1. Осы ереже Аршалы ауданының жалпы білім беретін ұйымдары оқушыларының арасында өткізілетін аудандық Махамбет оқуларын өткізу тәртібін айқындайды.
2. Махамбет оқуларына оқыту тіліне қарамастан, жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сыныптарының оқушылары қатынаса алады.
3. Махамбет оқулары үш бөлім бойынша өткізіледі: «Ел құтқарар ер едім...» - Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет (ақын шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады).
«Ұлы арман» - Махамбеттің күйлерін, Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне шығарылған әндерді орындаушылардың конкурсы. «Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар). 5. Аудандық Махамбет оқуларын өткізудің мерзімі мен орнын тиісті білім бөлімі белгілейді.
5. Әрбір мектептен аудандық кезеңге 3 кандидатура: ақындардың шығармаларын жатқа оқитын бір оқушыны, әндері мен күйлерін орындайтын бір оқушыны және өз шығармаларын (өлеңдері, әндері, музыкалық шығармалар) орындайтын бір оқушыны ұсынады. Алдыңғы жылдардағы жеңімпаздар қатыса алмайды.
6. Конкурстың әрбір бөлімі бойынша алты жүлделі орын: бір бірінші, екі екінші, үш үшінші белгіленеді.
7. Махамбет оқуларының 1-2 кезеңдерін қаржыландыруды тиісті білім бөлімі жүзеге асырады.
8. Махамбет оқуларын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын, үйлестіруді аудандық ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
9. Аудандық ұйымдастыру комитеті:
1) оқуларды өткізудің жалпы тәртібін белгілейді;
2) конкурстардың қорытындыларына талдау жасайды және жинақтап қорытады;
3) оқулардың материалдарын баспасөзде жариялайды.
10. Махамбет оқуларын төрағадан, хатшыдан және 5-7 алқа мүшелерінен тұратын қазылар алқасының құрамын аудандық ұйымдастыру комитеті бекітеді.
11.жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі.
Аудандық әдістемелік орталыққа Аудандық Махамбет оқуларына өтінім