ТҮЙІН. Табыс талабына ұмтылған «Жайылманың»
ел Тәуелсіздігі жылдары жеткен өз жетістігі бар. Бұл
жолда елдіктің асыл мұраты, халықтық мақсаты,
діттеген белесі көрініп келеді. Мұнда су мен жер
қадірін ерекше сезінген, бейнет пен берекенің раха-
тын білген диқандар көп. Олар ауылдың төл тойына
лайықты еңбек жетістігіне жетті.
(Жалғасы. Басы 1-бетте)
– Әбдіғаппар ауылы шежіреге бай мекен.
Оның тарихы өткен ғасырдың жиырмасыншы
жылдардың аяғынан бастау алады. Сол кезеңдегі
Голощокиннің
солақай
саясатының
арқасында тарқап, тек 1966 жылы
ғана қайта жанданғанын білеміз.
Яғни, биыл ел Тәуелсіздігінің 25
жылдығымен қатар 50 жылдық
тойланғалы отыр екен. Аз-кем
аулдың тарихына тоқтала
кетсеңіз...
– 1963 жылы КСРО Үкіметінің
Түгіскен массивін игеру тура-
лы қаулысы шыққаннан кейін
ауылды қайта қалыптастыру
ісі колға алынды. Түгіскен
магистральдық
кана-
лы қазылып, оның бойы-
нан бірнеше кеңшар ашыл-
ды. 1966 жылы Түгіскен
массивінің аяғынан «Зада-
рья» кеңшарын құру туралы
жарлық шықты. Сол кездегі
ел ағалары бас сауғалап кет-
кен ағайынды елге қайтару
үшін Өзбекстан, Тәжікстан
мен Оңтүстік Қазақстан об-
лысына сапарлады. Солардың
ақыл-кеңесімен екі жүзге тарта
отбасы көшіп келді.
Араға жыл салып жүзден астам
тұрғын үйлер, мектеп, кеңшардың
әкімшілік ғимараты, клуб үйі мен ау-
рухана салынып, пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда ауылда 340 отбасы тұрады.
Кеңшар 1967 жылы қалың шеңгел, жыңғыл
және сексеуіл араласқан ну тоғайды аршып таза-
лап, 500 гектардан астам жабайы жерге күріш екті.
Кеңшардың күріштік жері тек 1978 жылы ғана толық
инженерлік жүйеге келтірілді.
– Өзіңіз жақсы білесіз, біреу малымен, енді
біреу табиғатымен мақтанады. Ал, Әбдіғаппар
ауылының айнасы не?
– Одақтың кезінде «Задарья» кеңшары негізінен
күріш өсірумен шықты. Сондай-ақ, ірі қара мен жылқы
өсірумен де айналысты. Жыл сайын 1500 гектар жер-
ге күріш, сол шамада жоңышқа және бақша дақылдары
егіледі.
–
Ауыл
тұрғындарының
әлеуметтік-
тұрмыстық жағдайы қалай?
– Әбдіғаппарлықтар нарықтық қоғамға жақсы
бейімделіп, Қазақстанның дамуына теңіздің тамшысын-
дай болсын үлестерін қосуда. Мәселен, соңғы екі жыл-
да 36 тұрғын үй салынды. Мұндай қарқынды құрылыс
жүргізу Кеңестік дәуірдің кезінде де болған жоқ еді.
Осы екі жыл ішінде 30 отбасы отау көтерді. Мұның өзі
ауыл тұрғындарының тұрмысы жақсарып, әлеуметтік
әлеуетінің артқанын білдірсе керек.
Соңғы он жылдың көлемінде ауылдағы орта мектеп
күрделі жөндеуден өткізілді, барлық көшелерге ауыз су
құбыры тартылып, су жинайтын мұнара жаңартылды.
Ауылдың негізгі көшелеріне тас төселіп, орташа жөндеу
жұмыстарынан өткізілді.
– Әбдіғаппар ауылының аты аталған кез-
де аламан додаларда облыс намысын қорғап
жүрген шабандоз жігіттер еске түседі. Осы орай-
да, ауыл жастарының ұлттық спорт түрлеріне
ықыласы неге ерекше екеніне тоқталсаңыз...
– Жалпы, Жаңабай Орынбасаров пен Ислам Бо-
ранбаев секілді сақа спортшылардың ізбасарлары
қалыптасып келеді. Қазір біздің ауылдың жігіттері
ұлттық спорт түрлерінен аудандағы бірден-бір
көшбастаушы дер едім. Ауылдың шабандоз жігіттері
бірнеше жыл бойы елдегі үздік команданың бірінен са-
налады. Сондай-ақ, соңғы 5-6 жылдың айналасында
қазақ күресі секциясы тұрақты жұмыс істеп келеді. Жас
балуандар арасында да өз өнерімен таныла бастаған
жастар баршылық.
– Әлеке, ендеше, 50 жылдық мерейтой құтты
болсын!
– Рахмет!
Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
– Бүгінгі таңда Жаңақорған кентінде бұрыннан Кеңес
заманында жақсы жолға қойылған қаракөл қойын түлетуді
қайта қолға алудамыз. Себебі, аймақ бойынша уақ малдың
70-80 пайызы осы Жаңақорған мен Шиелі ауданында. Сәтін
салса, 2017 жылдың мамыр айында алғашқы өнімді ала
бас таймыз. Сондай-ақ «Ынтымақ» шаруа қожалығының ба-
засында қаракөл елтірісін илеу цехын ашу жоспарда бар.
Биылғы жылдың өзінде селекциялық жұмыстарға мемлекет
тарапынан қаржы бөлінуде. Өнімді өткізу мәселесі де уақыт
көшімен шешімін табады. Әсіресе, қаракөл елтірісін молынан
пайдаланып келе жатқан әскери қызметкерлердің бас киімі
мен жағасына сұраныс мол, – деді П.Сыздықов.
Семинардың негізгі баяндамашысы – Хисметолла Үкібаев.
Ол – қазақтың құйрықты қаракөл қой шаруашылығын қайта
қолға алып, бар ғұмырын асылдандыру жолына арнаған жан.
Ол – ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР Ауыл
шаруашылығы министрлігі «Қаракөл қой тұқымдарының»
республикалық палатасының президенті. Отандық ғалым өз
сөзін бұл асыл тұқымды түліктің тарих бетіндегі құндылығын
айта келе, әлемдік нарықтағы бағасына тоқталды.
– 1990 жылдары республика бойынша қаракөл қойының
саны 6,2 млн-ға жетті. Отар құрамындағы аналықтың үлес
салмағы 70 пайыз шамасын құрап, жыл сайын 2,5 млн. дана
қаракөл елтерісі өндірілді. Ал, 2010 жылдан бастап, асыл
түліктің саны күрт төмендеп, 1,1 млн. ғана қалды. Жал-
пы, Қызылорда облысы қой шаруашылығы оның ішінде
қаракөл қойларын өсірумен айналысатын бірден-бір аймақ.
Тоқсаныншы жылдармен салыстырғанда, бүгінде қаракөл
қойының саны Сыр елінде 70 пайызға дейін кеміп кетті.
Бейінді шаруашылықты енді қайта жаңғыртуға мүмкіндік
мол. Атакәсіпті асылдандыруды Жаңақорғаннан бастаудың
өз себебі бар. Осындағы «Ынтымақ» ЖШС-нің директо-
ры Рахымбаба Құтыбаев «Қаракөл қой тұқымдарының»
республикалық палатасына мүше. Сондықтанда осы
қожалықтың базасында тәжірибе алмасуға бел будық – деді
ғалым.
Семинардың соң шаруа қожалық төрағалары зертхана
мамандарының малды қолдан ұрықтандыру тәжірибесіне
куә болып, арнайы сертификатқа ие болды. Осы орайда,
бұл бағыттағы тындырымды жұмыстар легін аудандық ауыл
шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ерғали Қайырбековтен
білдік.
– Қаракөл қойының қолға алынбай қалғанына ши-
рек ғасырдан асты. Енді халықаралық бәсекелестікке ілесу
мақсатында мемлекет тарапынан қайта көңіл бөлінуде.
Қаракөл қойының сапасын арттырып, дамыту мақсатында
палата құрылды. Бүгінгі таңда аудандағы қаракөл қойы
бар шаруашылықтарды қайтадан қолмен ұрықтандыру
мәселесін қолға алдық. Нақты әрекетті «Ынтымақ» ша-
руа қожалынығың базасы негізінде басталды. Өйткені, бұл
қожалық асылтұқымды қаракөл статусы бар деген мемле-
кеттен тіркеуден өткен. Әрі палатаға мүше.
Одан өзге ауданда «Қамбаркөл», «Тұртан ата»,
«Ақсеңгір», «Бақытжан» шаруашылықтары
асылтұқымды мал мәртебесін алуға қамданып
жатыр. Әрине, бізге тек өнім өндіріп қана
қоймай, қаракөл елтірілерін әлемдік нарыққа шығару
мәселесі тұр, – дейді бас маман Е.Қайырбеков.
Айта кету керек, жаңақорғандық шаруа қожалық
мұндай жаңа бастамаға биылғы жылы Қаратау төрінде
өткен «Малшылардың II- слетінде» қол жеткізген бола-
тын. Яғни, Х.Үкібаев жетекшілік ететін «Оңтүстік Асылдан-
дыру орталығы» ЖШС-мен жергілікті шаруашылық құрылым
келісімшарт жасасқан еді.
Иә, кеңестік кезеңде құны алтынмен бағаланған қаракөл
елтірісі әлі де болса халықаралық сауда да жоғары баға
ие екен. Мәселен, 2012 жылы Копенгаген аукционында
сатылған қаракөл елтірісінің әрқайсысы орташа есеппен
270 доллардан сатылыпты. Бұл дегеніміз–Жаңақорғанда
қаракөл қойының елтірісін илеу цехын салатын бол-
са, шаруашылықпен қатар, қарапайым малшылардың
да әлеуметтік жағдайы жақсарары айқын. «Қолда барда
алтынның қадірі жоқ» демекші, бір кездері ел абыройын есе-
леген қаракөл елтірісі ендігі кезекте Жаңақорғанда жерінде
қайта қолға алынуы малшы қауым үшін қуанышты хабар.
Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ША-
РУАЛАР ҚАРАКӨЛ ҚОЙ
ТҰҚЫМЫН ЖАҢҒЫРТУ
МЕН ЕЛТІРІСІН ИЛЕУ
КӘСІБІН ҚАЙТА ҚОЛҒА
АЛМАҚ. МҰНДАЙ ЖАҢАЛЫҚ
КЕНТ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ
«ЫНТЫМАҚ» ЖШС БАЗА-
СЫНДА ӨТКЕН АЙМАҚТЫҚ
СЕМИНАР БАРЫСЫНДА
СӨЗ БОЛДЫ. ОСЫ ОРАЙДА,
ҚАРАКӨЛ ҚОЙ ТҰҚЫМЫН
ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУДЫ
ТӘЖІРИБЕ ТҰРҒЫСЫНАН
КӨРСЕТУДІ МАҚСАТ ЕТ-
КЕН ҒАЛЫМДАР ӨКІЛІ
«ЫНТЫМАҚ» ШАРУА
ҚОЖАЛЫҒЫ КЕҢСЕСІНДЕ
БАС ҚОСТЫ. КӨРШІЛЕС
ШИЕЛІ МЕН ЖЕРГІЛІКТІ
ҚОЖАЛЫҚ ТӨРАҒАЛАРЫНА
ДӘРІС ОҚЫП, КЕЙІН
АТАКӘСІПТІ АСЫЛДАНДЫ-
РУ БАҒЫТЫН АРҚАУ ЕТ-
КЕН СЕМИНАРҒА БЕЛГІЛІ
ҒАЛЫМДАР КЕЛДІ.
АЛҚАЛЫ БАСҚОСУДЫ
ЖҮРГІЗГЕН ОБЛЫСТЫҚ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
БАСҚАРМАСЫ
БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫН-
БАСАРЫ ПІРМҰХАММЕД
СЫЗДЫҚОВ ҚОЛДА БАР
МӘЛІМЕТІМЕН БӨЛІСТІ.
ҚАРАКӨЛ ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
ҚАЙТА ЖАНДАНАДЫ
ЖАҢАҚОРҒАНДА
ЖАҢАҚОРҒАНДА
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық
нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауында негізгі
реформалардың бірі – экономиканың, қоғам мен мемлекеттің
тұрақтылығын қамтамасыз ету мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспа-
рын жүзеге асыруда айрықша жұмыстар атқарылып жатқандығына
тоқталды. Олар ауқымы жағынан 90-шы жылдары жүргізілген ре-
формалардан еш кем емес. Яғни, мемлекеттік және корпоративтік
менеджментті, қаржы және фискальдық секторларды неғұрлым
тереңірек реформалау мейлінше қажет. Сонымен қатар, 2016 жыл-
дан Ұлт жоспары шеңберінде қабылданған жаңа заңдар жұмыс істей
бастайды.
Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нәтижелі іс-қимыл жасау ба-
рысында жемқорлыққа қарсы заңнаманы халықаралық талаптар-
ды ескере отырып жетілдіру ісінің ерекше маңызы бар екенін айтқан
ләзім.
Сыбайлас жемқорлық – барша елдерге ортақ жұқпалы дерт. Оны
қоғамның санасын өзгертпей тұрып түп-тамырымен жою мүмкін емес.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі елде ерекше өткір және
саяси маңызы жоғары мәселе ретінде қалып отыр. Жемқорлықтың
қоғамға тигізер залалы шаш етектен.
Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі аумақтық инспекциясы өзінің күнделікті жұмысында жану-
арлар дүниесiн қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман
шаруашылығы туралы заңдар мен нормативті актілерді басшылыққа
ала отырып жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар инспекцияда сыбай-
лас жемқорлықпен күрес бағытында іс-шаралар жоспары жасалып,
бекітілген.
Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және қызметтік этиканы
сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін,
кәсіби хабардарлығын арттыру, олардың құқықтық мәдениеті мен
білімінің артуына ықпал жасау, мемлекеттік қызметшілердің оң
имиджін қалыптастыру тақырыптары қарастырылған.
Жоғарғы тараптан келіп түскен хаттардағы сыбайлас жемқорлық
көріністерінің фактілері инспекцияның жалпы және өндірістік жиналы-
старында оқып, таныстырылуда.
Осыған байланысты, инспекцияда сыбайлас жемқорлықтың ал-
дын алу жұмыстары қолға алынып, басшылықтың бақылауымен әр
апта сайын жиналыс өткізіліп отырады. Осы бағыттағы жұмыстар ары
қарай жалғасын табатын беретін болады.
Исатай ӘБДІРАЗАХОВ.
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ
АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ
ӘБДІҒАППАР
(ҚЫРКЕҢСЕ) АУЫЛЫНЫҢ
КЕШЕГІСІ МЕН БҮГІНГІНІҢ
АРАСЫНДА ЖЕР МЕН КӨКТЕЙ
АЙЫРМАШЫЛЫҚ БАР. ОСЫДАН
БҰРЫН ИТ ТҰМСЫҒЫ БАТПАЙТЫН
ҚАЛЫҢ ШЕҢГЕЛ МЕН ЖЫҢҒЫЛ, СЕКСЕУІЛ
ЖАЙЛАҒАН АЛҚАП БОЛСА, ҚАЗІРГІ ТАҢДА
ИНЖЕНЕРЛІК ЖҮЙЕГЕ КЕЛТІРІЛГЕН КҮРІШ
АЛҚАБЫНА АЙНАЛДЫ. КЕЗІНДЕ САЛЫНҒАН
ҚАЗАҚЫ ТАМДАРДЫҢ ОРНЫН ЕҢСЕСІ БИІК
ҮЙЛЕР МЕН МЕШІТ, МЕКТЕП, БАЛАБАҚША
СЕКІЛДІ ҒИМАРАТТАР БАСТЫ. БІЗДІҢ
ӘҢГІМЕМІЗ ОСЫ АУЫЛ ТӨҢІРЕГІНДЕ
БОЛМАҚ. НАҚТЫ АЙТҚАНДА, ЖАРТЫ
ҒАСЫРЫН АТАП ӨТЕТІН АУЫЛ ӨМІРІНІҢ
ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСУ
ҮШІН ЕЛ АҒАСЫ ӘЛІМБАЙ ШЕ-
РУБАЕВТЫ СӨЗГЕ ТАРТҚАН
ЕДІК.
ТАРИХЫ
ТОҚСАНҒА ТОЛДЫ
Жасыратыны жоқ, Сыр бойының бір
қапталы мен қарт Қаратаудың етегін алып
жатқан Жаңақорған ауданы ел мерейін
көтеріп жүрген таланттылар мен танымал
азаматтардан кенде емес. Әріден алсақ
Сыр сүлейлерінің бірі Құлан ақын мен
Әлшекей сынды күйшіден бастап, кешегі
дүниеден өткен ақындар айтысының туын
тіккен, биікке көтерген, Қазақстанның
Халық ақыны Манап Көкенов пен белгілі
әнші-сазгер Бексұлтан Байкенжеев, таны-
мал қаламгерлер – Мемлекеттік сыйлықтың
иегері
Д.Досжан,
Т.Нұрмағанбетов,
Б.Сарбалаұлы,
Б.Исаев,
Б.Серікбаев,
Ж.Қыдыров, республика Елтаңбасының
авторы Жандарбек Мәлібекұлы, т.б. та-
ланты нер иелері осы Жаңақорған
топырағында туып, осында түлеген, осын-
да үлкен өнерге қадам басып, ел игілігіне
айналар талай әдеби, мәдени дүниелердің
авторларына айналған.
Солардың қатарында туған елдің ты-
нысы мен тіршілігін әдебиет атты үлкен
арнаның кемерінде танытып келе жатқан
осы Сейсен болатын. Оқушысымен ете-
не сырласуды, мұрат, мақсат еткен сүйікті
ақынымыз, талай дүниелер мен тари-
хи ғұмырнамалық эсселердің авторы, үш
бірдей шығармашылық Одақтың мүшесі
Сейсен жайлы кезінде айнымас дос, бау-
ыр, іні болған мен де аз-кем сөз қозғап,
көпшілікпен ой бөліскенді өзіме парыз са-
надым.
Қазіргі қазақ ақын-жазушылары мен
өнер зерттеушілерінің талантты өкілдерінің
бірі – Сейсен Мұхтарұлы Кейден ауылын-
да теміржолшы отбасында 1946 жылдың
25 маусымында дүниеге келген еді. Туған
жердің сұлу табиғаты, Сырдың боямасыз
тіршілік-тынысы балаң жүректі мазалап,
өлең болып өрілсе, қыл қаламның ізінде
табиғаттың көрінісі белгі тастап қалып
жатты. Ол да тобықтан топырақ кешіп
Жетітөбеде балалық шағын өткерді. Мек-
тептен соң қиял жетегіне еріп, Алматыға
жол тартты. Қазақтың қара шаңырағы
Мемлекеттік университеттің журналисти-
ка факультетін бітіріп, сонда еңбек жолын
бастады. Шенді офицер ретінде екі жыл
Бурят-Монғолияда әскери қызметін өтеді.
Одан келген соң Алматыдағы «Жалын» ба-
спасында, он үш жылдай Қазақ Совет эн-
циклопедиясында, оның «Өнер» бөлімінде
аға редактор болып қызмет атқарды.
Расын айту керек, Сейсеннің өлеңге
құлаш ұрып, әдебиетке ұмтылысы ерте ба-
сталды. Табиғат берген таланты оның
көңілін мазалап, жүрегін тыншытпады.
Содан бері ол ақын, өнер зерттеуші, әрі
деректі жазушы ретінде өнімді еңбек етіп,
оқушы талғамына лайық шығармалар
беріп келді. Студент шақтан басталып, ең
алғаш 1967 жылы «Бүлдіршін» деген ат-
пен жарық көрген тұңғыш кітаптың соңы,
«Құм көшкен керуен» (1971 ж), «Қара
шаңырақ» (1971 ж), «Саптағы сарбаз»
(1974 ж), «Нұрлы жүрек» (1975 ж), «Тағы
бір көктем» (1978 ж), «Күн желкен» (1990
ж), «Нұр-тоғыс» (1982 ж), «Суретшінің
балалық шағы» (1996 ж), «Қорқыт ата»
(1998 ж), «Кәмпеске» (1997 ж) деп ата-
латын өлеңдер мен поэмалар жинағына
ұласып, бірінен соң бірі «Жалын», «Жазу-
шы» баспасынан жарық көрді.
Сейсен поэзиясына тән жаңалық өлең
құрылысы мен ой тереңдігінде жатыр.
Мәселен:
Келін
сүйген
тамағыңа,
ерініңе
тиіспейін,
Елден
келген
баласың
ғой,
маңдайыңнан иіскейін.
Татып келдің туған жердің дәм-тұзын,
Құшып келдің қызғалдағын, қыздарын.
Көріп келдің аруақтай шалдарын,
Көріп келдің періштедей балдарын.
Жақындашы маңдайынан иіскейін.
«Туған жерді сағыну» аталатын
өлеңінде ақын образды ой айтып, көркем
сурет салады. Тағы бір өлеңінде:
Сөкпегін мені сөкпегін,
Серідей көрген серігім.
Жетісіп жүр ғой деп пе едің,
Мен саған жаным,
Өмірімнің өлі арасында жеткенмін,
Тасып бір жүр ғой деп пе едің,
Шығармай жүрген жанымды.
Төзімім ғой тек менің.
Ақын ойы, көңіл толғанысы осындай.
Кеш келген махаббаттың қадірін өмірі мен
өлеңге өрнек еткен. Өлең құрылысында,
үндестік, гармония, жаңалық, елең
еткізерлік тебіреніс байқалады.
Иә, Сейсен өлеңінде ой қозғар, терең
тебіреністер жетіп артылады.
Сейсеннің «Замана», «Қарақұм», «Күн
батып, таң атқанша», «Бекзат» поэмала-
ры да ақынның алғашқы қалам сілтеген
кезінен бастап эпикалық жанрларға
төселіп, ширыға түскенін дәлелдейді.
Мәселен, «Замана» аталатын поэмасында
Алатаудың ақиығы атанған әнші-жыршы
Кенен Әзірбаевтың өмірі, өнері өзек бола-
ды.
Сейсен поэмаларының негізгі арқауы
өнер адамдары, замана тұлғасы атанған
сұңғыла суреткерлер, суретші, тағы
басқалар. Оған оның «Рембрант», «Ма-
хаббат апологиясы», «Винсент вангог»
поэмалары мен «Қорқыт Ата» даста-
ны дәлел. Оның бұл шығармалары қазақ
поэзиясына қосылған елеулі дүниелер
ретінде танылған. Бұл турасында белгілі
әдебиет зерттеушісі Қ.Салғарин кезінде
орынды баға айтып, Сейсеннің «Қорқыт
Ата» дастанын поэзияның биік шыңы деп
баға береді.
Сейсен бүгінгі көзі ашық оқырманға тек
ақын ретінде емес, тарихи ғұмырнамалық
тамаша туындылар жазған жазушы-
шежіреші ретінде танылған. Атап ай-
тар болсақ, оның қазақтың ұлы суретшісі
Қанапия Телжановтың өмірін арқау еткен
«Ата мекен» (1985ж) аталатын зерттеу
ғұмырнамалық-тарихи хиқаяты.
Сондай-ақ,
қазақтың
ұлы
тұлғаларының бірі Шоқан Уәлихановтың
150 жылдығына байланысты зерттеп
жазған көлемді еңбегі «Шоқан және
өнер» (1985ж) кітабы. Еңбек Ері, белгілі
қаламгер Ғабит Мүсіреповтың беташар
тілегімен «Өнер» баспасынан 1985 жылы
жарық көрген бұл кітаптың оқушыға бе-
рер тағлымы, тәрбиесі әрине өз алды-
на. Уақытысында жоғарыдағы екі кітап та
шығармашылық одақтар мен ғылыми ме-
кемелер тарапынан жоғары бағасын алып,
халқымыздың асыл қазыналарының біріне
айналғаны мәлім. Қазақ тарихындағы
тұңғыш
12
томдық
Қазақ
Совет
энциклопедиясындағы өнерге, қазақтың
ою-өрнегіне, көне мұраларға қатысты
дүниелердің барлығына да редакторлық
жасап, көпшілігін өзі жазып, елдің игілігіне
лайықты үлес қосқаны тағы да белгілі.
Сейсен бойына біткен қасиет соны ізге
түсу, қиынға мойын ұсынып, содан нәтиже
шығару еді. Шығармашылық жолында да
ол осы қасиеттен айныған емес. Соның бірі
соңғы жылдары тұтас ұлтымыздың азап-
ты да, азалы өткен ғасырын алдымызға
жайып салатын «Кәмеске» атты көп
томдық тарихи-анықтамалық басылым.
Ол осы еңбекті дайындау үстінде архив
құжаттарын ақтарып, көз майын тауы-
сып, еңбек жасап, бірінші томын шығарып
үлгерді.
«Жалын» баспасының тапсыруымен
жазылған көп томдық кітаптың Сейсеннің
көзі тірісінде І-ші томы ғана шығып,
оқушысына тиді. Екіншісі жазылып,
үшіншісінің материалдары сұрыпталып жа-
зылып бітпеді. Атынан көрініп тұрғандай,
бұл жазбаларға қазақ халқын отаршыл
Ресей тарапынан жер-суға, мал-мүлікке,
қала берді, рухани кәмпескеге душар ет-
кен сол бір аласапыран уақыттың көмескі
келбетінің пердесі ашылған.
Сейсеннің жан-жақтылығының тағы
бір дәлелі – ол 1970 жылдан бастап
бірыңғай баспагерлік іспен шұғылданып,
қазақ өнерінің тарихына қатысты иллю-
страциялы өте күрделі басылымдарға
сарапшылдық жасап, бұл бағытта да ке-
ремет шаруалар тындырды. Өнер, өнердің
мәні, ұлттық өнердің құдірет күші тура-
сында мерзімді басылымдарда үзбей ма-
териалдар жазып жүрді.
Жалпы ақын Сейсен азамат жай-
лы, оның шығармалары туралы ұзақ
айтуға
болады.
Әрбір
поэзиялық
шығармаларына, ғұмырнамалық хикаят-
тарына талдау жасап, пікір бөлісудің өзі
ұзақ сонар әңгіме желісіне жететіні аян.
Бірақ, біздің міндетіміз ол емес. Талантқа
тағзым ете отырып, ақын-азаматтың
туған жер перзенті болғандығынан
шығармашылық жолына аздап барлау жа-
сап, көпке таныстыру ғана. Көзі қарақты,
көңлі ояу оқушы қауымның осы әңгімеден
соң Сейсен өлеңдерін іздеп жүріп оқып,
шығармашылығы назар аударатынына,
бағасын өздері беретініне мен де толық
сенімдімін.
Сөз соңында айтарым, үш бірдей
Одақтың (Жазушылар, Журналистер,
Суретшілер) мүшесі, тұнба таланттың
иесі, тың тақырыптың түренің салған
ақын Сейсеннің атын қастерлеп, туған
ауылындағы №208 (Кейден) мектепке
есімін беру жөніндегі аудан зиялыларының
ұсынысын жоғары жақ қолдап нәтиже
шығарып жатса онда оны әдебиет пен
өнерді қастерлейтін зиялы қауымның оң
қадамы, әрі Сейсен ақынға жасалған зор
құрмет деп түсінер едім.
Ақынын қастерлеген ел қашанда биік
тұрары хақ.
Файзулла САХИЕВ,
Халықаралық Жазушылар және
Қазақстан Журналистер Одағының
мүшесі, ақын.
Сыр жағасын отырғанда тыныстап,
Көтеріп ап көңіл қошын дұрыстап.
Шертіп қойып сезім қылын әнтек бір,
Көк көптердей көтеріліп жыр ұшпақ.
Жылжып қана ағып жатыр сұлу Сыр,
Сыр елінің әр жанында жылу тұр.
Сырға толы жырға толы Сыр бойын,
Ел қызығар міндетіндей білу бір.
Қос жағасын ауыл қала жайлаған,
Сыр суына үміттерін байлаған.
Шығысы тау, батысы құм, бай дала,
Сыр суынан көркем тартар айналаң.
Ей жаратқан, Сыр еліне қуат бер,
Алтын күннен жылу менен шуақ бер.
Бірлігімен, тірлігіне сүйенген,
Қазағымды жасай берші қуатты ел.
Күріш егіп, мал өсіріп күн көрген,
Сырдың елін, кем дер екен кімдерден.
Өмірінің өзегінен сабақтап,
Жырауын айт, мұң құбылтып жырды өрген.
Сырдың даңқы кеткен бүгін алысқа,
Елің үшін сен де қуан қалыспа.
Осы жердің перзентіндей сан ұлан,
Старт алып көтерілді ғарышқа.
Кім келсе де туыс, бауыр секілді,
Қабылдайды жағдай жасап не түрлі.
Ей, ағайын, сенің орның төріңде,
Тасалайтын ештеңе жоқ бетінде.
Төбе-төбе тарихы бар, қозғасаң,
Әулие көп пір ғып егер қозғасаң.
Сен өмірде қалған жоқсың кем болып,
Талайынан шаң қаптырып озбасаң.
Сырым жылжып теңіз беттеп ағасың,
Аққан сайын елдің көңілін табасың.
Не даналар, не әулие күн кешіп,
Жайлап өткен осы Сырдың жағасын.
Достарыңызбен бөлісу: |