Әбдісамат ӘБДІШ,
Жаңақорған-Ақтас-Жаңақорған.
АЛАШТЫҢ АНАСЫ АТАНҒАН СЫР
БОЙЫНДАҒЫ ШЕЖІРЕГЕ ТОЛЫ КӨНЕ
ӨҢІРДІҢ БІРІ –ЖАЗИРАЛЫ ЖАҢАҚОРҒАН
ЖЕРІ. АУДАН АУМАҒЫНДА ДІНИ-
РУХАНИ, ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЖӘНЕ ӘУЛИЕ-
ӘМБИЕЛЕРДІҢ КЕСЕНЕЛЕРІ МОЛЫ-
НАН КЕЗДЕСЕДІ. ШҮКІР, ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ
АҚ ТАҢЫ АТҚАННАН КЕЙІН, АТА ДІНІ МЕН
ҰЛТТЫҚ ДІЛДІ, ТАРИХ ПЕН МӘДЕНИЕТТІ ТҮГЕНДЕЙ
БАСТАДЫҚ. БҮГІНДЕ ҰМЫТ БОЛҒАН ҚҰНДЫЛЫҚТАР
ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУДА. МҰНЫҢ БАРЛЫҒЫ ТӘУЕЛСІЗ
ЕЛДІҢ ҰСТАНҒАН БАҒЫТ-БАҒДАРЫНЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫН,
БАҺАДҮР БАБАЛАРДЫҢ САЛҒАН САРА ЖОЛЫ-
НАН АЙНЫМАҒЫННЫҢ БЕЛГІСІ. МІНЕ, ОСЫ ОРАЙДА
ЖАҢАҚОРҒАН ТОПЫРАҒЫНДА ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25
ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНА ИСЛАМ
ДІНІНІҢ НАСИХАТТАЛУЫНА АЙРЫҚША ҮЛЕС ҚОСЫП,
ЕЛ МЕН ДІН БІРЛІГІНІҢ САҚТАЛУЫНА ҒҰМЫРЫН
АРНАҒАН ӘУЛИЕ – АЙҚОЖА ИШАННЫҢ ТАРИХИ
ТҰЛҒАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ. БАБА ҰРПАҒЫ ҚАЗАҚСТАНҒА
ТАНЫМАЛ ҒАЛЫМДАР МЕН ТАРИХШЫЛАРДЫҢ БАСЫН
ҚОСЫП, КИЕЛІ МЕКЕН ТӨРІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОН-
ФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗДІ. НАҚТЫРАҚ АЙТҚАНДА, БЕСАРЫҚ
БЕКЕТІ АУМАҒЫНДАҒЫ АЙҚОЖА ИШАН-АҚТАС
МЕШІТІНДЕ АЙТУЛЫ РУХАНИ-МӘДЕНИ ШАРА ӨТТІ.
ТҰҒЫРЫ
БИІК
ТҰЛҒА
Сөнбейтін шырақтың
Ол «Жаңақорған шипажайын» ауыр кезеңдерде қайта
қалыптастырып, жиырма жылға жуық басшылық етіп, айтулы,
ірі мекемеге айналдырды. Осылайша іскерлігімен көпке үлгі,
тыңнан сүрлеу таба білетін жаңашылдығымен ерекшеленді.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші,
игілікті істің басы-қасынан табыла білетін ел ағасы жуырда
жетпіс жылдық мерейтойын елмен бірге тойлады. Ас беріп,
қалың жұртшылықтың ілтипатын алды. Қоғамда әлеуметтік
аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созып, разылығына
кенелді. Міне, ардақты ағаның өмір жолындағы ел деген
еңбегі әрқашан бағалы. Сондықтан, ел ағасы жуырда ҚР Ин-
вестиция және даму министрлігінің «Үшінші дәрежелі Еңбек
даңқы» медалымен марапатталды. Марапатты Қазақстан
«Тау-Кен» металлургия салалық кәсіптік одағы қоғамдық
бірлестігінің төрағасы Асылбек Нұралин арнайы келіп, омы-
рауына тақты.
– Ауданның имиджіне айналған шипажайдың бүгінгі
деңгейі кез келген алдыңғы қатарлы емдеу-сауықтыру
кешендерімен
бәсекелесе
алады.
Заманауи
құрал-
жабдықтарымен жабдықталған еңсесі биік нысанның
әлеуетін жан-жақты кемелдендіруге күш салып, келер буынға
аманат еткен ағамыз әлі де ел экономикасының артуына
қажырлы үлес қосып келеді. Жалпы, «Құрмет» ордені мен
«Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы» мәртебелі мара-
патын кеудесіне таққан тұлға, енді «Үшінші дәрежелі Еңбек
даңқы» медалымен тағуға лайықты кісі. Себебі, ол – еленген
ел ағасы! – деді Асылбек Жамашұлы.
Мерекелік шарада Зинабдин Шермағанбетов, Музарап
Махмутов, Бегайдар Әлиакбаров, Өмірсерік Тақырбасов сөз
алып, тұғыры биік тұлғаның халықшыл игілікті істерін сөз
етіп, аудан халқы атынан ризашылығын білдірді.
Әлібек ТЕМІРБЕК.
Әдеттегідей «Sinooil-дың» қасындағы аял-
дамадан таксиге отырып, жұмысқа келемін.
Жаңақорғандық таксистерге қайран қаласың, сая-
саттанушы секілді әңгімелері ірі. Аузынан шыққан
әрбір сөзді көзбен көріп, зерттеп, зерделегендей
сенімді айтады.
– Осы қара күзде құрылыстың қызатыны несі?
Қайбір жылы Аманкелді көшесіндегі суағарды күн
суығына қарамастан жасады. Әйтеуір бітірді ғой! –
деді таксист.
– Иә, күзде қағынатын әдеттері емес пе? – деп
қолдай кетті жолсерік.
Әлге сөзге қанаттанған жүргізуші:
– Манап Көкенов көшесінде де суағар салынды.
Бірақ, қайран ақша желге ұшты ғой! – деп терең
дем алды.
Қасындағы азамат: – Неге олай дейсіз?! – деп
таңырқай қарады.
Әлгі сөз рөлді тізгіндеген жігіттің арқасын
қоздырып жібергенді ме, екінші тынысы ашылған
сүйгіліктей, сөйлеу екпінін күшейтіп, мән-жайды
түсіндіре бастады.
– Әлгі Көкенов көшесінде жоғарыдан келген
суды сондағы көлге құятын суағар жасады. Бірақ,
жасағанының не керегі бар? Миллиондаған қаржы
жұмсалған суағар бір жыл өтпей-ақ көміліп қалды.
Сонда жергілікті билік ай қарап отыр ма?
– Оны көмген ауыл-ауылдан қатынайтын
таксисттер шығар...
– Иә, таксисттердің ісі. Бірақ, атқарушы билік
оны бақылап, көмген жүргізушілерге айыппұл
салсын, болмаса, суағардың үстін топырақ
түспейтіндей жауып қоюға болады ғой! – деді.
Қызу әңгімені тыңдап отырып, аудандық
басылымның редакциясына келгенімді байқамай
қалыппын. Өзім беттеген мекен-жайға келгенімен,
көліктен түскім жоқ. Екі саясаттанушының әңгімесі
қызықтырып барады. Бірақ, жұмыстың аты жұмыс,
уақытылы келіп, редакцияға түскен хаттар-
ды қорытып, газеттің нөмірі сапалы шығуы үшін
жұмыс жасау қажет-ақ.
Қарбалас жұмыс арасында әлгілердің айтқан
әңгімесі құлағымның ұшында жаңғырып тұрды.
Сосын Манап Көкенов көшесіндегі суағар жайлы
мәліметтерді жинастыра бастадым.
Суағар 2014 жылы 12 млн. теңгеге салынып-
ты. Ондағы мақсат жауын-шашын суы көлге ағып
кетуі тиіс екен. Алайда, таксист айтқандай, «Нұр»
базарының алдындағы су ағар көміліп қалыпты.
Қалған жерлерінде де күзгі жапырақ және т.б.
тұрмыстық заттардан көз ашпайды.
Әрине, біздікі жергілікті билікті жазғыру
емес, олардың ісінен жік іздеу де емес, тек аудан
тұрғындарының көкейінде жүрген әңгімені жеткізу.
Жалпы, биліктегі тұлғалар жұмысты неден бастау
керектігі жайлы ойланып жүрсе, таксиге отырып,
«жүргізуші-саясаткерлердің» әңгімесін тыңдап,
ой алуға болады. Кезінде мұсылман әлемінің
сақтаушы аталған Бейбарыс сұлтан базарға ба-
рып, қарапайым жұртпен әңгіме-дүкен құрып, ел
аузындағы әңгімелерді саралап, небір халықшыл
тірліктерді бітіріпті. Ендеше жаңадан сайланған
әкімдерге біздің айтқан сара ой бағыт-бағдар
береді деп ойлаймыз.
СУАҒАР
Қырықтың қамалын бұзып, елуді
еңсеруге таяған Базарбай Зәрерұлы егіс
даласының жай-жапсарымен ес білгелі та-
ныс. Ата-анасының кеңестік дәуірден ты-
раштана тіршілік еткенін көріп өскен еңбек
иесі жастайынан бейнеттен бас тартпады.
Ер жетіп, әскерден келгелі бар еңбегін қара
жерге сарқа жұмсаған диқанның ата кәсібіне
жиырма жылдан асыпты. Алты жылдан
бері Сапарбек Такиров төрағалық ететін
«Хамит» шаруа қожалығында қарапайым
жұмысшы ретінде тер төгіп жүр. Десе де,
бар міндет пен жауапкершілік Базарбайға
артылған. Себебі, ол еңбегіне өнбегі сай,
адал азамат, бейнеткеш жұмысшы. Иә, 35
гектар мақсарының әр гектарынан 18 цент-
нерден өнім шығарудағы басым үлес те осы
азаматтың есіл еңбегі.
– Дархан даланың қасиеті кең, жері
жомарт қой. Жер ананы сүйіп, бар
ықылас-тілегіңмен еңбек етсең, жемісін де
көреді екенсің. Шаруа қожалық басшысы
көктемде сенім артып, бар жұмысты өзіме
тапсырған еді. Сол сенім үдесінен шығу үшін
күндіз-түні егістікті малдан қарауылдап,
уақытында дән сеуіп, мезетінде жинай
білдік. Оның үстіне, биыл ауа райы да егіске
жайлы болып, жауын-шашын мол бол-
ды. Ақ егіс суарылмайтындықтан, табиғи
жаңбырмен өсті. Дән жинауға сақадай сай
болған техника мен механизаторлардың да
көмегі көп болды. Міне, осындай бірлесіп
кіріскен еңбек мол жемісін берді, – дейді
Б.Қасымханов.
Еңбек ептілікті талап ететіні анық. Өз
шаруасына құлшынысы мен ұмтылысы
зор кейіпкердің үздік өнім алудағы басты
табандылығы да еңбекке деген ептілігінде
болса керек. Мұны Базарбай Зәрерұлы
жұмыс жасайтын шаруа қожалық басшы-
сы да қолдайды. Басшының айтуынша, Ба-
зарбай – еңбекқор, уақытпен санаспайтын,
барға қанағат, жоққа сабыр ететін, өте
бейнеткеш жұмысшы. Отбасынан жырақ
жүріп, күндіз-түні егін басында түнейтін
диқанға толық сенгендіктен, егістің бар
жайын Базарбайға сеніп тапсырған.
Түйін. Егіс даласының қым-қуыт
тіршілігінен бас алмайтын еңбек адамы-
мен ұялы байланыс арқылы тілдескенімізде
тағы да егістік жерге аттанып бара
жатқанын айтты. Мақсаты – жабайы шөпті
өртеп, бөгетті көтеріп, жерді көктемгі егіске
дайындау. Бір басынан дархан даланың ты-
нымсыз тіршілігі артылмайтын диқан үшін
аудан әкімінің алғысын алу үлкен мәртебе,
мерейлі жеміс болды. Лайым, еңбегі ерен
ердің бейнеті ақтала берсін. Иә, біздің
ауданда мақтанып айтар еңбек ерлері
жетерлік. Бірі мақсары егіп, үздік нәтиже
көрсетсе, енді бірі бидай, жоңышқадан
несібесін айырған.
Ханзада ДОШАН.
КӨҢІЛ СЕНІМДІ БОЛАР
ЕҢБЕК ӨНІМДІ БОЛСА,
сәулесі
(Жалғасы. Басы 1-бетте)
«Елдің
атын ер шығарар» деген
мақалды қазақ тегіннен-тегін айтпа-
са керек-ті. Бүгінде ауданның әлеуметтік-
экономикалық дамуына, көркейіп, келбетінің
ажарлануына өзіндік үлес қосып жүрген, ел
ағасы Аманкелді Абдуллаевтың есімі
көпке белгілі.