Жер пайдаланудың мөлшері шаруашылық өндірістік қуатына және мамандығына байланысты анықталады. Жобаланған мөлшері тиімді болу керек.
Тиімді мөлшер дегеніміз – басқаруға ыңғайлы, өндірістің әр саласының жақсы дамуына қажеттілі алқаптардың құрамы және мөлшерлері.
Жер пайдаланудың мөлшеріне келесі факторлар әсерін тигізеді (кейбіреулері үлкейтеді, кейбіреулері керісінше - кішірейтеді:
- мамандығы;
- өндірістіктің қарқындылық деңгейі;
- қолданылатын байланыс және транспорт түрлері;
- жолдардың жағдайы;
- ауыл шаруашылық алқаптарының құрамы, сапасы, контурларының жер бедері;
- жер массивтерінің конфигурациясы;
- елді мекендердің орналасуы;
- сумен қамтамасыздығы.
Жер пайдалануды орналастыру
Жер пайдаланулардың әрқайсысын орналастырғанда:
1. территорияның жағдайы және қалыптасқан ұйымдастырылуы есепке алынады.
2. бұрынғы енгізілген капиталды неғұрлым толық пайдалануға тырысу кажет;
3. өндіріс орталықтарының ыңғайлы орналасуы;
4. компакті массив ретінде;
5. тегіс жерлерде квадратка немесе тікбұрышты төртбұрышқа ұқсас жасау;
6. бірнеше учаскеден тұрганда - олар бір-біріне жақын, байланысы ыңғайлы болуы керек.
7. әрі қарай территорияны үйлестіруге ыңғайлы.
Жер иеленушілік талапқа сай болу үшін бip қатар принциптерді нұсқау ету қажет:
1) Жеке жер иеленушіліктердің орналасуы ауыл шаруашылығының әлеуметтік- экономикалық мүдделіктеріне, басқа осы территорияда орналасқан жер иеленушіліктердің мүдделеріне де өзара сәйкесті болуға тиісті;
2) Жер иеленушіліктің ауданы, біріншіден, шаруашылык өндірістің көлеміне, мамандандырылғандығына, екіншіден, аймақтық табиғи ерекшеліктерге сай болуға қажетті;
3) Жер иеленушіліктің құрамына жердің ұтымды пайдалануын қамтамасыз ететін жер шаруашылыктың мамандандырылғандғына сай алаптардың аудандары мен түрлерін енгізу керек;
4) Жер иеленушіліктің кескін үйлесімі (конфигурациясы) әртұтас және өндіріс пен территорияны ұйымдастыруға ыңғайлы болуға тиісті;
5) Жер иеленуіліктің территориясындағы шаруашылық орталықтардың дұрыс орналасуын қамтамасыз ету, олардың өзара және алаптар мен сырттағы өндірістік орталықтарымен транспорттық байланыстарын қолайлыландыру қажетті.
Ауылшаруашылық жер иеленуіліктерге қандай өзгерістер болса да осы принциптердің негізінде енгізілуге тиісті.
Ауылшаруашылық кәсіпорындары жер пайдалануын құру шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын экономикалық тұрғыдан дәлелдеу.
1. Жобаларды экономикалық тұрғыдан дәлелдеудің мазмұны;
2. Жобаның тиімділігі туралы ұғым және оның көрсеткіштері.
Жобаны экономикалық тұрғыдан негіздеу әрбір жер иеленушілік бойынша жобамен бipre жасалады. Бұл жөніндегі есептер екі мерзімге жасалады:
а) жобаны жасағанға дейін;
ә) жоба бойынша.
Жобаны дәлелдеудің мазмұны :
1) жобалық жерге орналастыру есептері;
2) жобаны ұйымдастыру шаруашылық тұрғыдан негіздеу;
3) варианттарды салыстыру (жобаның ең қолайлы нұскасын таңдап алу).
Жобалық варианттар мен шешімдерді бағалау және экономикалық тұрғыдан негіздеу жобаның ең күрделі және көлемді құрам бөлшегі болып саналады. Бұл тапсырма бip қатар жұмыстарды қамтиды.
Варианттар бойынша күрделі қаржылардың көлемін есептеу. Соның ішінде тұрғын үй кұрылысының, мал қоралары мен кешендерді қосалқы өндірістік орталықтар мен секторлардың (машина-транспорттық, кұрылыс, қойма т.б.), елді мекендер арасындағы коммуникациялар мен территорияны инженерлік жағынан жабдықтаудың кұндарын анықтау.
2) Әрбір вариант бойынша жыл сайынғы шығындардың көлемін белгілеу. Бұнда транспорттық және эксплуатацияльқ (пайдалану) шығындарды, аммортизацияльқ жарна мен әкімшілік аппаратқа жұмсалған каржыларды есептеу кіреді.
3) Келтірілген шығындардың көлемін анықтау, яғни бip жылдық мерзімге келтірлген күрделі каржылар мен жыл сайынғы шығындардың қосындысын табу.
4) Күрделі қаржылардың қайтарылу мерзімін есептеу, яғни неше жылдың ішінде жұмсалған каржылардың орны толатынын анықтау.