13) Жануарлардың сыртқы ерекшеліктері мен өнімдік қасиеттерінің жиынтығы. Ауыл шаруашылығы малының дене бітімі, сыртқы пішіні және ішкі құрылысы. Мал тұқымын асылдандыру жұмысында әсіресе сұрыптау мен жұп таңдауда малдың дене бітіміне үлкен мән беріледі. Себебі малдың бітімі мен өнім бағыты, қажырлылығы, белгілі жер жағдайына төзімділігі, денсаулығының мықтылығы арасында тығыз байланыс бар.Ал малдың дене бітімі деп организмнің нәсілдік қасиеті мен анатомиялық-физиологиялық құрылыс ерекшеліктері негізінде қалыптасқан, жалпы ішкі және сыртқы құрылысы жиынтығын айтады. Дене бітімі ерекшеліктері малдың түр-тұлғасынан, өнімдік қасиеттерінен және сырқы орта әсерлеріне жауап әрекеттерінен білінеді.Қорыта айтқанда дене бітімі малдың жақсылығын да, жамандағын да қалыптастыратын негіз, оның маңыздылығы осында.
Малдың түр-тұлғасын- сырт-пішіні.Малдың дене біті дегеніміз оның сырқы түр-тұлғасы мен ішкі құрылысының бірлестігі.Сондықтан малдың дене бітіміне баға беру үшін алдымен оның түр-тұлғасын зерттеу керек. Малдың сыртқы түр-тұлғасын, пішінін-экстерьер деп атайды. Орыс тілінде экстерьердің нақтылы баламасы болса да, экстерьер сөзі зоотехниялық әдебиетте орыстың төл сөзіне айналды. Сондықтан экстерьер сөзі бұл кітапта қазақша баламасымен қатар қолданылады. Экстерьер туралы ілімнің қатысуының алғы шарты, малдың сыртқы түр-тұлғасы, пішіні мен өнімділік қасиеттерінің арасында тығыз байланыстың болуы.
Алатау сиырынаң құрамында сүтті-еттері бағыттағы бейім екі түрлі өнімдік типтер қалыптасқан.
Зауыттық тип-өнімінде өзіндік ерекшеліктері бар және оларды ұрпақтарына тұрақты бере алатын,асыл тұқымды мал өсіретін зауыттық табыны.Зауыттық тип селекционерлердің ұзақ жыл бойы бір мақсатта жүргізілген.Бұл топта мақсатты жүргізілген селекциялық жұмыстар негізінде қалыптасады.Өздеріне тән өнімділік,биологиялық ерекшеліктерін ұрпақтарын тұрақты бере алады.Құс шаруашылығында бұл ұғымға шығылыстыруға тағайындалған қоаз бен тауықтар тобы және олардың алынған ұрпақтарды жатқызады.
Малдың бір түрі ішінде кездесетін құрылымдық бөліктердің бірі-тұқымдық топ.
Тұқымдық топ-деп адамның белгілі бір шаруашылық және табиғи жағдайда жүргізілген творчествалық еңбегінің нәтижесінде қалыптасқан,құнды өнімдік немесе биологиялық ерекшеліктері бар және оны ұрпағына жеткілікті дәрежеде бере алатын мал тобын айтамыз.Тұқымдық топтың мал тұқымынан басты айырмашылығы,оның саны мен геналогиялық құрылымы ұзақ уақыт шағылыстыруға әлі жеткіліксіздігінде.Тұқымды топтық саны қажетті мөлшерге жетіп, өнімінің құнды ерекшеліктері мен нәсілдік қасиеттері сақталса, оны жаңа мал тұқымы ретінде бекітеді.
Жануарлардың барлық белгілері мен ерекшеліктері зигота түзетін
жыныс клеткаларында негізгі қаланған мүмкіндіктер арқылы, ата-енесінің организмдерінен ДНҚ және РНҚ арқылы енген генетикалық информация түрінде сыртқы ортаның белгілі бір жағдайларында дамиды. Сондықтан генетика тірі организмдердің тұқым қуалаушылығы және оның өзгеру заңдылықтары жөніндегі ғылым ретінде селекцияның теориялық негіздерінде жетекші орындардың бірін алады. Қазіргі уақытта популяциялық генетиканың ерекше маңызы бар, оның жетістіктерін кең көлемде селекция негіз етуде.