси көптеген әсер қалдырды. Аса ерекше
нәзіктік терминдер, оның музыкасына дәл келетін, біздің Скрябинді басып түсті ,
ешкімге еліктемей К.Дебюси Француз тілін қолдана бастады, өз терминін шығарып, өз
музыкасына өзгеше, бөлек қолданды. Сонда да, мұндай көптілділікке қарамастан,
италияндық терминдер өзінің бірінші басты мағынасын сақтауды жалғастыруда. Біздің
еліміздегі көптеген музыкалық баспалар шетел терминдерімен қатарлас, өз тіліндегі
аудармаларды да береді (орысша, украинша).
Мелизм - (грекше melismos-ән, әуен) өзінің тұрақты айналымының характерін,
стреотипті мелодиялық формуласын тудырған әуеннің әрлілігі, мелодиялық айтылуы.
Егер, біз бұрынғы сазгерлердің – А.Вивальди, Ф.Э.Бах, Ж.Рамо, Ф.Купереннің
шығармаларын алып, нота жазуларына қарайтын болсақ, онда нотадан басқа, нота
үстінен және жанынан көптеген белгі мен белгішелерді байқаймыз. XIX ғасыр
сазгерлері оларды аз мөлшерде қолданса, XX ғасырда оны азғантай шамаға жеткізді.
Көне музыкада орындаушы мен сазгер бір жүйеге үйлескенде, мелизм саны
біршама көбейіп, суырып салмалық басшылық еткен кезеңмен түсіндірілді.
Уақыт ағымына қарай, музыканттардың бөлінуіне байланысты «тек қана
орындаушы» және «тек қана сазгер» нақты фиксациялы мелизматикаға деген сұраныс
пайда болды.
Мелизматика сонау көне заманда нота пайда болғанға дейінгі аралықта
туындады және бірінші кезекте дауспен тығыз байланысты болды [2].
Аспаптық орындаушылықтың туындауынан әр түрлі мелодиялық әшекейдің,
мелос,ән, интоннациядан тарайтын ерекше еліктегіш үлгілері пайда болды. Орта ғасыр
дәуірінде шіркеу басшыларының қарсылығына қарамастан, мелизм григорияндық
хоралға нақты түрде ене бастады. Шіркеулік бір дауысты әндер ұзақ, созылыңқы
дыбыстарды қолданды. Бұл бір сарындылық тыңдаушыны да, орындаушыны да
жалықтырды. Орындаушылар өз қалаулары бойынша бұл ұзақ, созылыңқы дыбыстарды
әлдеқайда ұсақ, негізгі ұзақ тонға айналған әуенге алмастырды.
Көне аспаптық музыкада мелизматика негізінде пернелі (лютня) және таспалы
перне (клавесин), сонымен бірге молынан меңгерілген кезде қолданылды. Бірақ оның
туындауындағы басты себеп қарама-қарсы вокалдық мелизматикада болды. Егер,
кейінгі созылыңқы ұзақ дыбыс бөлшектенгенде, онда аспаптық музыкада мелизматика,
көне аспаптарда тез өшіп қалатын сияқты дыбыстың бөлінуіне мүмкіндік туғызушы
еді. Сонда да, уақыт ағымына қарамастан мелизматиканың барлық түрі белгілі бір белгі
расшифровкасының мағынасын, әр түрлі орындаушы тәжірибесінде осы және өзге
трактовка әшекейі бұрынғдай белгілі еркіндікті жібереді.
Орындау тәжірибесінің әсері В.Моцарт пен Л.Бетховеннің көптеген сонаталық
басылымдарында айтылған. Сондықтан да, бірдей мәтінді қарау арқылы ерекшеленген
және ерекшеленбеген форшлагтардың түсіндірмесіне кезігесің. Пеагогикалық
тәжірибедегі көпдауыстылық – басқа алдындағы бір басылымның түсіндірмесі – бізді
мелизм расшифровкасының көп тараған үлгілеріне тоқтауға мәжбүр етеді.
Сонымен, форшлаг (алдыңғы соққы) – дәстүр бойынша кейінгі нота жазуында
ерекшеленген, бұрынғы сазгерлердің басылымдарында әлі күнге дейін қолданылатын,
күшін жоймаған белгі. Бірақ та, шындығына келгенде бұл ешқандай форшлаг емес,
себебі нота алдында тұрып, жартысын өзіне алу арқылы нота ұзақтығының санымен
орындалады. Ең атақты және танымал үлгі ретінде В.Моцарттың фортепианоға
арналған л-мажор сонатасын «Рондо в турецком стиле» айтуға болады. Моцарт
226
кезеңінде және одан ертеректе оны қандай да бір аккордтың фонындағы нотаға жазу
ыңғайсыз, дыбысталуында еш өзгеріс жоқ деп танып, қолданысқа енгізді.
Ерекшеленген форшлаг оның алдында тұрғаннан емес, кейінгі нота санына
байланысты орындалды. Екі форшлаг та жоғарғы сызықшасы бар кішкентай нота
түрінде жазылады да, негізгі нотамен кішкентай лига арқылы байланысады және
ерекшеленгенді кіші ұзақтықпен, ерекшеленбегенді негізгі нота ұзақтығына
байланысты жазады. Форшлаг аккорд немесе гамма бойынша жүретін бірнеше дыбыс
болуы; негізгі дыбыстан кез-келген арақашықтыққа дейін; салтанатты характердегі
форшлаг помпезн музыкасында өзін бейнелейтін аккорд болуы мүмкін.
Ерекшеленбеген фршлагты ұзақ, ерекшеленген болса қысқа форшлаг деп атайды. Ұлы
нміс флейтисті және сазгер Иоганн Кванц өз мектебінде, XVIII ғасырда музыка
тәжірибесіндегі негізгі шығармаларының бірінде былай деп жазды: «Диссонанстар
сезімді білдіреді, ал консонанстар оларды тыныштандырады, сондықтан оларды тыныш
ойнауға рұқсат етіледі». Ұзақ форшлаг мағынасы осында жатыр. Үш бөлікті өлшемде,
мысалы, негізгі нотаның екі үшінші ұзақтығы оған отводится. Моцарт әкесі
Леопольдтан не үшін форшлаг кіші белгімен жазылады деп сұрағанда, ол былай деп
жауап берді: «Егер үлкен нота жазатын болсақ, орындаушы оған тағы бір форшлаг
қосып алуы мүмкін, онда диссонанс орнына консонанс пайда болады, яғни гармонияға
кіретін нота. Сондықтан септима алдында форшлаг үнемі қысқа келеді [3].
Трель (италиян тілінде trillo-дірілдету) – негізгі дыбыстың және оған жоғарыдан
келетін дыбыстың тез қайталануын білдіреді. Тәртіп бойынша трель – мелодиялық
жүрістің характерін білдіретін негізгі дыбыстан басталады. Әсіресе, бұл тәртіпті қысқа
нотадан кейінгі мотивті бастамадан немесе жоғары қарай үлкен арақашықтық секірісі
кезінде сақтау керек.
Латын алфавитінің екі әріпі tr трельді білдіреді және ол нотаның жоғарғы
жағына қойылады. Егер, трель қысқа болса, онда ол осы белгімен шектеледі, ал егер
ұзақ болса бұл әріптерге ирек сызық жалғанады tr˷˷˷˷˷˷˷˷˷. Егер трельдіңиүстіне қандай
да бір альтерациялық белгі қойылса, онда бұл үстіңгі қосымша нотаға қатысты болады.
Мордент (италиян тілінде mordentе-өткір, тістегіш) – негізгі дыбыстан және
жоғарыдан немесе төменгі негізгіге оралатын қосымшадан тұратын мелизмді білдіреді.
Мордент түрлері:
Қарапайым – негізгі дыбыстан, жоғарғы қосымша және негізгіге қайта
келетін дыбыстан пайда болады (яғни, трельдің бір айналымы сияқты).
Қарапайым ерекшеленген – негізгі дыбыстан, төменгі қосымша және
негізгіге қайта келетін дыбыстан пайда болады.
Екі еселенген – қарапайымның екі рет қайталанған түрі.
Екі есе ерекшеленген – жай ерекшеленгеннің екі рет қайталанған түрі.
Морденттің барлық түрі негізгі дыбыс ұзақтығының санына байланысты
орындалады. Жай және екі еселенген мордентте жоғарғы қосымша дыбыс –
ладотональдік сатысына бағынышты үлкен және кіші секунда аралығында болуы
мүмкін. Ерекше және екі еселенген төменгі қосымша дыбыс – көп жағдайда негізгі
дыбыстан кіші секунда аралығында пайда болады.
Ерекшеленген мордент баспен бір уақытта басталып, үнемі бірдей ойналады.
Жай мордент ескі тәртіп бойынша жоғарғы секундадан басталып, ұзақ форшлагтың бір
түрі болып табылады. Гармониялық қақтығыста басталуы басқа сәйкес келеді, екпін,
акцент бірінші дыбысқа тура келеді.
Тез жылдамдықта мордент көбіне триоль сияқты дыбысталады.
Бетховенде және XIX ғасырдағы сазгерлердің шығармаларында мордент негізгі
нотадан ойналады.
227
Группетто (италиян тілінде gruppetto-кіші топ) деп – жоғарғы қосымша
қарамағындағы негізгі дыбыстан, негізгі, төменгі қосымша, негізгіге қайта оралатын
дыбыстан тұратын мелизмді атаймыз. Группетто белгісі нота үстіне немесе нота
аралығына қойылады: бірінші жағдайда группетто жоғарғы қосымша дыбыстан, ал
екінші жағдайда – негізгіден басталады. Мелизм белгілерінің үстінде және аралығында
альтерация белгілері (диез, бемоль, бекар) тұруы мүмкін: төменгі белгі - төменгі
дыбысқа, үстіңгі белгі – жоғарғы дыбысқа сәйкес келеді. Нота арасына жазылған
группетто музыка характеріне байланысты ерте немесе кеш басталады және
жылдамдығы соған байланысты болады. Музыканың ақырын ойналатын бөлігінде оны
бірінші нота ұзақтығының жартысында емес, жаңа ырғақтық жігер тудыру үшін біраз
кейінірек бастау керек.
Қазіргі уақытта мелизм белгілері ішінен негізінде трель мен форшлаг көп
қолданылады. Мелодиялық айналымда мордент пен группетто нотамен жазылады [4].
Мелизматикадағы симметрия көбіне мордент, трель, группеттодан айқын
көрінеді. Фигураның ортасына орналасқан қосымша тон, жанынан міндетті түрде қатал
симметрияны бейнелейтін негізгі тон болып табылады. Мұндай фигура
комбинацияларының көптеген қайталауларын трель ұсынады. Төрт дыбыстан құралған
группетто дыбыс қозғалысының айнадағы бейнесі мелодиялық сызыққа қосылады. Бес
дыбысты группеттодан бірнеше симметриялық үлгіні қарауға болады - ортасында
негізгі дыбыспен екі рет байланысқан мордент және ортасында орналасқан, негізгіден
жұп дыбыс бойынша тұрақталған жекеменшік бес дыбысты группетто. Бұның бәрі
мелизматика айқын бейнелейтін элементарлы мотивті ұяшықтармен және әуен
құрылымымен тығыз шектесті.
Сонымен, мелизматика симметриялық, көрермендік және етудің үлгілерін
көрсетеді. Нота жазуында оны қысқартудың үлгілері бар және кейбір жағдайда
дыбысталуында шығынсыз, көрермендік симметрияны жоятын шығармалар кездеседі.
Әдебиет
1.
Щербакова А.И. Аксиология музыкально-педагогического образования. – М.,
2001. – 180 с.
2.
Медушевский В.В. О закономерностях и средствах художественного
воздействия музыки. – М., 1976. – 320 с.
3.
Бонфельд М.Ш. Введение в музыкознание / М.Ш. Бонфельд .- М. : Владос, 2001.
- 224 с
4.
Байжігітов Б. Көркем өнер терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі / Б.
Байжігітов .- Алматы : РБК, 1998 .– 78 бет.
ӘОЖ 78.072
КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКАНЫҢ АДАМ АҒЗАЛАРЫНА ЖӘНЕ
ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ
М.Е. Илалов
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, П – 301 тобының
студенті
Ғылыми жетекші: Ж.Т. Тыныбаева – Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті, музыкалық білім кафедрасының аға оқытушысы
228
Музыка (грек. musike, тура мағынасында «музыкалар өнері») – белгілі
биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға өзінің үйлесімді ұйымдасқан сазды әуенімен
әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнердің бір түрі. Музыка дегеніміз
— сырлы да сиқырлы дыбыс. Ал, дыбыс – табиғат. Табиғатсыз тіршілік жоқ болса,
дыбыссыз музыка жоқ. Әуен көптеген сансыз дыбыстан құралады. Табиғаттан пайда
болған жаңбыр, дауыл, жел үні, су сылдыры, құстардың әні, аңдардың үні мен
қимылы, жан - жануарлардың боздауы, кісінеуі т. б. дыбыстарға еліктеуден әуен
құралады. Жақсы ән мен сазды музыка – жан азығы. Әсем ырғақты, жан тербетер ән,
сазды музыка тыңдаған адамның жүрегі жай тауып, рахат сезімге, ерекше қуанышты
күйге бөленеді. Солардың арқасында қан айналу, зат алмасу процесі жақсарады.
Соның ішінде классикалық музыка көңілді көтереді, қайғыны жеңілдетеді, бойды
сергітеді, жанға жайлы эмоция тудырады.
Адамзат баласының тіршілік өмірінде ең бағалы нәрсе, оның денсаулығы.
Денсаулықты сақтап,үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп, оған пассивті түрде емес
активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты
міндеті. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты –
денсаулығының мықтылығында. Дені сау адам көңілді жүреді. Аталарымыз керемет ән
тыңдаса «алпыс екі тамырым босап», ғажайып бір күйге ендім деп жататын бұрын.
Яғни, ертеден-ақ музыка өнерінің тозған, шаршаған жүйке талшықтарына қозғау
салып, жан бітіретін күшке ие екендігін білген. Музыка мен ән-күй құрамында
химиялық уы болмайтын, адамның тәнін уламайтын, жанына рахат сезімін тудыратын,
психологиялық әсері күшті таза мөлдір дәрі деуге де болады. Әрине, музыка дыбысы
электромагнитті толқын тудырып, ірі қуаттық өріске айналатындықтан, оның жер
бетіндегі тірі организмдерге әсері тез болады.
Медицинада музыкалық фармакология деп аталған бөлім бар. Музыкалық
фармакология негізгі емдік болып табылатын классикалық музыка болып есептеледі.
Ұзақ зерттеулер нәтижесінде классикалық музыканың ауыр науқастан кейін тез
қалыпқа келуіне көмектесетіні дәлелденген. Ғалымдар кларнет немесе пикколо
сыбызғысынан шыққан дыбыстар қан айналымын қалыпқа келтіретінін дәлелдеген.
Гендель шығармалары психикалық ауытқуы бар адамдарға оң әсер етсе, болашақ
аналарға Моцарт шығармаларын тыңдаған пайдалы. Моцарт шығармаларының
адамның ойлау қабілетін арттыратындығы да дәлелденген.
Ең таңқаларлығы классикалық музыкалар тыңдаған адамдардың барлығына,
тіпті классикалық музыканы ұнатпайтындарға да жақсы ықпал еткен. Қытай мен
Грекияда музыканың емдік қасиеті жайлы ертеде ақ белгілі болып, ол біздің дәуірімізге
музыкотерапия немесе вакалотерапия ретінде жетіп отыр. Музыканың дыбысына,
ырғағына байланысты адам организмі әрқалай әсер алады. Сондықтан, оны кейбір
жүйке ауруларын емдеуге, олардың алдын алу мақсатында пайдаланатыны белгілі.
Мысалы, әсерлі музыка қалқанша, эндокринді бездер қызметін едәуір жақсартады
да,гормондар бөлінуі күшейе түседі. Музыка ас қорыту тізбегіне де жағымды әсер
етеді. Музыканың адамға әсері оның қандай аспапта орындалуына байланысты.
Мысалы, сыбызғы үні қан айналымына,жүрек тамырларына пайдалы әсер етсе,скрипка
мен фортепиано адамның жанын жай таптырып, жүйкесін тынықтырады екен. Ал,
қазақтың екі шекті музыкалық аспабы қоңыр домбыраның күмбірлеген үні, киелі
қылқобыздың елжіретер сырлы сазы қалай сізді бей-жай қалдыра алады?
Классикалық музыка бірнеше ғасырлар өтсе де ойлау процесін жеделдететін
катализатор ретінде осы кезге дейін пайдаланылып келді.
Яғни, классикалық музыканы тыңдау арқылы біз тек оның әуенін тыңдап қана
қоймай, емдік қасиеттерін де пайдаланамыз. Емдеу кабинетінде немесе оқу залында
229
ойнап тұрған классикалық музыка адамның ойлау қабілетінің арттыратындығын
Мэриленд және Пенсильвания Университетінде тәжірибе негізінде қорытындыланған.
Неврологтар классикалық музыка ми функцияларына жағымды әсер ететініне
тоқтала келе, классикалық музыканы оқу залдарында пайдалану қажеттігін айтады.
Дегенмен, ми қабілетін арттыру үшін неге классикалық музыка әсер ететіндігі әлі
күнге дейін жұмбақ.
Ғалымдар, нейробиологтар, психологтар, терапевтер, физиктер Моцарт музыкасын
зерттей келе оның тек сұлу музыка ғана емес, оның ми жұмысын арттыратын қабілеті
бар екендігін зерттеді.Моцарт шығармаларының әуендері мидың шығармашылық
жұмысқа жауап беретін бөлігінің жұмысын арттырады. Ол үшін адам Моцарт
шығармаларын күнделікті тыңдауы қажет, ал жас өсіп келе жатқан бала күнделікті
Моцарт шығармаларын тыңдаса, оның шығармашылық қабілеті жоғары деңгейде
қалыптасып, ойлау қабілеті артады. Бұл жерде айта кететін жайт: Альберт Эйнштейн
Моцарт шығармаларын тыңдауды жақсы көрген.
Классикалық музыка ми жұмысын жақсартып, кейбір аурулардың өтуін тездетеді.
Бұл шешімге итальяндық ғалымдар келді. Олар «Вивальди эффектісі» деп аталатын
феноменді ашты. Ғалымдардың айтуынша,оның танымал «Жыл мезгілдері» концерттер
топтамасын күнделікті тыңдау адам миының жұмысын әлдеқайда жақсартады.
Ғалымдардың зерттеулерінде, 24 кісіге белгілі бір ретпен орналасқан сандарды
есте сақтау ұсынылды. Осы кезде Антонио Вивальдидің музыкасын тыңдағандар
сандарды еш қиындықсыз есте сақтап, қайта айта алады.
Классикалық музыка адам миының кейбір жерлеріне әсер етіп, ес қасиетін
қоздырады екен. Қысқа мерзімге болса да, адамның ойлау, еске сақтау қабілеттері
айтарлықтай жақсарады. Айта кетсек, ғылымда «Моцарт эффектісі» деп аталатын
феномен бар. Кішкентай балалардың әйгілі композитор туындыларын тыңдау
барысында интеллектуалды жағынан тезірек дамитыны дәлелденген.
Музыканың бұндай әсері бұрын да байқалған екен. Мысалы, Чайковский
музыкасын тыңдаған сиырлардың сүті көбейетіні кеңес заманында-ақ байқалған екен.
Зерттеуге қатысқан адамдар алдын ала медициналық сараптамадан өткен. Кейін
бірнеше апта түрлі музыканы тыңдаған олар зерттеуден қайта өтті. Әрине,ең пайдалы
музыка түрлері классикалық музыка мен жергілікті фольклор болды. Сондай-ақ өзіне
ұнайтын, сүйікті жанрларды музыкасын тыңдайтындардың қан айналысы 25 пайызға
жақсарады екен.
Ғалымдар классик-композиторларарасынан Моцарт, Вивальди, Бетховен,Дебюсси,
Рахманиновты таңдауға кеңес береді. Әдетте ұйықтар алдында тыңдаған музыка
ерекше әсерлі болады. Осылайша «Вивальди эффектісі» термині енгізілді. Ғалымдарға
сенсек Вивальди музыкасы физикалық аурулар кезінде адамның сауығуын 2 есеге
тездетеді.
Классикалық музыканың әсерімен қан құрамында айтулы өзгерістер
болатындығын және ол өзгерістердің ағзаның вирустардан қорғаныс қабілетін
арттыратындығын ғалымдар зерттеп дәлелдеген.Сондықтан,сіздің үй дәріханасынан
Моцарт, Бах, Шопен орын алса артық етпейді.
Виолончель - жүрек, бүйрек ауруларын емдейді. Рушель Блаво зерттеулеріне
сүйенсек, виолончельде ойнаған музыканы тыңдау арқылы ішкі,сыртқы ісіктерден
құтылуға болады, ағзадағы артық сұйықты сыртқа шығарады.
Орган – омыртқадағы энергетикалық айналымды ретке келтіреді.
Дабыл – жүрек соғысын ретке келтіреді,бауырды емдейді,қан айналымын ретке
келтіреді.
Фортепиано - /пианино, рояль/ бүйрек жұмысын реттейді, нерв жүйесін
тыныштандырады.
230
Арфа - жүрек жұмысын ретке келтіреді.
Жоғары қан қысымын ретке келтіруге Мендельсонның «Свадебный маршы»
көмектеседі.
Бүйрек, қуық ауруларында: Иоганн Штраустың «Голубой Дунай» шығармасын
тыңдаған тиімді.
Музыкотерапия көмегімен емдеуге жататын ауруларды топтарға бөлуге болады:
1.
Психосоматикалық ауытқулар:
Стресс салдарынан болатын иммундық жүйенің ауытқуы
Аллергия /тері аурулары /
Тыныс алу жолдары аурулары
Артериялық қан қысымының аурулары,жүрек неврозы
Гастриттер
Жасөспірімдер нашақорлығы,шылым шегу, алкогольге құмарлық
2.
Гормондық баланстардың бұзылуы:
Жүрек-қан тамырлары ауруы, асқазан-ішек аурулары
Әйел және ер адамдардағы климакстық кезеңнің қиын түрде өтуі
3.Невроз
Жоғарыда атап көрсетілген аурулардан басқа музыкотерапия әйелдердің жүктілігі
кезінде жақсы әсер етеді. Жүкті әйелдерге арналған бағдарламаны тыңдай отырып,
болашақ ана жеңіл босануға дайындалады.
Кез келген ән мен күйдің өзіндік ерекше мәні бар ырғағы мен ритмі болғандықтан,
оның мәнділігін орындап халыққа жеткізуде әнші мен күйшінің орындау қабілетіне
байланысты болады да, әсері де әр түрлі болады.
Сазды да сырлы музыка, әсіресе, жасөспірімдер мен жас балалар үшін қажет.
Музыка олардың орталық нерв жүйесіне, яғни, жүйкесіне әсер етіп, ой - өрісін
жетілдіреді, рухани дүниелерін байытады, сезімталдыққа, нәзіктікке, қайырымдылыққа
тәрбиелейді. Ресейде арнайы музыканың емдік әсерін зерттейтін орталықтар мен
қоғамдық ғылыми зерттеу институттары және Санкт-Петербург қаласында арнайы
«Музыкатерапия» мектебі жұмыс істеуде. Бұдан музыканың емдік шипасының
болашағы барын аңғаруға болады. Батыс елдерінде классикалық Шопен, В. Моцарт, Ф.
Лист және Бетховеннің шығармаларын жүйке ауруларының түріне қарай пайдаланса
және де классикалық музыканың адам ағзаларына, денсаулығына тигізер әсері зор деп
ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |