Ауданныњ ќоѓамдыќ саяси


Тарау. Иттер мен мысықтардың иелері



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата31.03.2017
өлшемі4,31 Mb.
#10935
1   2   3   4   5   6   7

6. Тарау. Иттер мен мысықтардың иелері

36.  Тіркелген  иттер  мен  мысықтар  иесінің  меншігі  бо-

лып  табылады  және  кез-келген  меншік  ретінде  заңмен 

қорғалады. 37. Ит немесе мысық Қазақстан Республикасының 

қолданыстағы  заңнамасымен  бекітілген  аурулар  түрімен 

ауырған  деп  танылған  жағдайда,  аумақтың  бас  мемлекеттік 

ветеринарлық  инспектордың  шешімімен,  немесе  соттың 

шешімі  болған  жағдайда  ғана  иесінен  алынып,  жойылуы 

мүмкін.  Егер  де  ит  науқас  емес  деп  танылса,  онда  ол  иесіне 

қайтарылуы  тиіс.  Сонымен  қатар,  ит  немесе  мысық  адамға 

жарақат  келтірген  жағдайларда,  қауып  алғанда,  адамға 

берілетін аурулардың немесе қауіпті аурулардың болуын тексе-

ру үшін иелерінен алынуы мүмкін. 38. Иттер мен мысықтардың 

иелері  төмендегі  талаптарды  орындауға  міндетті:  1)  иттер 

мен  мысықтардың  айналасындағыларды  мазалауға  әкеліп 

соқпайтын  және  қауіп  төндірмейтін  жүрісін  қамтамасыз  ету; 

2) тұрғын үй-жайларда даңғырдың болмауын қамтамасыз ету;  

3)  алаңдарды,  кіреберістерді,  сатылық  торларды,  лифтілерді, 

балалар  алаңдарын,  жолдарды,  жаяусоқпақтарды,  шағын 

гүлбақтарды,  демалыс  аумақтарын  ластамау,  ал  ластанған 

жағдайда  міндетті  түрде  жедел  тазалауды  жүзеге  асыру 

(қағаз  немесе  полиэтилен  пакеттерін  пайдалану);  4)  жануар-

ларды  түрлеріне  қарай  зоотехникалық,  зоогигиеналық  және 

ветеринарлық-санитарлық  талаптарға  сәйкес  ұстау,  қоғамдық 

қауіпсіздік  талаптарын  сақтау;  5)  иттер  мен  мысықтарды 

олардың  биологиялық  қажеттіліктеріне  сай  ұстау,  оларға 

адамгершілікпен  қарау,  қараусыз  қалдырмау,  жануарларға 

қажетті көлемде тамақ пен ішетін су беру, қатал ұсталуына жол 

бермеу; 6) аудандардың, қалалардың атқарушы  органдарының 

ветеринария    бөлімшелері  мамандарының  талаптары  бойын-

ша  иттер  мен  мысықтарды  бақылау  үшін,  диагностикалық 

зерттеу  және  емдеу,  алдын-алу  шараларын  жүргізу  үшін 

бөгетсіз  беру;  7)  иттер  мен  мысықтарды  жыл  сайын  екі  не-

месе  үш  айлық  жасынан  бастап  аудандардың,  қалалардың 

атқарушы    органдарының  ветеринария    бөлімшелеріне 

жануардың  ветеринарлық  паспортында  белгілей  отырып 

байқау  және  құтырма  мен  басқа  да  инфекциялық  ауруларға 

қарсы  егу  үшін  әкелу  8)  жүйелі  түрде,  тоқсанына  бір  реттен 

кем  емес  иттер  мен  мысықтарды  гельминттерге  және  тері 

паразиттеріне  қарсы  профилактикалық  өндеу;  9)  иттер  мен 

мысықтардың  ауыруының  барлық  жағдайларында  немесе 

ауруға күдікті болғанда жедел түрде аудандардың, қалалардың 

атқарушы  органдарының ветеринария  бөлімшелеріне хабар-

ласу,  тексерістердің  қорытындысы  бойынша  мамандардың 

ұсыныстарын мүлтіксіз сақтау; 10) иттер мен мысықтарды одан 

әрі  ұстауға  мүмкіндік  болмаған  жағдайда  оны  басқа  тұлғаға, 

жануарларды қорғау ұйымына беру немесе ауданның, қаланың 

атқарушы  органының ветеринария  бөлімшесіне тапсыру; 11) 

иттің,  мысықтың  өліп  қалған  жағдайларында  немесе  құтыру 

ауруына  шалдығуға  ұқсас  белгілері  болған  жағдайда  жедел 

түрде  аудандардың,  қалалардың  атқарушы    органдарының 

ветеринария    бөлімшелеріне  хабарлау  және  осы  жануарлар 

ветеринарлық қызмет мамандарының келуіне дейін оқшаулау; 

12)  ит  немесе  мысық  белгісіз  себептермен  өліп  қалған 

жағдайларда  ауданның,  қаланың  атқарушы    органының  вете-

ринария    бөлімшесіне  немесе  лицензияланған  ветеринарлық 

дәрігерлерге  өлудің  себептерін  анықтау  үшін  хабарласу.    39. 

Өліп қалған иттер мен мысықтардың өлігін лақтырып тастауға, 

елді  мекендердің  аумағына  көміп  тастауға  рұқсат  берілмейді.   

Иттер мен мысықтардың №19-127 

өліктері  қараусыз  ит-

тер  мен  мысықтарды  аулау  және  өліктерін  жинау  бойынша 

аудандардың, қалалардың атқарушы органдарының ветерина-

рия    бөлімшелерінің  мамандандырылған  бригадаларына  тап-

сырылып, тиісті құжаттар алынуы керек. 

7. Тарау. Қараусыз иттер мен мысықтарды аулау

40.  Алматы  облысының  елді  мекендерінің  аумағындағы 

қараусыз  иттер  мен  мысықтар    аудандардың,  қалалардың 

атқарушы    органдарының  ветеринария    бөлімшелерінің 

мамандандырылған  бригадаларымен  аулануға  жатады.  41. 

Қараусыз иттер мен мысықтарды аулау бойынша жұмыстарға 

психоневрологиялық  және  наркологиялық  диспансерлерінің 

есебінде  тұрмайтын  тұлғаларды  ғана  жіберуге  рұқсат  етіледі.  

42.  Қараусыз  жүрген  иттер  мен  мысықтарды  аулау  бойынша 

жұмыскерлер  және  арнайы  көліктердің  жүргізушілері  жануар-

ларды аулау және тасымалдау кезінде адамгершілікті сақтауы 

тиіс.    43.  Ауланған  қараусыз  иттер  мен  мысықтар  қараусыз 

иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға арналған питомникке 

орналастырылады және онда қолданыстағы заңнамаға сәйкес 

үш тәүлік бойы ұсталады. Ұстау мерзімі өткеннен кейін иттер, 

мысықтар басқа тұлғаға беріледі немесе инъекция енгізу арқылы 

өлтіріледі.  44.  Ауланған  қараусыз  иттер  мен  мысықтардың 

иелері  аудандардың,  қалалардың  атқарушы    органдарының 

ветеринария    бөлімшелерінің  мамандандырылған  бригадала-

рына немесе қараусыз иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға 

арналған  питомникке  оларды  қайтару  туралы  өтініш  білдіре 

алады.  Питомникте  иттерді,  мысықтарды  ұстау  бойынша 

барлық шығындарды  олардың иесі өтейді. 45. Қараусыз иттер 

мен мысықтарды аулау кезінде рұқсат етілмейді:  1) ауланған 

иттер  мен  мысықтарды  иемденуге,  басқа  тұлғаларға  беруге 

2)  пәтерлерден және жеке үйлердің аумақтарынан иттер мен 

мысықтарды  уәкілетті  органның  рұқсатынсыз  және  соттың 

шешімінсіз алуға. 46. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды 

аулау  кезінде  оларды  өлтіруге  немесе  зақым  келтіруге  жол 

берілмейді. Иттер мен мысықтарды аулау үшін тек тор, таяқша 

және алдаусырататын нәрсені пайдалануға рұқсат етіледі. 47. 

Қараусыз итің, мысықтың аулау уақыты аулаумен айналысатын 

арнайы мекеменің тіркеу журналында белгіленген жануардың 

нақты  ұсталған  уақыты  болып  саналады.  Тіркеу  журналында 

жануардың түрі, жынысы, түсі, ерекше белгілері және жануарға 

ұсталғаннан  кейінгі  қолданған  іс-әрекеттер  жазылады.  Тіркеу 

журналы аяқталған соң бес жыл мерзімде сақталуы керек.

8.  Тарау.    Иттер    мен    мысықтардың    санын  

мониторингілеу.

48.  Иттер    және    мысықтардың    санын    мониторингілеу 

қадағалаусыз  иттер  мен    мысықтардың    санын  азайту,  адам  

өмірі    мен          денсаулығын    қорғау,    иттер    мен    мысықтар 

арқылы  таралатын  аурулардың  алдын    алу    мақсатында  

жүргізіледі.  49.  Иттер    және    мысықтардың    саны    олардың  

иелерінің    бастамасы  бойынша  елді    мекендердегі    ветери-

нария    мамандарымен  піштіру  немесе  ұрықсыздандыру  жо-

лымен  реттеледі,    қараусыз  иттер  мен  мысықтардың    саны 

аудандардың,  қалалардың  атқарушы    органдарының  ветери-

нария    бөлімшелерінің  мамандандырылған  бригадаларымен 

аулау жолымен  реттеледі.



9. Тарау. Қағидалардың орындалуын бақылау

50. Елді-мекендерде  иттер мен мысықтарды күтіп ұстау 

Қағидаларының  орындалуына  бақылау    жүргізуді    Қазақстан 

Республикасының  заңнамаларында  белгіленген    уәкілетті 

мемлекеттік  органдар  жүзеге    асырады.  51.  Аудандар  мен  

қалалардың  жергілікті    атқарушы    органдары  қоршауларды, 

орындықтарды,  тақтайшаларды,  белгілерді,  қоқыс  ыды-

старын  орната  отырып    иттер  мен    мысықтарды    серуенде-

ту    орындарын    белгілейді,  ол  жерлерді  тиісті  санитарлық  

нормаларға    сәйкес  ұсталуын    ұйымдастырады.  52.  Өз  

құзырлары    шегінде  пәтер    иелерінің    кооперативтері  (ПИК): 

1)  аудандардың,  қалалардың  атқарушы    органдарының  ве-

теринария    бөлімшелерінің    сұрауы    бойынша  кооператив-

терге  қарайтын  пәтерлердің,  үйлердің  иелерімен      ұсталып  

отырған  иттер мен  мысықтардың  саны  туралы  мәліметтерді 

береді; 2) жертөлелерді, шатырларды және басқа да қосалқы 

үй  -  жайларды  тұрғын  үй  қорын,  техникалық  пайдаланудың 

тәртіпетрі  мен  нормаларына  сәйкес  қараусыз  жануарлардың 

кіріп кетуіне жол бермейтіндей жағдайда ұсталуын қамтамасыз 

етеді; 3)  аудандардың, қалалардың атқарушы  органдарының 

ветеринария    бөлімшелерінің  мамандандырылған  брига-

даларына  аумақтарындағы  қараусыз  иттер  мен  мысықтар 

туралы    хабарлама  береді.  4)  ветеринарлық  қызметтің  ма-

мандарына  эпизоотияға  қарсы  іс-шараларды  жүргізуге 

көмек  көрсетеді;  5)  санитарлық-эпидемиологиялық  және 

ветеринарлық қадағалау мекемелеріне, ішкі істер органдарына 

осы қағидалардың бұзылу фактілері жөнінде хабарлайды. 53. 

Өз    құзырлары    шегінде  ішкі    істер    органдары:  1)  облыстың 

елді  мекендерінде  осы  қағидалардың  сақталуына  бақылауды 

қамтамасыз  етеді;  2)  тұрғын-үй,  коммуналдық  шаруашылығы, 

ветеринариялық,  санитарлық-эпидемиологиялық  бақылау 

мекемелеріне  азаматтар,  ұйымдар  мен  мекемелер  тара-

пынан  осы  Ережелердің  сақталуына  бақылау  жасауға  және 

сақталмаған  кездерде  әкімшілік  жауапкершілікке  тартуға 

қажетті көмек көрсетеді; 3) ұйымдарға, кәсіпорындарға,  меке-

мелерге  және  азаматтарға,  иелерінің  ерекше  жауапкершілігін 

қажет ететін иттерді елді мекендерге кіргізу, елді мекендерден 

шығару, ұстау құқығын келісуге қатысады; 4) өздеріне берілген 

өкілеттік  шегінде  азаматтардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету 

бойынша шараларды қолданады. 54. Өз  құзырлары  шегінде 

жергілікті    атқарушы    органдардың    ветеринария    бөлімдері: 

1)  Алматы    облысы    аумағында  эпизоотиялық    қолайлықты 

қамтамасыз    ету    мақсатында  Қазақстан    Республикасы 

Үкіметі  бекіткен  жануарлардың    аса  қауіпті  ауруларының 

тізбесіндегі    аурулар  мен    энзоотиялық  аурулардың  алдын  

алу  жөніндегі  ветеринариялық  шараларды  ұйымдастырып,  

жүргізілуін  қамтамасыз    етеді;  2)  бірдейлендіруді    жүргізеді, 

ветеринариялық    төлқұжаттар    мен    ветеринариялық 

анықтаманы  береді; 3) қараусыз иттер мен мысықтардың аула-

нуын ұйымдастырады, иесі анықталған кезде қайтарып береді, 

иесі жоқ, ешкімге берілмеген қараусыз иттер мен мысықтарды 

3 тәулік өткен сон инъекция енгізу арқылы өлтіреді; 4) ветери-

нария  мәселелері бойынша  тұрғындар арасында үгіт-насихат 

жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді. 55. Өз  құзырлары  

шегінде 

мемлекеттік 

ветеринариялық-санитариялық  

бақылау  және  қадағалау  органдары: 1) қараусыз иттер мен 

мысықтарды    аулау  қызметтерінің  жұмысын    бақылайды;  2) 

иттер және мысықтар  иелерімен  ветеринариялық  талаптар 

мен  нормалардың    сақтаулын  бақылайды;  3)  заңнамамен 

бекітілген  тәртіпте  осы  қағидаларды  бұзғандарды  әкімшілік  

жауапкершілікке  тарту  мәселелерін  қарайды.  56.  Мемлекеттік 

ветеринариялық 

және 

санитариялық-эпидемиологиялық 



қадағалау  органдары:    1)  иттер  мен  мысықтарды  жұқпалы 

ауруларға  қарсы  егеді;  2)  елді  мекендерден  басқа  жерлер-

ге  шығарар  кезде  иттер  мен  мысықтарға  ветеринариялық 

куәліктер береді; 3)   қараусыз    иттер мен мысықтарды   ау-

лайтын     қызметтерге  жұмысты ұйымдастыру жөнінде көмек 

көрсетеді;  4)  иттер      мен  мысықтар    иелерінің  тарапынан 

ветеринарлық    және  санитарлық  талаптардың  сақталуына 

бақылау  жасайды;  5)  кинологиялық      қызметтер    атқаратын  

клубтарға  және    қоғамдарға, иттерді ұстайтын кәсіпорындарға, 

ұйымдар мен мекемелерге ветеринарлық саладағы нысандар 

ретінде ветеринарлық тіркеу күәліктерін береді.

10  тарау.  Иттер  мен  мысықтардың  иелерінің  осы 

Қағидаларды  бұзғандары  үшін  жауапкершілігі    57.  Осы 

Қағидаларды  бұзғаны  үшін  иттер  мен  мысықтардың  иелері 

Қазақстан  Республикасының  "Әкімшілік  құқық  бұзушылықтар 

туралы" кодексінің 311-бабына сәйкес жауапкершілікке тарты-

лады. 

11 тарау. Қорытынды жағдайлар

  58. Тіркелуге тиісті иттер мен мысықтардың иелері олар-

ды осы Ереже күшіне енгеннен бастап алты ай мерзім ішінде 

тіркетуі қажет. 59. Иттер мен мысықтарды қараусыз жүрген үй 

жануарларын уақытша ұстау питомниктерге орналастыру және 

ұстау құқы питомниктер құрылған уақытта пайда болады.



Сарқан  ауданы  бойынша  қаңғыбас 

ит  пен  мысықтарды  кең  көлемде  ау-

лау  науқаны  ақпан,  наурыз  айларын-

да  жүргізіледі.  Соған  байланысты  өз 

иттеріңізбен  мысықтарыңызды  бай-

лауда  немесе  қамауда  ұстауларыңызды 

сұраймыз. 

Аудандық ветеринариялық станциясы.

Денсаулық  –  адам  өміріндегі  ең  жоғары 

бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы 

денсаулыққа  байланысты.  Адам  бақыты 

–  денсаулық.  «Денсаулық  –  зор  байлық».

Адамзат  баласының  тіршілік  өміріндегі 

ең  бір  бағалы  нәрсе,  оның  денсаулығы. 

Денсаулықты  сақтап,  оны  орынсыз  ысы-

рап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын 

Денсаулық – адам өміріндегі ең бағалы дүние

көбейтіп отыру керек. Денсаулыққа немқұрайлы 

қарау  дұрыс  емес.  Оған  пассивті  түрде  емес, 

активті  түрде  қарау  керек.  Денсаулықты 

сақтаудың  жолын  үйрену  әрбір  адамның  ба-

сты міндеті. Сондықтан да қазіргі кезде «Өзін-

өзі  тану»  пәнінің  маңызы  зор.  Денсаулықты 

бала кезден  күту қажет. Таңертең ерте тұрып, 

жаттығулар жасау керек. 

Денсаулық  баға  жетпейтін  жалғыз  ғана 

асыл  дүние.  Ол  жақсы  болу  үшін  не  уақытты, 

не күш-жігерді , не еңбекті, тіпті барлық дүниені 

аямай  жұмсау  керек.  Денсаулыққа    өмірдің 

бір  бөлігін  арнау  керек.  Денсаулықсыз  өмір 

қызықсыз  әлем деп санаймын.

Абдударын ЖАЙЛАУБАЙ,

Ақын Сара атындағы орта мектептің  

6 б сынып оқушысы .                                    

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ

Алматы облысының елді  мекендерінде иттер мен мысықтарды 

ұстау және серуендету Қағидаларын бекіту туралы


24 қаңтар 2015 жыл

6

Igiman01@mail.ru

Қадыр  Мырза  Әлінің  шығармашылығы 

қазақ  поэзиясында  ерекшеленіп,  ғасырдан-

ғасырға  тарих  көшімен  бірге  ілесіп, 

ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып,  мәңгі  жасай 

бермек. Қарабөгет ауылдық кітапханасында 

Қазақстан  Республикасының  халық  жазу-

шысы,  ақын  Қадыр  Мырза  Әлінің  туғанына 

80  жыл  мерейтойына  арналған  «Болу  үшін 

жаралғам  туған  жердің  жырауы»  атты 

әдеби-танымдық  кеш  өткізілді.  Кешке  ауыл 

әкімі  Гүлшат  Ожарова,  сынып  жетекшісі  

Айнагүл Мамбетбаева,  6-сынып оқушылары 

қатысты.  Кеш  барысында  қаламгердің 

өмірбаяны  жайлы  баяндаманы  Маржан 

Бүркіт  оқыды.  Ырғалбек  Алихан  ақынның 

«Өмірбаян»,  Жұмабай  Санжар  «Шындық», 

Сағатбек  Әлішер  «Табиғат-жаратылыс 

пернесі»,    Марат  Жасұлан  «Ауыл-

атамекен  пернесі»,  Каналбекова  Жанбота 

«Қазақтарды  шетелдік  қонақтарға  танысты-

ру»,  Есжан  Айзада  «Сөз»    атты  өлеңдерін 

мәнерлеп  орындады.  Кеште  ұлттың    сын-

шыл да ойшыл ақыны Қадыр Мырза Әлі ту-

ралы көптеген мәліметтер ортаға салынды. 

Кеш  соңында  Есжан  Айзада  «Қазақ  биін» 

билеп,  Арнауыт Ақниет «Туған жерге» әнін 

көпшілікке ұсынды.

А.АХБАНБАЕВА,

Қарабөгет ауылдық 

кітапханашысы.

Мемлекетіміздің білім саясатының 

басты бағытының бірі – жалпы білім 

беретін пәндерді игеруге жағдай 

жасау, бәсекеге қабілетті білімді 

де білікті жас ұрпақ тәрбиелеу бо-

лып табылады. Сондықтан да 

пәндік олимпиадалардың білімнің 

биік шыңын бағындырып, жарқын 

табыстарға қол жеткізетін дарынды 

жеткіншектерді тәрбиелеуге ықпалын 

тигізетініне сеніміміз мол. Бұл сынақ 

– оқушылардың келешектеріне жол 

ашатын үлкен мүмкіндік. «Жастар – 

еліміздің келешегі, ал білімді жастар 

– мемлекетіміздің жарқын болашағы», 

– деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаев атап өткендей, ХХІ ғасырда 

білім мен инновацияны, экономиканы 

дамыту жеткіншектеріміздің қолында. 

Дарынды 


балаларға 

арналған 

республикалық  олимпиаданы  өткізу  елімізде 

дәстүрге  айналған.  Ауданымыздың  дарын-

ды  оқушылары  түрлі  білім,  білік  сайысын-

да  өзгелерден  оқ  бойы  озық  шығып,  соңғы 

бірнеше  жыл  бойы  үздіктер  қатарынан 

көрінуде. Қаңтардың 9-11 күндері Талдықорған 

қаласында  жалпы  білім  беретін  мектеп 

оқушылары  арасында  15  пән  бойынша  өткен 

республикалық 

олимпиаданың 

облыстық 

кезеңіне  қатысқан  34  оқушының  ішінен  30-ы 

топ жарып, жүлделі орындарға ие болды. Атап 

айтқанда,  І  дәрежелі  дипломмен  және  алтын 

медальмен  орыс  сыныптарындағы  қазақ  тілі 

пәні бойынша Н.Островский ат.ОМЛ оқушысы 

Ахмаров  Ринат  иеленсе  (мұғ.  А.Қабасова),  ІІ 

дәрежелі дипломмен және күміс медальмен – 

7  оқушы  марапатталды.  Олар:  Н.Островский 

ат.ОМЛ  оқушылары:  Нұржұманова  Арайлым, 

биология  (мұғ.  Ж.Қожахмет),  Ермек  Тимур, 

информатика  (мұғ.  А.Кенжебаева),  Скоди-

ло  Виктория,  орыс  сыныптарындағы  қазақ 

тілі  (мұғ.  А.Мадиева),  Новопокровка  ОМ 

оқушысы  Жасұланқызы  Динара,  химия  (мұғ. 

З.Текебаева),    Ақын  Сара  ат.ОМ  оқушысы 

Дүйсенбай Таңшолпан, қазақ сыныптарындағы 

орыс тілі (мұғ. С.Сулейменова),  М.Жұмабаев 

ат.ОМ оқушысы Севериненко Алена, орыс сын. 

қазақ  тілі  (мұғ.  Р.Жұмағұлова),  Ы.Алтынсарин 

ат.ОМ  оқушысы  Серікқызы  Назерке,  қазақ 

тілі (мұғ. Ж.Мамраева); 22 оқушы ІІІ дәрежелі 

дипломмен  және  қола  медальдармен  ма-

рапатталды.  Олар:  Н.Островский  ат.ОМЛ 

оқушылары  Мұсабек  Перизат,  информатика 

(мұғ.  А.Кенжебаева),  Сакен  Арай,  матема-

тика  (мұғ.  З.Есеркеева),  Айдосқызы  Диа-

на,  қазақ  тілі  (мұғ.  А.Қабасова),  Абай  ат.ОМГ 

оқушылары:  Құдайберген  Гүлім,  биология 

(мұғ.Б.Тилемисова), Жумакаримова Жанар, ге-

ография (мұғ. Д.Урумбазарова), Қалел Шұғыла, 

тарих  (мұғ.  Ғ.Оспанова),  Баймухаметов  Ел-

мурат,  физика  (мұғ.  Д.Тұрарбекова),  Камиева 

Бота,  ағылшын  тілі  (мұғ.  Ж.Алжанова  ),  Ақын 

Сара ат.ОМ оқушылары Сембай Аружан, құқық 

(мұғ.  С.  Бектемисова),  Нұрмұханбетов  Ердос, 

орыс тілі (мұғ. Г.Агабдилова), Абеуова Аяулым, 

ағылшын  тілі  (мұғ.  Б.Сарбасова),  Темірхан 

Ақерке,  ағылшын  тілі  (мұғ.  С.Қаймолдина), 

М.Жұмабаев ат.ОМ оқушылары Баянбаева Уль-

зана, информатика (мұғ. Н.Мулькибаев), Болат 

Дидар,  математика  (мұғ.  И.Бердіахмет),    №  1 

ОМГ  оқушылары  Нургалиева  Мадина,  орыс 

тілі  (мұғ.  С.Просяникова),  Мелисова  Айман, 

география  (мұғ.  А.Қарашева),  Ы.Алтынсарин 

ат.ОМ оқушылары Ауғанбек Бауыржан, химия 

(мұғ.  А.Боранғазова),  Тілеухан  Есхат,  қазақ 

тілі  (мұғ.  С.Мықтыбекова),  Жұмаділов  Жа-

рас,  география  (мұғ.  А.Иманғазиева).  Олим-

пиада  қорытындысы  бойынша  Н.Островский 

атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы 

Ахмаров Ринат республикалық кезеңге жолда-

ма алып отыр.

Ал ғылыми жоба жарысы бойынша облысқа 

15 еңбек ұсынылып, оның 12-сі үздік жобалар 

қатарынан  көрініп,  7  оқушы:  Н.Островский 

ат.ОМЛ оқушысы Жұмағали Тоғжан – І дәрежелі 

дипломмен,  Ақын  Сара  ат.ОМ  оқушылары 

Нұрғали  Сағыныш,  Шаяхметов  Ержан,  Ново-

покровка ОМ оқушысы Абсейіт Аяулым, Бірлік 

НМ  оқушысы  Туғанбаева  Ақбота,  №  54  ОМ 

оқушылары Досмұхамет Алпамыс пен Дюсем-

баев Рустем – ІІІ дәрежелі дипломдармен ма-

рапатталып,  Н.Островский  атындағы  мектеп-

лицейінің 11-сынып оқушысы Жұмағали Тоғжан 

мен  Новопокровка  орта  мектебінің  11-сынып 

оқушылары  Әбсейіт  Аяулым  мен  Каберова 

Мадина халықаралық деңгейдегі жарысқа жол-

дама алса, облыстық зерттеушілік жұмыстары 

мен  шығармашылық  жобаларының  Х  «Зер-

де»  республикалық  конкурсының  облыстық 

сырттай  кезеңіне  қатысқан  9  оқушының  7-уі 

ІІІ  орынмен,  2  оқушы  арнайы  сертификат-

пен    марапатталды.Олар:  Н.Островский 

ат.ОМЛ  оқушылары:  Құсайын  Айгерім  (мұғ. 

Е.Ақылбекова), 

Тимофеев 

Станислав 

(мұғ.  Г.Исхакова),  Аймурзин  Андрей  (мұғ. 

Г.Сыбанова);  М.Жұмабаев  ат.ОМ  оқушылары: 

Қабдырахман  Айгерім  (мұғ.  Л.Тентекматаева), 

Кесекбаева  Мадина  (мұғ.  Ж.Мамбеталиева), 

Байрамова  Раяна  (мұғ.  С.Джумабекова); 

Ы.Алтынсарин  ат.ОМ  оқушысы  Жұмағалиева 

Айгерім (мұғ. А.Иманғазиева). 

Білім  бәйгесінде  өз  күштеріне  сеніп,  оқ 

бойы оза шапқан еліміздің ертеңі – білімді, әрі 

өнегелі оқушылардың жеңісін жоғары бағалай 

отырып,  ата-аналары  мен  ұстаздарының 

мақтанышына айналған тәрбиелі шәкірттердің 

қашан  да  білім  бәйгесінде  бағы  жанып,  өмір 

өткелдерінен сүрінбей өткені біз үшін де үлкен 

мақтаныш.  Ендеше,  білімді  оқушыларымызға 

жеңістерің  құтты,  алар  асуларың  мол,  шығар 

белестерің биік болсын дейміз.

 

                              



С.МЫҚТЫБЕКОВА,

аудандық білім бөлімінің әдіскері.

Ел ертеңі – білімді ұрпақ

«Болу үшін жаралғам 

туған жердің жырауы... » 

«Бала естігенін айтады, көргенін істейді»- 

деп  қазақ  халқы  бекер  айтпаған.  Мектеп 

жасына  дейінгі  балаларды  адамгершілікке 

тәрбиелеудің  маңызы  зор.  Кішкентай 

сәбилеріміз  ата-анасының,  тәрбиешісінің, 

достарының  мінезінен,  жүріс-  тұрысынан, 

сөйлеген  сөзінен,  істеген  ісінен  үлгі  алуға 

тырысады.  Бала  бойына  адамгершілік 

қасиеттерді ойын, салт- дәстүр, жұмбақтар, 

айтыс,  өлендер  арқылы  сіңіру  ата-ана, 

тәрбиешілердің басты міндеті. 

Ертегінің тәрбиелік мәні зор. Ол сәбидің 

қиялына  қанат  бітіріп,  бойындағы  игі 

қасиеттердің  қалыптасуына  жол  бастайды. 

Мысалы «Шалқан» ертегісін тыңдап болған 

соң,  балалар  шалқанды  көптің  көмегімен 

жұлып  алғанын  білді.  Ал  «Ақмышым» 

ертегісін 

тыңдап 


болып, 

кішкентай 

бүлдіршіндер 

қамқорлық, 

мейірімділік 

сезімдерімен 

танысты. 

Адамгершілік 

дүниесіндегі  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып 

келе  жатқан  қымбат  қазыналарымыздың 

бірі-  бесік    жыры,  мақал-мәтелдер  болып 

келеді.  Сәбилер  бесік  жырын    тыңдай  от-

ырып,  ананың  бесік  жырымен,  әлдиімен, 

өзінің туған тілінің әуенімен тұнғыш рет нәр 

алды.  Мақал-  мәтелдер  арқылы  кішкентай 

бүлдіршіндеріміздің қайырымдылық, ілтипат 

сезімдерін 

арттырамыз, 

адамгершілік 

сезімдерін оятамыз. «Үлкенге- құрмет, кішіге- 

ізет» деген мақал – мәтел арқылы бала бой-

ына үлкенді құрметтеу, қамқорлық сезімдерін 

туғызамыз.  Балаларды  еңбексүйгіштікке 

баулу  арқылы,  адамгершілік,  эстетикалық 

қасиеттерін дамытуға болады.

Өз-өзіне  қызмет  ету:  кішкентай  топ-

тарда  балалар  тәрбиеші  көмегімен  киініп, 

жуынып,  сүртінеді,  бір-  біріне  көмектеседі, 

«рахмет,  кешір,  өтінемін»  сөздерін  айтуға 

үйренеді.  Осылайша  мейірімділіктің  негізі 

қаланады, немқұрайлықтың пайда болуына, 

құрбыларына,  үлкендерге  қалай  болса  солай 

қарауға мүмкіндігі жасалмайды. 

Тұрмыстық  қызметте  топтағы  ойын-

шықтарды  жинау,  оларды  күтіп  ұстау,  топты 

таза ұстау. Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне 

қажет  ермек  саз,  тақтайша,  қылқалам  т.б. 

дайындауға көмектесуі. Серуен кезінде гүлдерді 

қопсыту,  шөптерін  жұлу,  ойын  алаңымызды 

таза ұстауға үйрету. Бірде серуенде сәбилерді 

жапырақ  жинауға  шақырдым,  балалар  2-3 

жапырақ жинаған соң «жинағым келмейді» деп 

тарай  бастады.  Сол  кезде  мен  жұмыс  жоспа-

рын  ойын  жоспарына  айналдырып    жібердім, 

әкелген  жапырақтардан  бастарына  гүлшоқ 

жасадым,  оны  көрген    кішкентайлар  қуанып, 

бәрі  де  жинай  бастады.  Бұл  серуенде  бала-

ларды  тек  қана  жапырақ  жинауға  емес,  топ-

пен жұмыс жасауға, үлкендерге көмектесуге, 

еңбексүйгіштік  қасиеттің  алғашқы  игеріміне 

баулыдым.

Әрбір, 


жасалынған 

істен 


кейін 

«Жарайсыңдар  балалар!  Тобымыз  неме-

се  алаңымыз  қандай  сәнді  болып  қалды, 

бәрекелді!»    деген  сөздерді  есту  арқылы 

жасаған  еңбектерінің  дұрыс  екеніне  көз 

жеткізеді.  Ұжым  болып  жұмыс  жасай  білуі, 

ұқыптылық, 

ізденімпаздық, 

аяушылық, 

қамқорлық  сезімдерін  бойына  сіңіруі  аса 

маңызды.    

Жас  ұрпақтың  бойына  адамгершілік 

қасиеттерді  сіңіру  ата-ана  мен ұстаздардың       

басты  міндеті.  Адамгершілікке,  еңбек-

сүйгіштікке  тәрбиелеу  күнделікті    балабақша 

өмірінде, 

тәрбиешінің 

жұмыс 


күнін 

ұйымдастыру процесіне, ойын және оқу ісіне 

жоспарлы  түрде    қамтылады.  Тәрбиешінің 

тәртібі, іс – қимылы, балалармен, үлкендермен 

қарым-қатынасы 

кішкентай 

сәбилер 

үшін  үлгі  болып,  олардың  жеке  басының 

қалыптасуына  ықпал  етеді.  Балалақша  мен 

отбасы  арасындағы  тығыздық  артқан  сай-

ын  бүлдіршіндеріміздің  адамгершілік  сын-

ды  құнды  қасиеттері  арта  түседі.  Осыдан 

келіп,  бүлдіршіндерімізде  жақсы  қылықтар, 

ұжымдық  қарым  –  қатынас,  адамгершілік 

сезімдері,  еңбексүйгіштік,  үлкендер  еңбегін 

құрметтеу, 

жауапкершілік, 

патриоттық 

сезімдер  туралы  түсініктер  қалыптасады. 

Кішкентай  бөбектеріміз    адамгершілік 

қасиеттерді  ата  –  анасынан,  үлкендерден, 

тәрбиешілерден насихаттау арқылы емес, тек 

шынайы көру, сезіну қатынасында алады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет