Аудармашының жады
Аудару-мәдени, әлеуметтік, мәтіндік жағдайларда үнемі өзгеріп отыратын,
проблемаларға шығармашылық шешімдер қабылдайтын интеллектуалды іс-әрекет.
Кейде интеллектуалды іс-әрекет ақыл-ойдың қабылдауынан тыс, түйсіксіз деңгейде
келіп айқындалады.
Түйсіксіз ой-өріс – ол бізге ынталы, сенімді, тез аударуға мүмкіндік туғызады, яғни
жинақталған тәжірибе, жадтың салдарынан пайда болған өнім, оны қайтадан алып және
әр түрлі қолдануға мүмкіндік туғызады.
Аудармашылар жинақталған тәжірибені еске сақтап, керек кезінде оны күрделі
аударма мәселелерін шеше алу керек, бірақ ол ақпаратты жаттау арқылы іске аспау
керек. Жад оқыту кезінде басқаша жұмыс істейді. Аудармашылар сөздер мен тұрақты
сөз тіркестерін, стиль мен тонды, лингвистикалық және мәдени әдістерді меңгеруді
аудару кезінде, оқу кезінде, интернеттен іздегенде, сөйлескенде және жай отырып
өткенді ойлау кезінде де іске асырады.
Шет елде адамдармен сөйлескенде олар тілді үйренеді, ондаған сөздер мен адамдарды
меңгеріп, еркін және шығармашылық адамдарға үйреніп, айналадағылар түсінетіндей
сөйлеу арқылы еске сақтауды іске асырады.
Баяндамашының сөздерін, жіберілген мәтінді аудару арқылы трансформациялық
моделін меңгереді, бұл модельдер еске оңай сақталады, керек кезінде жеңіл және жай
шығаруға болады. Олар белгілі сөздер мен орамдар клавиатурада саусақтар жылдам
қозғалып, аударма экранда өз-өзінен пайда болатындай, немесе сөздің ағымын аудару
тілінде ауыздан ерекше күш әсерінен шығатындай болады, ал бұл өзінің қабілеті екенін
сезбейді.
Декларативтік және процедурлық жад
Мамандар жадты осы екі түрге бөледі.
Декларативтік – ол сіз таңертеңгі аста не жедіңіз, не жұбайыңыз не сатып алуды
тапсырғанын, яғни нақты оқиғаларды сақтайды және процедурлық жад поштаны
қабылдауды, машинамен жұмысқа бару, яғни ойланбайтын әдеттерді іске асыруға
көмектеседі.
Аудармашыларға жадтың екі түрі де қажет. Декларативтік жад бір кезде сөздіктен
қараған сөздің мағынасын еске түсіруге көмек етеді, процедурлық оны аудару кезінде
дұрыс пайдалануға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |