1. Қазақстандағы саяси жүйеге 100 сөзден кем емес сипаттама беру. Оның ішінде зайырлы, құқықты, демократиялы
сынды сипатты сөздерге толығырақ тоқталу, мәнін ашу.
2. азақстандағы билік жүйесінің ассоциациялық бейнесін жасау қажет. Міндетті түрде бейнеге қысқаша түсіндірме беру,
астарлы бейненің қатпарын ашу.
Егер қазақстандағы саяси жүйені суретпен өзіңіз салған болсаңыз, оның суретін жүктеп, сосын түсіндірмесін жазуға, не
аудио жасауға болады.
1. Қазақстан –
әкімшілік-территориялық, конституциялық,
құқықтық, президенттік,
әлеуметтік, тәуелсіз, зайырлы,
унитарлы, демократиялы, біртұтас, көпұлтты, азаматтық мемлекет.
Зайырлы мемлекет — дін мәселелерінде ресми түрде бейтарап болып табылатын немесе бейтараптық танытатын,
дінді де, дінсіздікті де қолдамайтын мемлекет. Зайырлы мемлекеттердің мемлекеттік діні ресми түрде жоқ болғанымен,
зайырлы мемлекеттердің кейбіреулерінде діни символ көрсетілген рәмізі және/немесе бір немесе басқа дінге пайда әкелетін
заңдары бар.
Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет
нысаны. Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын,
мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқығы бұзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан
тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет.
Демократиялық мемлекет - бүкіл әлемде жаһандану дәуірінде кеңінен таралған мемлекет үлгісі. Мемлекет
демократизмі халықтың билікке қаты- суынан, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне бәлінуінен, саяси алуан
түрліліктен, жергілікті өзін-өзі басқаруынан кәрініс табады. Демократиялық мемлекеттің негізін халық билігі құрайды.
Халықты жоғарғы биліктің басты иесі ретінде мойындау - халық егемендігінің белгісі. Халық егемендігі халықтың
ешқандай әлеуметтік күштердің қысымынсыз, өз билігін олардан тәуелсіз, тек өз мүддесі тұрғысынан жүзеге
асыратындығын білдіреді.
2. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес, біздің ел
өзін
адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең қымбат қазынасы саналатын демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.
Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Ел астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі мәртебесіне ие. Ақша бірлігі – теңге.
Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, оның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын
айқындайтын, сонымен қатар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін мемлекеттің
ең жоғары лауазымды тұлғасы. Президент – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының,
адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының нышаны және кепілі.
Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушылық билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады
және олардың қызметіне жетекшілік жасайды.
Заң шығару қызметін тұрақты негізде жұмыс жасайтын екі палатадан – Сенаттан
және Мәжілістен тұратын
Қазақстан Республикасының Парламенті жүзеге асырады. Сенатты конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр
облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін
депутаттар құрайды. Сенатта ұлттық-мәдени және қоғамның өзге де елеулі мүдделерінің
қамтамасыз етілуі қажеттігі
ескеріліп, он бес депутатты Президент тағайындайды.
Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан құралады. Мәжілістің тоғыз
депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі – алты жыл,
Мәжіліс
депутаттарының өкілеттілік мерзімі – бес жыл. Қазіргі уақытта Мәжілісте үш партия – «Нұр Отан», «Ақ жол» және
Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы өкілеттілік етеді.