39. Шежіресі бойынша бағаланатын малды қалай атайды? Мал шежіресі - жеке малдың шыққан тегі туралы белгілі тәртіппен бастырылған құжат. Мал шежіресінде малдың ата-тегінің өнімділігі туралы толық мәлімет жазылады. Мал шежіресі малдың шаруашылықтық және тұқымдық құңдылығын алдын ала және ерте, жас кезінде анықтауға мүмкіншілік береді. Мұның экономикалық маңызы бар. Сонымен қатар мал шежіресін туыстас малдарды ұтымды пайдалануға және олардың кездейсоқ шағылысуына жол бермеуге пайдаланады. Асыл тұқымды малдың міндетті түрде кем дегенде екі ұрпақ ата-тегі келтірілген мал шежіресі болуы керек.
Ата тектердің кестеде орналастыру тəртібі олардың əрқайсының пробандқа жақындығына байланысты. Жақындығы бірдей малдар бір қатарда орналасады. Бірінші қатарда əкесі мен енесі, екінші қатарда аталары (əкесінің əкесі мен енесінің əкесі), əжелері (əкесінің енесі мен енесінің енесі) тұрады. Үшінші қатарда үшінші атадан қосылатын арғы ата енелері жазылады, сөйтіп кете береді. Есте болатын жайт кестеден əрбір малдың енесі өзі орналасқан қатардағы сол жақтағы квадратта, ал əкесі оның оң жағына жазылады.
Малдың ата-тегіне қарап сұрыптау үшін ол туралы нақтылы мәліметтер болуы және оларды белгілі бір жүйеге келтіру шарт. Ең алдымен сыналатын малдың шежіресін (родословная) жасау керек. Малдың шежіресі деп оның ата-тегі туралы мәліметтер толық және белгілі бір тәртіппен жазылған документті айтады. Шежіресі жасап бағаланатын малды пробанд деп атайды. Зоотехникалық әдебиетте шежіре жасаудың әр түрі кездеседі. Мысалы, көлденең, жанама қабырғалас, тізбекті, фигуралы. Бұлардың ішінде ең жиі қолданылатыны көлденең горизонтальды түрі. Біз осы түріне ғана түсінік береміз.
Шежіре кестесін мына тәртіппен жасайды. Әуелі үлкен квадрат сызылып, оның үстінен шежіресі жасалатын малдың (пробандтың) аты, номері, туған жылы және өнімі туралы деректері жазылады. Одан кейін квадратты көлденең қатарларға бөледі. Қатардың саны шежірені неше атаға дейін жасауға байланысты. Әдетте үш-бес атадан аспайды. Есте болатын бір жәйт – қатардың ені пробандтан алыстаған сайын үлкейе беруі қажет, яғни екіншісі біріншіден ұзын, үшіншінікі екіншіден ұзын, сөйтіп кете береді. Бұл әр қатарда жазылатын ата-ененің санына байланысты.
Ата-тегінің кестеде орналасу тәртібі, олардың әрқайсысының пробандқа жақындығына байланысты. Жақындығы бірдей ата-енелер бірқатарда орналасады. Бірінші қатарда әкесі мен шешесі, екінші қатарда аталары (әкесінің шешесі мен шешесінің шешесі), үшінші қатарда – үшінші атадан қосылатын арғы аталары жазылады. Сөйтіп кете береді. Зоотехниялық әдебиетте әр малдың енесі (шешесі) өз қатарының сол жағында, атасы (әкесі) оң жағында жазылады. Селекция тәжірибесінде, шежіре жасағанда немесе жазба текстілерінде ата-тегінің пробандқа (бағаланатын мал) туыстық жақындығын көрсету үшін қысқартулар пайдаланылады.
Зоотехниялық тұрғыдан шежірелерге дұрыс талдау жасау арқылы, мал тұқымын асылдандыруға тікелей қатысы бар мына мәселелер шешіледі.
Шежіре мәліметтерімен бағаланып отырған малдың тұқымын дәл анықтауға болады. Селекция тәжірибесінде малдың таза тұқымдығын жоғары қанды будандардан айырудың маңызы үлкен.
Белгілі бір тұқым мал табынын құрайтын негізгі өкілдерінің шежіресін талдау арқылы, табын ішіндегі өзіндік ерекшеліктері бар туысқан топтарды, аталық іздер мен аналық ұяларды, олардың тегін, шағылыстыруға үйлесімділігін анықтайды.
Пробандтың өзінің қандай топқа жататыны, оны алудағы қолданылған шағылыс түрі (туысқандарды шағылыстыру, туыс емес малдарды шағылыстыру), жұп таңдау принциптері (біртекті немесе әртекті) анықталып, оларға баға беріледі.
Шежіреге қарап малдың ата-енелерінің өнімдік және тұқымдық сапасын бағалау арқылы, оларға бағалау арқылы, оның өзінің тұқымдық қасиеті туралы болжамды қорытынды жасалып, сұрыпталады.
Малды ата-тегі бойынша сұрыптаудың, тек бір жыныстың өкілдерінде болатын белгілер үшін маңызы үлкен. Мысалы, сүттіліктің, жұмыртқалағыштың гендері (нәсілдік қасиеттері) ұрпаққа атадан да, енеден де ортақ беріледі. Бірақ та бұқаны өзінің сүттілігі немесе әтешті жұмыртқалағыштығы бойынша сұрыптау мүмкін емес. Осы ретте олардың енелері өнімділігінің көрсеткіштері үлкен роль атқарады.
Малды шежіресі бойынша бағалағанда мына төмендегі негізгі қағидаларды басшылыққа алу керек.
Ата-тектердің шежіредегі орналасу реті (орны). Шежіредегі нақтылы бір аталық пробандтан алыстаған сайын, оның әсері кеми береді. Әдетте шежіресінің алдыңғы қатарларында өнімі көп ата-бабалары жоғары бағаланады.
Шежіредегі жоғары өнімді, аса құнды арғы ата-енелерінің саны. Ата-тегінде аса құнды ата-енелерінің саны көбейген сайын, бағаланып отырған малдың тұқымдық құндылығы арта береді деп есептелінеді. Егер олар шежіренің екі жағында да кездесіп, қайталанатын болса тіпті жақсы болады.
Ата-енелерінің сапасы. Малды ата-тегі бойынша сұрыптағанда оның жекелеген ата-енелерінің өніміне мән берілуі қажет. Пробандтың тегінде рекордтық көрсеткіші бар және ұрпағының сапасы бойынша тексерілген ата-бабаларының болуы, оның тұқымдық қасиеті жақсылығының дәйекті кепілі деп есептелінеді.
Нақтылы белгілер бойынша малды тегіне қарап бағалағанда ол белгілердің тұқым қуалаушылық дәрежесінің маңызы үлкен. Сұрыптау белгісінің тұқым қуалаушылық дәрежесі төмен болған сайын шежіре құндылығы да төмендей береді, яғни шежіреге сенім азаяды.
Малды ата-тегіне қарап бағалағанда шежіреде кездескен әр түрлі аталық іздер мен аналық ұялардың үйлесімділігін байқау қажет. Үйлесімді жұп қайталануы шежіреліктің кепілі.
Мал шежіресіне талдау жасағанда оның кем дегенде үш атаға дейінгі ата-енелерін алғандағы қолданылған жұп таңдау принциптерін анықтау қажет. Біртекті (гомогенді) жұп таңдау әртекті (гетерогенді) жұп таңдауға қарағанда, сол белгінің нәсілдік қасиетінің гомозиготалық (біртектілік) дәрежесін жоғарлатып, тұқым қуалауын тұрақтандырады.
Малды ата-тегі бойынша сұрыптауды мүмкіндігінше оның өз финотипіне сәйкес сұрыптаумен ұштастыру қажеттігін әр уақытта естен шығармау керек.