«аудит» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Тақырып 15. Аудиторлық құаттардың типтері. Аудиторлық есепті және жұмыстық құжаттары



бет53/56
Дата16.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68328
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Тақырып 15. Аудиторлық құаттардың типтері. Аудиторлық есепті және жұмыстық құжаттары.
Тәжірибелік сабақ жоспары:
1. Аудитті құжаттау.
2. Жұмыс құжаттарын дайындаудың мақсаттары мен анықтамалары.
3. Аудиторлық құжаттардың сипаты.
4. Аудиторлық құжаттардың масштабы, мазмұны, формасы және типтері.
5. Аудитордың үлгілік жұмы құжаттары.
6. Соңғы аудиторлық файлды қалыптастыру.
7. ХАС 230 «Аудиторлық құжаттау».


Әдістемелік нусқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.
Сабақ мақсаты- студенттерге аудиторлық құжаттарды, олардың түрлерін оқыту.


Негізгі әдебиеттер:
1.Ажибаева З.Н. Аудит. Алматы 2006,
2. Абленов Д.О. Аудит негіздері Алматы 2005
3. Ержанов М.С. Аудит 1. Алматы: изд. Экономика, 2005
4. Нурсеитов Э.О. Аудит. Краткое руководство – Алматы: LЕМ, 2009
Қосымша әдебиеттер:
1. Нурсеитов Э.О. , Нурсеитов Д.Э. Международные стандарты аудита: принципы и практика – Алматы: LЕМ, 2008
2.Әбдіқалықов Т.Ә. Аудит жөне бухгалтерлік есеп . Алматы 2000.
3. Әбдіқалықов Т.Ә. Аудит жөне бухгалтерлік есеп. Алматы, 2000
4 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


4.1 Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері
Студенттердің өзіндік жұмысының ең маңыздыда, жауапкершілікті түрі- бұл курстық жұмысты орындау және «Аудит» пәнән оқып үйренуде соңғы бекіту кезеңі болып табылады. Курстық жұмыс іс жүзіндегі жеткілікті тәжірибелік материалдар негізінде материалдар негізінде жазылады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
- Жеке мәселелер немесе бекітілген курс тақырыптарын тереңдете игеру барысында студенттердің теориялық білімін нығайту;
- Аудит әдістері мен процедураларын қорыту барысында жалпы теориялық базаның пайдалануды студенттердің өзіндік жұмыс дағдысына қалыптастыру және аудит ақпарат көздеріне: алғашқы құжаттар қолданылатын есеп регистрлері мен қаржы және салық әдістемелеріне талдау жасау;
- Аудиторлық пікірлерді қалыптастыру, маңыздылықпен тәуекелділікті анықтау, ішкі бақылау жүйесін түсіну, талдау және таңдап алынған бағыт бойынша аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын құрып, құжаттарын жинау;
- Таңдап алынған тақырып бойынша жалпы құжаттарды талдап, аудиторлық ұсыныс жасау және аудиторлық есеп құру;
- Шаруашылық субъект есебін бақылауды ұйымдастыру, ішкі аудит мәселелерін шешу жолынісдестіру және студенттердің өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуге дайындықтарын тексеру.
Экономиканы тиімді басқаруды арттыру, бұл – қалыпты деңгейде ұсынылған қаржылық есептегі экономикалық ақпараттардың нақтылығына байланысты. Осыған орай, аудит алдында қаржылық есептің нақтылығын анықтау міндеті тұрады. Қаржылық есептің ұсынылуы мен концептуальдық негізінің ашылуы аудиторлық пікірге байланысты. Бұл міндеттің шешімі ұйымға есеп жүйесін талдауды, заң актілерін білуді, экономикалық теория негізін және клиент бизнесін тануды терең оқып үйренуге негіздейді.
Курстық жұмыстың мазмұны, егер автор тәжірибеде өз ұсыныстарын қолданып, ол шаралардан экономикалық тиімділік көрсетіп жатса, тіпті арта түседі. Студент курстық жұмысты жазу барысында таңдаған тақырыпты жан-жақты қарастырып, оның бүгінгі күндегі өзекті мәселелеріне тоқталуы керек.
Курстық жұмысты жазу барысында студент Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Аудит стандарттарын, ғылым-оқу әдебиеттерін, үкіметтің нормативті-құқықтық құжаттарын және баспасөз материалдарын қарауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет