1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)
|
Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекетік комиссия) арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы: www.egov.kz (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүзеге асырылады.
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Мемлекеттік сұрып сынағының деректері бойынша сұрыпты шаруашылыққа пайдалылығына сынау егіс тәжірибесі салынған күннен бастап мынадай мерзімдерде жүргізіледі:
дәнді, дәнді-бұршақты, жармалық, майлы, техникалық, иіру, бір жылдық азықтық, көкөніс, бақша дақылдары, гүл-сәндік дақылдар және картоп бойынша-кемінде екі вегетациялық кезең;
көп жылдық шөптер бойынша-кемінде екі пайдалану циклі;
жеміс, жидек дақылдары мен жүзім бойынша - кемінде екі шаруашылық өнім.
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету түрі
|
Электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз түрінде.
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
Сұрыпты Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізу не сұрыпты одан әрі сынақтан алу туралы бас тарту туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық, қағаз түрінде.
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
|
7
|
Жұмыс кестесі
|
Дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қоса алғанда сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін, демалыс және мереке күндері-Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес.
Мемлекеттік комиссия өтінімді қабылдауды және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
Веб-портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жұмыс істейді (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Мемлекеттік комиссияның интернет-ресурсында – www.goscomsort.kz;
2) мемлекеттік органдардың .интернет-ресурстардың бірыңғай платформасы https://beta.egov.kz.
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша Селекциялық жетістікті шаруашылық пайдалылығына сынауға арналған өтініш;
2) селекциялық жетістіктің сауалнамасы (тиісті дақылға арналған нысан бойынша;
3) тиісті тектері мен түрлері үшін селекциялық жетістіктің сипаттамасы;
4) гүлдердің, гүл шоғырларының, өсімдіктердің репродуктивтік бөліктерінің және шаруашылықта пайдалану фазасында қалыпты дамыған өсімдіктің сұрып атауы көрсетілген масштабты сызғышы бар фотографиялары;
5) өтінім беруге арналған құқығын растайтын құжат (құқықтық мирасқорлар және делдалдар үшін);
6) сынаққа берілетін сұрыпта генетикалық түрлендірілген объектілердің жоқ екендігі туралы құжат не генетикалық түрлендірілген объектілердің құрамына жүргізілген сараптама нәтижелері (шетелдік селекциядағы сұрыптар үшін);
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) өтінім берушінің сұрыпты сынақтан өткізу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11879 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сұрыпты сынақтан өткізу үшін қажетті көрсетілетін қызмет алушының және (немесе) ұсынылған деректер мен мәліметтердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) сұрыптың атауы осы Қағидалардың 23 және 24-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі.
|
10
|
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.moa.gov.kz интернет-ресурста көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
|