Ауыл шаруашылық малын өсіру және селекция емтихан сұрақтары



бет26/73
Дата01.07.2023
өлшемі252,79 Kb.
#103905
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73
Байланысты:
СРСП селекция разведение ТППЖ 20-12 (копия)

26. Сиырдың сауын мерзімі
Сауын маусымы - малдың желінінде сүт түзіліп, сауылатын мерзімі. Сауын маусымы ұзақтығы түліктің түріне, малдың физиологиялық жағдайына (буаз - қысырлығына) байланысты өзгереді. Қалыпты жағдайда сиырдың cауын маусымы - 10 ай (305 тәулік), биенікі - 4-5, қой мен ешкінікі - 4 ай, інгендікі -12-13 ай созылады. Сауын маусымы барысында тәуліктік сүт сауымының өзгеруін сауын сызығымен (лактационная кривая) бейнелейді. Сауын маусымы басқы сүттену кезеңінде (раздой) тәуліктік сүт сауымы күнделікті молайып, одан кейінгі сауынның қызған кезеңіңде (разгар лактации) жеткен жоғары деңгейіңде сақталады да, буаздықтың соңғы айларына сәйкес келетін суалту кезеңінде (запуск) бірте-бірте азайып, сиыр келесі cауын маусымында суалтылады.
Сиырдың сүттілігі сынауда сауын маусымында сауылған сүттен басқа сүттіліктің сол маусым айларында жүруінің де маңызы бар. Тәулігіне сүтті ең көп беретін сиырдың сауын маусым айларындағы сүттілігі де бірқалыпты. Сауын маусымында сүтті көп және бірқалыпты беретін сиырдың дене бітімі де мықты. Сауын маусымының басында сүтті көп бергенімен маусымдық жалпы сүттілігі аз сиырлардың сүттілігі сауын маусымы айларында тұрақты еместігін айқындайды. Сауын маусымы сызығы тұқым қуаласа да, сыртқы орта жағыдайларына (азықтандыру, күту, бұзаулаған кезеңі және т.б.) байланыстты келеді. Сауын маусымындағы сүттіліктің тұрақтылығын анықтау үшін оның тұрақтылық коэффициентін анықтайды. Ол мынадай үш жолмен есептеледі: а) бірінші аймен салыстырғанда сүттіліктің өзгеруі, ℅ есебімен; б) сауын маусымындағы сауылған сүтпен салыстырғандағы өзгеруі, ℅ есебімен; в) маусымындағы сауылған сүт сызығын сызу.
Сиырлардың сүт өнімін мұқиятты түрде есептеп отырады. Ай сайын әр сиырдың сүтін есептеу үшін бақылау жұмысын жүргізеді. Жалпы бір маусым ішінде (305) күнде сиырдың қанша сүт бергенін анықтау үшін 10 айлық сүтін есептейді. Сиырдың сүттілігін бағалау үшін, оның өмірлік сауу маусымының ішінде ең көп сүт берген сауынын есепке ала отырып, өмірлік сүтінің көрсеткішін де есепке алады. Сиырдың сүтін есептегенде тәулік ішінде беретін сүтіне көңіл бөлген жөн. Ал, бұл көрсеткіш сиыр желінінің көлемін көрсетеді. Етті ірі қара шаруашылықтарында бұзау ірі қара шаруашылықтарында бұзау енесініңбауырында 6-8 ай болады.сондықтан етті тұқым сиырларының сүттілігін 6-8 айлық бұзаулардың салмағы бойынша анықтайды. Ол үшін тұқымды сиырлардың стандартын пайдаланады. Бірінші рет бұзаулаған сиырлардың сүт өнімі стандартын 10℅-ға кемітсе, екінші рет бұзаулаған сиырлардың сүт өнімінм 5℅-ға кемітеді. Сиыр сүтінің майлылығы мен белогын айына бір рет анықтайды. Ал, сауу маусымы бойынша анықтау үшін 1 пайыздық сүтке айналдыру қажет.305 күндегі 1℅ сүттің қосындысы, осы маусым ішінде сауылған әр айлық сүттің базистік майлылығы 3,7℅ болған.
Сиырдың сауын маусымы 280-320 күнге, суалту мерзімі 1,5-2 айға созылады.Тұңғыш бұзаулағанда ересек сиыр сүтінің 70-80%-ін ғана береді. Тез жетілетін тұқымның сиырлары төртінші бұзаулағанда сүтті көп береді, ал кеш жетілетін тұқымда сүті толысуы бесінші, алтыншы, кейде жетінші бұзаулауға созылады.

Әнуарбеков Ернар 27-31


Жібермеді
Бекетов Муратжан 32-36


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет