Аудандық олимпиада 2016 ж. Географиядан теориялық тур сұрақтары (8 сынып) Тапсырманы орындау уақыты – 150 минут



бет5/17
Дата24.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#26350
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Аудандық олимп сұр Қазақша орысша

ВСЕГО: 50 баллов 
Аудандық олимпиада 2016 ж. 

Географиядан теориялық тур сұрақтары (10 сынып) 

Тапсырманы орындау уақыты – 150 минут 

  1. Келесідей ұғымдарға анықтама беріңіз: рельефтің аккумуляциялық түрлері, маятникті көші-қон, доминион, сахель, хартленд. (әр дұрыс жауап үшін 2 ұпайдан.) Барлығы 10 ұпай. 


  2. Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне қосылу ерекшеліктері. Қазақстандық сыртқы экономикалық байланыстарды мемлекеттік басқару үлгісі. (10 ұпай) 




  1. Тест тапсырмалары (әр дұрыс жауап үшін 1 ұпайдан. Барлығы 30 ұпай.) 



1. Үнді мұхитының бөлігі?

А) Гудзон шығанағы

В) Беринг шығанағы

С) Бискай шығанағы

D) Парсы шығанағы

Е) Бенгал шығанағы

2. Даниядағы мемлекет құрылымы?

А) парламенттік республика

В) федерациялық республика

С) конституциялық монархия

D) абсолюттік монархия

Е) президенттік республика

3. Қай топта тек корольдіктер аталған?

А) Италия, Монако, Сан - Марино

В) Мальта, Португалия, Нидерланды

С) Дания, Швеция, Великобритания

D) Польша, Франция, Греция

Е) Ұлыбритания, Монако, Португалия

4. Халқының саны ең жоғары мемлекет – Қытай. Ал Эфиопия - халық саны бойынша мына мемлекеттердің ішінде ірі мемлекет. Қандай?

А) Дамушы мемлекеттер арасында

B) Теңізге шыға алмайтын мемлекеттер арасында

C) Қара нәсілді халқы басым елдер арасында

D) Кофе өндіретін елдер арасында

E) Мұнай экспорттайтын елдер арасында

5. Төмендегі ауылшаруашылық дақылдарының қайсысы жерортатеңіздік климат жағдайында жақсы өседі?

А) Рапс


B) Каучук

C) Какао


D) Қант қызылшасы

E) Жүзім


6. Қате түсінікті табыңыз:

А) Рим қаласында барлық жауын-шашын жазда түседі

B) Қант қызылшасын өндіруден көшбасшы ел – Қытай

C) Жаңа Жер таулары герцин қатпарлығына жатады

D) Үнді мұхитының ең терең бөлігі солтүстік – шығыста орналасқан

E) Ұлыбритания, Бельгия, Нидерланды, Данияда урбанизация үрдісінің саябырлауы байқалуда

7. Жихангездерді Сантьягодан Сиднейге дейін қандай ағыстар алып баруы мүмкін?

А) Перуан, Оңтүстік Пассат, Шығыс-Австралия

B) Перуан, Солтүстік Пассат, Батыс-Австралия

C) Калифорния, Пассатаралық қарсы ағыс, Шығыс Австралия

D) Калифорния, Солтүстік Пассат, Батыс-Австралия

E) Перуан, Пассатаралық қарсы ағыс, Батыс-Австралия

8. Солтүстік Африкадағы монархия?

А) Египет

В) Алжир 

С) Марокко

D) Мали 

Е) Гана


9. 2012 жылы осы қала – монарх резиденциясы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енді. Ол XI ғасырдағы минаретімен танымал. Қай қала туралы айтылуда?

А) Триполи

B) Бейрут

C) Медина

D) Додома

E) Рабат


10. Өсімдік шаруашылығы қай елде ауыл шаруашылығының басты саласы болып табылады?

А) Дания


В) Германия

С) Ұлыбритания

D) Италия

Е) Швеция

11. Микроэлектроника кәсіпорындарының көп шоғырлануына байланысты қай жапон аралын «силиконды» деп атайды?

А) Хонсю


B) Хоккайдо

C) Сикоку

D) Кюсю 

E) Рюкю


12. Ұзындығы 1000 км – ден асатын өзен?

А) Есіл, Іле

В) Талас, Жайық

С) Тентек, Ертіс

D) Ырғыз, Тобыл

Е) Іле, Тентек

13. Қай қала сыртқы көшіп-қону нәтижесінде пайда болып, жылдам дамыды?

А) Дублин

B) Веллингтон

C) Джакарта

D) Стамбул

E) Дамаск

14. Ірі цемент зауыттары қайда орналасқан?

А) Павлодарда, Жезқазғанда

В) Талдықорғанда, Таразда

С) Шымкентте, Семейде

D) Ақтөбеде, Оралда

Е) Семейде, Талдықорғанда

15. Дүние жүзі бойынша ірі ағаш қорына ие елдердің тобын табыңыз:

А) Ресей, Үндістан, Сауд Арабиясы

B) Ресей, Ливия, Франция, Германия

C) Канада, АҚШ, Финляндия, Қытай

D) АҚШ, Қытай, Үндістан, Канада

E) Бразилия, АҚШ, Канада, Ресей

16. Қалалар арасынан Оңтүстік – Шығыс және Оңтүстік – Батыс Азия елдерінің астаналарын табыңдар?

А) Кито


В) Лима 

С) Джакарта

D) Кампала

Е) Дили


17. Аталған мемлекеттердің қайсысында урбандалу деңгейінің ең төмен көрсеткіші байқалады?

А) Үндістан

В) Непал 

С) Ауғанстан

D) Қытай 

Е) Катар


18. Қант заводын орналастыру негізінен қандай факторға байланысты?

А) тұтынушыға

В) шикізатқа

С) транспорт жолдарына

D) еңбек ресурсына

Е) су көздеріне

19. Халқының 4/5 бөлігі теңіз деігейінен 3 мың биіктікте өмір сүретін ел?

А) Чили


В) Эквадор

С) Перу


D) Боливия

Е) Уругвай

20. Мемлекетті қысқаша сипаттамасы бойынша анықтаңыз: Бұл мемлекет экономикалық дамыған елдер қатарына жатады, екі мұхит суы шайып жатыр.

Оның аумағының көп бөлігін жазық үстірт алып жатыр. Жазық үстірт оңтүстігі мен шығысында таулармен шектеседі. Жер қойнауы түрлі пайдалы қазбаларға бай. Дүние жүзі бойынша алмас, алтын, платина, уран, темір рудаларын өндіру жөнінен алғашқы орындардың бірін алады. Халқы күрделі этникалық құрамымен ерекшеленеді. Құрлықтағы басқа мемлекеттермен салыстырғанда еуропа тектес тұрғындар саны жоғары

А) Бразилия

В) Австралия

С) Чили 

D) ОАР


Е) Түркия

21. А және В ауыл шаруашылық дақылдары екі түрлі құрлықта пайда болған. Соған қарамастан, А дақылдарын өсіретін негізгі ареал Б дақылы дамыған аймақта, ал Б дақылдарын өсіретін негізгі ареал А дақылы дамыған аймақта орналасқан. Бұл қандай дақылдар?

А) кофе және какао

В) қара бидай және бидай

С) зәйтүн және қызанақтар

D) жүзім және кендір

Е) жүгері және дән

22. Табиғи газды экспортқа шығармайтын ел?

А) Нидерланды

В) Марокко

С) Норвегия

D) Канада

Е) Германия

23. “Лапландия” – дегенімі?

А) Италияның солтүстігіндегі егіншілікті аудан

В) Финляндияның оңтүстігіндегі орманды аудан

С) Швейцариядағы альпілік курорт

D) Швеция мен Финляндияның солтүстігі

Е) Латын Америкасындағы мемлекет

24. Бұл тәуелсіздікті беру бойынша БҰҰ-ның талаптары әсер ететін аумағы және халық саны бойынша ірі аумақ. 1976 жылы бұл аумақта әлемнің 70 елі мойындаған Демократиялық Республика жарияланды.

А) Гибралтар

В) Кайман аралдары

С) Ангилья

D) Батыс Сахара

Е) Монтсеррат

25. Испания жайлы пікірдің қайсысы дұрыс?

А) “Үлкен Жетілік” елдерінің қатарына енеді

В) халқының ұлттық құрамы біркелкі

С) басқару формасы жөнінен республика болып табылады

D) зәйтүн жинау жөнінен дүние жүзінде

Е) барлық аталғандар

26. Үндістандағы урбандалу деңгейі?

А) 50% 

В) 15%


С) 70% 

D) 26%


Е) 37% 

27. Африкадағы фосфоритті ірі көлемде экспортқа шығаратын ел?

А) ОАР 

В) Эфиопия

С) Замбия

D) Марокко

Е) Алжир

28. Таулы Карабах территориясы мына елдердің жанжал себебі?

A) Грузия және Ресей

B) Грузия және Армения

C) Шешен Республикасы және Ресей

D) Арменя және Азербайджан

E) Ресей және Азербайджан

29. Дүние жүзі бойынша нарықтық капитализация көлемі бойынша ірі корпорациялардың бірі($417,2 млрд 28 қаңтар 2013 ж),1999 жылы құрылған мұнай компаниясы. 2007 жылы ірі американдық Fortune 1000 және ірі әлемдік Fortune Global 500 тізімінде 2-орынды иеленді. Компанияның штаб-пәтері Техас штатына кіретін Даллас қала маңындағы Ирвинг қаласында орналасқан.

А) Chevron

В) Exxon Mobil

С) Royal Dutch

D) Petrobras

Е) British Petroleum

30. Адам дамуының жоғарғы көрсеткіштері тән елдер қатары:

A) Франция, Италия, Греция

B) Швейцария, Австрия, Польша

C) Сомали, ОАР, Нигер

D) Швеция, Чехия, Ұлыбритания

E) АҚШ, Канада, Жапония



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет