Аудан әкімі Батырбек ҚҰЛЕКЕЕВТІҢ
31 мамыр – ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын
еске алу күніне арналған митингідегі сөзі.
Құрметті қауым!
Қадірменді жерлестер!
Биыл ашаршылық жылдарына 82 жыл, саяси қуғын-сүргінге 77 жыл толып
отыр. Халқымыздың соңғы алты ғасырға жуық тарихында, тағдырында қилы-
қилы жайларды бастан кешкені белгілі. Соның ішінде Кеңестік дәуірдің өзіндік
орны бар. Социалистік құрылыстың 74 жылы ішінде Қазақстан жұлдызды сәтті
де, көкіректі өртер қасіретті де бастан өткерді. Әміршіл жүйе, тоталитаризмнің
қазақ халқы кешірмейтін, ұмытуға болмайтын екі қылмысы бар.
Оның бірі – 1931-1932 жылдардағы ашаршылық, екіншісі – 1937-1938
жылдардағы саяси қуғын-сүргін.
1930 жылдан бастау алған Ф.И.Голощекиннің «Кіші Октябрь»
ұйымдастыру жөніндегі құйтырқы саясаты қазақ халқын өте ауыр қасіретке
душар етті. Қолындағы малын күштеп тартып алған халықтың күн көрісі
қиындап кетті. Өмірдің мәні бір тарының қауызына сыйды. Жаппай аштық
жайлады. Аштықтан, күшпен, зорлықпен тәркілеуден зәрезеп болған халық
халық шет елге өтіп, босқынға айналды. Қытай асты, ішкі Ресейге өтті. Амалы,
шарасы
жоқ
халық
ақ
сүйек
болып
қырылды.
Қазіргі деректерге сүйенсек, кем дегенде 2 миллионнан астам адам аштық
құрбаны болды. Бұл сол кездегі халықтың 52-53 пайызын құраған.
Әміршіл жүйе қызыл террор мұнымен де тоқтамады. 1937-38 жылдары
халқымыздың зиялы азаматтары, ұлтымыздың бетке шығар қаймағы, Алаш
арыстары Шәкәрім қажы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып
Дулатов, Маған Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытовтар, қоғам қайраткерлері Сәкен
Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Исаев, Ораз Жандосов, Бейімбет Майлин,
Ілияс Жансүгіров сынды ақын-жазушылар, тағы басқа елім деп еңбек еткен
асыл азаматтар саяси қуғын-сүргіннің, жазықсыз жаланың құрбаны болды.
1930 жылдан 1956 жылға дейін Кеңестер Одағында 26 лагерь жұмыс
істеген. Оларда 20 млннан адам қамауда ұсталды. Осы лагерьлерде 1 млн
адамның өмірі қиылды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылдың 14 сәуірінде «Жаппай саяси
қудалаудың құрбандарын ақтау» туралы Қазақстан Республикасының Заңы
қабылданды. 31 мамыр – Елбасының Жарлығымен «Саяси қуғын-сүргін
құрбандарын
еске
алу
күні»
болып
белгіленді.
Аудан орталығы Бауыржан Момышұлы ауылындағы осы алаң 1931-32
жылдардағы аштық пен 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің құрбаны
болған жерлестеріміздің рухына қойылған мәңгілік ескерткіш. Бүгін олардың
рухына бәріміз тағзым етеміз. Олар тәуелсіздік, азаттық жолында құрбан болды.
Біз оларға қарыздармыз.
Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне
арналған митингіні ашық деп жариялаймын!