Ауыл шаруашылығы өндірісінің жер пайдалануын ұйымдастыру. Қарастырылатын сұрақтар


Шаруа (фермер) қожалықтарының жер пайдалануын құру



бет3/3
Дата13.10.2022
өлшемі205 Kb.
#42813
1   2   3
Байланысты:
ЗЕМ ПРОЕКТ 4-лекция

Шаруа (фермер) қожалықтарының жер пайдалануын құру
  • Шаруа қожалығының ауданы алаптардың құрамына, сапасына, табиғи, экономикалық және әлеуметтік жағдайларна қарай анықталады.
  • Шаруа қожалығының жерлер көлемі мен сапасы орналасқан аймақтың табиғи жағдайларымен тығыз байланысты болады. Мысалы, оның мамандандырылғандығы, демек бүкіл өндірістік құрамы, осы жағдайлармен себептеледі. Егер де шаруашылық шөл, шөлейт аймақгарында оның негізгіөндірістік бағыты қой, түйе немесе жылқы шаруашылығы болуы ықтимал. Ал мамандандырылғандығына қарай шаруашылықтық жер иеленушіліктік жалпы ауданы, алаптарының арақатынастары, үлес салмақтары тағы да осы тәріздес параметрлері қалыптастырылады.
  • Сонымен бipre шаруа қожалығының көрсеткіштері бip қатар әлеуметтік экономикалық факторлармен байланысты. Солардың ішінде: елді мекендердің түрлерімен орналасуы ерекшеліктері халықтың саны мен қоныстану тығыздығы, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның сипаттамасы және т.б. Мысал шаруа шаруашылығы туралы Заң бойынша совхоздар мен колхоздарды жер иеленуілігінің жалпы ауданы еңбекке жарамды мүшелерінің санына бөле отырып әр адамға қатысты жер үлесінің мөлшері белгіленеді.
    • Жер кодексі, шаруа қожалығы және жекешелендіру заңдары бойынша шаруа қожалығын екі жолмен құруға болады.
    • Бірінші жол - әрбір жұмысшыға тиісті жер негізінде.
    • Бұл әдістің мағынасы мынаған жатады. Ауылшаруашылық кәсіпорында (совхоздармен колхоздар да т.б.) жұмыс істеп жүрген және бұрын осыған өткен адамдарға сол кәсіпорын жерінің құрамы мен ауданына қарай, жер үлесін береді.
    • Жер үлесі арқылы құрылатын шаруа қожалығының жер иеленушілігі жүйелікте құрылады:
    • а) Жер алуға құқығы бар азаматтардың саны мен алаптардың аудандарына қарай әpбip адамға тиісті жер үлесі есептеледі.
    • Р =
    • Р– бip адамға тиісті жер үлесі, га;
    • Рп- алаптардың аудандары, га;
    • А - жер алуға құқығы бар адамдардың саны;
    • ә) Шаруа шаруашылығының жер иеленушілігінің алғашқы (бipінші жуықтаудағы) ауданын анықтау:
    • Рш = Р х п
    • бұнд Рш - жер иеленушіліктің алғашқы ауданы, га;
    • п - елдегі жерді алуға құқығы бар мүшелердің саны.
    • б) Жер иеленушіліктің алғашқы шамамен орналасатын жерін белгілеу;
    • в) Жердің сапасын ескеретін коэффициентті есептеу.
    • Кс = Борт
    • Бш.ш
    • Борт – шаруашылық бойынша бонитеттің орташа балы;
    • Бш.ш. - сол көрсеткіш шаруа шаруашылығы бойынша.
    • Бұл коэффициент алаптардың түрлері бойынша есептеледі (жыртылған жер, шабындық, жайылым).
    • г) Жер иеленушіліктің ауданын жердің сапасын ескеретін коэффициенті арқылы нақтылау:
    • Рш.ш. = Рш. х Кс, Рш.ш. - жер иеленушіліктің соңғы ауданы, га;
    • Рш - алаптардың шаруа шаруашылығы бойынша аудандары, га;
    • Кс - жердің сапасын ескеретін коэффициент;
    • д) Жер салығын есептеу:
    • С = Рш.ш. х Ц
    • С - жер салығының көлемі, теңге;
    • Ц - 1 га жер үшін төлем (бонитет бойына қарай алынады), теңге;
    • е) Есептелген жер ауданынан шығатын өнімдердің мөлшерін анықтау.
    • ж) Осыған және шаруашылықтық жоспарланған мамандандырылғандығына қарай мал басын айқындау;
    • з) Малдың басы мен оларға қажетті жем-шөп мөлшерін есептеу арқылы жыртылған жерді пайдалану құрамын белгілеу
    • и) Осы өндіріс көлемі жөніндегі мағлұматтарды пайдалана отырып еңбек ресурстарының керектігін есептеу және өндіріс көлемін соңғылармен сәйкестіру;
    • к) Күрделі қаржылар, жалпы өнім және таза табыстың көлемдерін, сонымен бipre болжау негізгі экономикалық көрсеткіштерді есептеу;
    • л) Шаруа қожалығын рәсімдеу.
    • Бақылау сұрақтары:
    • Ауылшаруашылық жер иеленуліктерді құру жобасының құрам бөлшектерін ата.
    • 2) Жер иеленушіліктің ауданын анықтау тәртібі.
    • 3) Орталық мекендерді орналастыру қалай жүргізіледі?
    • 4) Шаруа қожалығының жер үлесінің орналасуына қандай элементтер әсер етеді?


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет