Тәжірибелік жұмыс №2 Тақырып: Карта мен жоспардың масштабы Жұмыстың мақсаты



Дата18.03.2022
өлшемі37,38 Kb.
#28425
Байланысты:
Тәжірибелік жұмыс № 2


Тәжірибелік жұмыс № 2
Тақырып: Карта мен жоспардың масштабы
Жұмыстың мақсаты: маштабпен жұмыс жасап үйрену

Тапсырмалар.

1.Сандық және атаулық масштаб

2.Масштабтың шекті дәлдігі

3.Сызық ұзындықтары арқылы масштабты анықтау

4.Графикалық масштаб

5.Сызықтық масштабпен жұмыс

6.Көлденең масштабпен жұмыс

Пайдаланылатын құралдар: топографиялық материалдар, масштабты сызғыш

Жұмыстың мазмұны.

Карта масштабы – картадағы сызық ұзындығының сәйкесті жазық проекциясы жергілікті жердегі сызық ұзындығына қатысы.



Сандық масштаб (М) бөлшекпен беріледі, мұнда алымында бірлік, ал бөлімінде азаю дәрежесін көрсететін саны болады: М=1/m.

Атаулық масштаб — картадағы және жергілікті жердегі сызық ұзындығының арақатынасын көрсететін түсінік. М= 1:100 000 барысында картадағы1 см болса 1 км-ге сәйкес келеді (1-сурет).



Сурет 1. Масштабтар байланысы
Сызықтық масштаб жер бетінде картадағы сызық ұзындығы бойыенша анықтауға арналған.

а кесіндісі – масштабтың негізі. Негізіне сәйкес жергілікті жердегі арақашықтық – сызықтық масштабтың көлемі.

в кесіндісі – сызықтық масштабтың ең кіші бөлінісі. Жалғыз осы бөліністі көрсететін жергілікті жердегі арақашықтық – сызықтық масштабтың дәлдігі. Қағаздағы құрудың дәлдігі (графикалық дәлдігі) 0,2мм-ге тең деп алуға болады. Қалыпты көрудің мүмкіндігі 0,1мм болады.

Карта масштабының шекті дәлдігі – жергілікті жердегі кесіндінің берілген карта масштабының 0,1мм-не сәйкес келетіндігі (1-кесте).
Кесте 1 – Топографиялық карта масштабы

Сандық масштаб

Картаның атауы

Жергілікті жердегі арақашықтықтың картадағы 1см-ге сәйкес келуі

Жергілікті жердегі ауданның картадағы 1см2-ге сәйкес келуі

1:5000

Бес мыңдық

50м

0,25га

1:10000

Он мыңдық

100м

1га

1:25000

Жиырма бес мыңдық

250м

6,25га

1:50000

Елу мыңдық

500м

25га

1:100000

Жүз мыңдық

1км

1км2

1:200000

Екі жүз мыңдық

2км

4км2

1:500000

Бес жүз мыңдық

5км

25км2

1:1000000

Миллиондық

10км

100км2

Кестеде әрбір стандарт масштабтың қашықтық және аудан өлшемдеріне қатысты ерекшеліктері берілген.



Есептің қорытындысы: дәптерде есептеп шығару, көлденең масштабты А4 сызу форматына салу

Бақылау сұрақтары.

1.Сандық және атаулық масштаб дегеніміз не?

2.Карталарға масштабтар не үшін қажет?

3.Масштабтың дәлдігі дегеніміз не?



4.Графикалық масштаб дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиет
Негізгі әдебиет:

  1. Фельдман, В. Д. Основы инженерной геодезии [Текст] : учеб. / Фельдман В.Д., Михелев Д.Ш. - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : Высшая школа, 1999. - 300 с.

  2. Инженерная геодезия [Text] : учебник для студ. вузов / Под ред. Д.Ш.Михелева. - 2-е изд., испр. - М. : Высшая школа, 2001. - 464 с.

  3. Куштин, И. Ф. Геодезия [Text] : учебно-практическое пособие / Куштин И.Ф. - М. : ПРИОР, 2001. - 448 с.

  4. Неумывакин, Ю. К. Практикум по геодезии [Text] : учеб.пособие / Неумывакин Ю.К., Смиронов А.С. - М. : Картгеоцентр-Геодезиздат, 1995. - 315 с.

  5. Инженерная геодезия [Text] : задан.на лаб.-практ.работы и метод.указ.к их вып.для студ.спец.4702-"Лесное и парковое хоз-во", 4402 -"Землеустройство" / Казахский государственный аграрный университет; Сост.Е.А.Туктугулов и др. - А. : Казгосагру, 1998. - 31 с.


Қосымша әдебиет:

  1. Қалыбеков, Т. Геодезия мен топография негiздерi [Текст] / Қалыбеков, Т. - А. : Ана тiлi, 1993. - 184 с.

  2. Атымтаев, Б. Б. Инженерлiк геодезия [Текст] : оқулық / Атымтаев, Б. Б., Пентаев, Т. П. - А. : Эверо, 2005. - 184 с.

  3. Маслов, А. В. Геодезия [Текст] : учеб. / Маслов, А. В., Гордеев, А.В., Батраков, Ю. Г. - 6-е изд., перераб. доп. - М. : КолосС, 2006. - 598 с. : ил. - (Учеб. и учеб. пособ. для студ. высш. учеб. завед.).

  4. Геодезия [Text] : 4402-"Жерге орналыстыру" мамандығы бойынша лаб.жұмыст.орынд.арн. / Қазақ мемлекеттiк аграрлық университетi; Құраст.М.Б.Баканов және т.б. - А. : Агроуниверситет, 1998. - 34 с.

  5. Инженерлiк геодезия [Text] : 4702, 4402 маманд.студ.жүргiзiлетiн лаб.-практ.жұмыстарға тапсырм.және оларды орынд.арн.әдiст.нұсқаулар / Қазақ мемлекеттiк аграрлық университетi; Құраст.Е.А.Түктiғұлов және т.б. - А. : Агроуниверситет, 1998. - 30 с.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет