Фариза Оңғарсынова —1939 25 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіләдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала
Фариза Оңғарсынова —1939 25 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіләдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1966 – 68 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған Қызыметы 1966–1968-ші жылдары Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған. 1968–1970-ші жылдары республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен. 1970–1978-ші жылдары республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978–2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді. 1996–2004-ші жылдары ҚР мәжілісінің І және ІІ шақырылымдарының депутаты болды. 2014-ші жылдың 23-ші қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті Әдеби шығармашылығы Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958-ші жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966-шы жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы. 1984-ші жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Марапаттары «Құрмет белгісі» (1976) «Парасат ордені» (1996) ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1979). Халыққа білім беру ісінің үздігі (1985). Қазақстанның халық жазушысы (1991). Қазақстанның халық ақыны.[9] Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Туған жер, туған ауыл қымбат маған Туған жер, туған ауыл қымбат маған, ешкімге бұл сезімді былғатпағам. Мен оның өзім ғана сезінетін қастерлі қасиетін жырлап бағам. Ол жерге деген менде сезім бөлек, (жатпасын келгенімде өзімді елеп!) Ал оның қасиетін сезу үшін тек менің жүрегім мен көзім керек!