Аудандық олимпиада 2016 ж. Географиядан теориялық тур сұрақтары (8 сынып) Тапсырманы орындау уақыты – 150 минут



бет1/17
Дата24.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#26350
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Аудандық олимп сұр Қазақша орысша


Аудандық олимпиада 2016 ж. 

Географиядан теориялық тур сұрақтары (8 сынып) 

Тапсырманы орындау уақыты – 150 минут 

  1. Келесідей ұғымдарға анықтама беріңіз: антициклон, топырақ эрозиясы, реликттер, кар көлдері, креолдар (әр дұрыс жауап үшін 2 ұпайдан.) Барлығы 10 ұпай. 


  2. Еуразия материгінің табиғат зоналары. Еуразияда қандай табиғат зоналары кездседі, олар қандай аумақты алып жатыр, жануарлар мен өсімдік әлемі және басқада ерекшеліктеріне сипатамма беріңіз. (10 ұпай). 


  1. Тест тапсырмалары (әр дұрыс жауап үшін 1 ұпайдан. Барлығы 30 ұпай.) 



1. Амазонка және Конго өзендерінің суы мол болып келу себептері?

А) бітік өскен өсімдіктер булануға бөгет жасайды

В) олар жыл бойы мол жаңбыр суымен қоректенеді

С) жер бедері тегіс, ағысы баяу

D) жыл бойы атмосфералық фронт орнайды

Е) барлық аталғандар

2. Маңғыстау тауының ең биік нүктесі?

А) Ұлытау

В) Ақтау 

С) Аксораң

D) Бесшокы

Е) Қаратау

3. Атау масштаб 1 см – 50 км, ал сандық масштаб?

А) 1: 50


В) 1: 500 000

С) 1: 5 000 000

D) 1: 50 000 000

Е) 1: 5 000

4. Көпшілік жанартаулар қай мұхиттың жағалауында орналасқан?

А) Солтүстік Мұзды мұхит

В) Үнді мұхиты

С) Тынық мұхит

D) Атлант мұхиты

Е) Үнді және Тынық мұхиты

5. Ең ірі толысулар (18 м – ге дейін) болатын шығанақ орналасқан жағалау?

А) Оңтүстік Америка

В) Еуразия

С) Батыс Африка

D) Солтүстік Америка

Е) Аустралия

6. Қазақстан территориясындағы Тұран және Батыс Сібір плиталары ғалымдардың болжамы бойынша қай эрада қалыптасқан.

А) Палеозой

В) Мезозой

С) Кайнозой

D) архей 

Е) протерозой

7. Оңтүстік Африканы батыстан шығысынка дейін кесіп өтіп, Замбези өзенін зерттеген және ондағы Виктория сарқырамасын ашқан саяхатшы?

А) А.Гумбольдт

В) Д.Кук 

С) Д.Ливингстон

D) В.да Гама

Е) Ф.Магеллан

8. Бразилия және Гвиан таулы үстірттері … болып табылады?

А) фундаменттің кристалдық жыныстары жер бетіне шығып жатқан бөлік

В) континеттік шөгінді жыныстар жиналған аудан

С) жас қатпарлы таулар

D) теңіздік шөгінді жыныстар жиналған аудан

Е) барлық аталғандар

9. Жазықтары мен үстірттері басым шығысы арқылы жер қыртысының ірі жарығы өтетін материк?

А) Аустралия

В) Оңтүстік Америка

С) Солтүстік Америка

D) Африка

Е) Азия


10. Қазақстанның территориясы қандай ендіктерде орналасқан.

А) Батыс


В) Шығыс 

С) Оңтүстік

D) солтүстік

Е) солтүстік-батыс

11. Аралдар тобының қайсысының атауы “қара аралдар” дегенді білдіреді?

А) Полинезия

В) Меланезия

С) Сейшельские аралдары

D) Андаманские аралдары

Е) Коморские аралдары

12. Тайга зонасында қай топырақтар басым?

А) Глейлі

В) ферралитті

С) каштан

D) күлгін

Е) сұр


13. Батыс Қазақстан аймағының климаты қалыптасуына қандай ауа массалары басым болып келеді.

А) батыс тасмалдау, арктикалық ауа, тропиктік ауа және жергілікті циклогенез

В) Каспий теңізі, азиялық антициклон, арктикалық ауа массалары

С) тропиктік ауа массалары, муссондар, антарктикалық ауа массалары

D) қоңыржай белдеуінің ауа массалары, тропиктік ауа

Е) барлық аталғандар

14. Тұран тақтасы шөгінді жыныстарының қалыңдығы?

А) 22 км


В) 12 км 

С) 4 км


D) 1 км 

Е) 8 км


15. Талас Алатауы мен Өгем жотасы аралығында орналасқан қорық?

А) Наурызым

В) Алматы

С) Ақсу - Жабағалы

D) Үстірт

Е) Марқакөл

16. Қазақстанда шөл зонасының солтүстік шекарасын көрсетіңіз.

А) с.е. 47 - 48º

В) солтүстік мемлекеттік шекара

С) с.е. 40º

D) с.е. 30º

Е) солтүстік шекарасы анықталмаған

17. Еуропалықтар мен үндістердің некесінен туған ұрпақтар?

А) самбо


В) мулаттар

С) креолдар

D) метистер

Е) аборигендер

18. Төмендегі корсетілген қай жануарлар Африкада өмір сүреді

A) капибара

B) құмырсқа жегіш

C) окапи


D) ехидна

E) тапир


19. Жер шарындағы ең биік толысу толқындары Фанди шығанағында байқалады? Ол қай жерде орналасқан?

А) Солтүстік Америка жағалауында

В) Еуропа жағалауында

С) Азия жағалауында

D) Аустарлия жағалауында

Е) Оңтүстік Америка жағалауында

20. Қазақстанның қайсы физикалық-географиялық аймағында «Бэр» төбешіктері орналасқан.

А) Каспий маңы ойпаты

В) Үстірт

С) Маңғыстау үстірттері

D) Сарыарқа

Е) Тұран ойпаты

21. Тауда әр километрге көтерілген сайын температура қаншаға төмендейді?

А) 3°С


В) 4°С 

С) 5°С


D) 6°С 

Е) 8°С


22. Неліктен Тынық мұхитындағы ең терең ойыстар Еуразияның шығыс жағалауларына жақын орналасқан?

А) Мұнда мұхит табанының тербелістері жүреді

В) ойыстар литосфералық тақталардың түйіскен жерлерінде орналасқан

С) мұнда материктен келетін қатты ағын шөгеді

D) мұхиттың бұл бөлігі неғұрлым ежелгі болып табылады

Е) барлық аталғандар

23. Мұғалжар тауының қазіргі жер бедері қалыптасуының негізгі факторі.

А) эндогендік процестер

В) антропогендік фактор

С) экзогендік процестер

D) ішкі күштер

Е) биогендік фактор

24. Жағалық шөлдердің қалыптасуына не әсер етеді?

А) биік таулар

В) жоғары температура

С) суық ағыстар

D) жел әрекеті

Е) жауын – шашын мөлшері

25. Жер шарындағы ең биік сөнбеген жанартау?

А) Охос – дель - Саладо

В) Орисаба

С) Кракатау

D) Котопахи

Е) Комор


26. Африкадағы жауын – шашынның ең көп (10 470 мм в год) жауатын жері?

А) Жерорта теңізі жағалауындағы Триполи қаласы

В) Антананариву қаласы (Мадагаскар аралы)

С) Үнді мұхиты жағалауындағы Дар-эс-Салам қаласы

D) Гвинея шығанағы жағалауындағы Дебунджа қаласы

Е) Үнді мұхиты жағалауындағы Киншаса қаласы

27. Рио – Гранде өзені құятын шығанақ?

А) Калифорния

В) Мексика

С) Бискай

D) Мэн 

Е) Бенгаль

28. Алтай және Жоңғар Алатауының қайта жаңғырған кезеңі?

А) каледондық

В) герциндік

С) мезозойлық

D) кайнозой

Е) протерозой

29. Тік құламалы жыралармен шектелген үстірт?

А) Торғай

В) Үстірт

С) Орал алды

D) Бетпакдала

Е) Сарыарқа

30. Филинт - Мамонт – бұл дүние жүзіндегі ең?

А) ірі тұзды көл

В) ірі тау мұздығы

С) ірі орман алқабы

D) ұзын үңгір

Е) ірі өзен 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет