Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидалары


-тарау. Сұрыптарды шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу тәртібі



бет3/11
Дата31.12.2021
өлшемі76,6 Kb.
#23817
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
3-тарау. Сұрыптарды шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу тәртібі

38. Сұрыпты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу:

1) селекциялық жетiстiкті шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қабылдауды;

2) өтінімге және сұрып атауына сараптама жасауды;

3) шаруашылыққа пайдалылығына егістік сынақтар жүргізуді;

4) морфологиялық белгілері бойынша сұрыпты сәйкестендіруді;

5) деректер банкінде сұрыптың паспортын тіркеуді қамтиды.

Егер мәлімделген сұрыпта патент беруге оң қорытынды болса, сұрып атауына сараптама жүргізілмейді.

39. Сұрыпты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу үшін өтінім беруші (көрсетілетін қызметті алушы) Мемлекеттік комиссияға немесе электрондық түрде портал арқылы ЭЦҚ-ның көмегімен веб-порталы арқылы: www.egov.kz мынадай құжаттар мен материалдарды қамтитын өтінімді ұсынады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетістікті шаруашылыққа пайдалылығына сынауға арналған өтініш, екі данада;

2) селекциялық жетістік сауалнамасы (тиісті дақылға арналған нысан бойынша);

3) тиісті тектер мен түрлерге арналған селекциялық жетістіктің сипаттамасы;

4) гүлдердің, гүл шоғырларының, өсімдіктердің репродуктивтік бөліктерінің және шаруашылықта пайдалану фазасында қалыпты дамыған өсімдіктің сұрып атауы көрсетілген масштабты сызғышы бар фотографиялары;

5) өтінім беруге арналған құқығын растайтын құжат (құқықтық мирасқорлар және делдалдар үшін);

6) сынаққа берілетін сұрыпта генетикалық түрлендірілген объектілердің жоқ екендігі туралы құжат не генетикалық түрлендірілген объектілердің құрамына жүргізілген сараптама нәтижелері (шетелдік селекциядағы сұрыптар үшін);

40. Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын сұрыптардың шаруашылық пайдалылығына сынау жүргізуге арналған негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде өтініштің қабылданғанын растау үшін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

41. Өтінімді заңды немесе жеке тұлға, ал патент беруге өтінім берілген сұрып бойынша – патент беруге арналған өтінім берген адам, не көрсетілген өкілеттіктерді жүзеге асыруға сенімхаты бар өтінім берушінің өкілі береді.

Шетелдік өтінім берушілерден өтінім Мемлекеттік комиссияға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген олардың өкілдіктері арқылы беріледі. Көрсетілген өкілдіктер өтінім бойынша істер жүргізуге байланысты, оның ішінде кедендік ресімдеу және тұқымды жеткізуге арналған нарядқа сәйкес сынақтан өткізу үшін тұқымдық және отырғызу материалын жіберу жөніндегі іс-қимылдарды жүзеге асырады.

42. Селекциялық жетістікті кезекті ауыл шаруашылығы жылының мемлекеттік сынақ жоспарларына қосу үшін өтінім беруші өтінімді Мемлекеттік комиссияға 25 желтоқсаннан кешіктірмей береді.

43. Мемлекеттік комиссияға жіберілетін осы Қағидалардың


39-тармағында көрсетілген құжаттарда сұрыптың атауы (егер аты әлі анықталмаса – селекциялық нөмірі) және өтінім берушінің немесе оның өкілінің қолы болуы тиіс. Сұрыптың атауы (егер аты әлі анықталмаса-селекциялық нөмірі) көрсетілмеген құжаттар қаралмай қайтарылады.

44. Өтінімге келіп түскен және өтінімнің бастапқы құжаттарында келтірілмеген және өтінім берілген сұрыптың мәнін өзгертетін белгілері бар қосымша құжаттар өтінімді қарау кезінде назарға алынбайды.

45. Мемлекеттік комиссиямен хат алмасуды өтінім беруші немесе уәкілеттік берілген оның өкілі әрбір өтінім бойынша жеке-жеке жүргізеді.

46. Өтінім берушінің деректері бойынша сұрыпты шаруашылыққа пайдалығына сынақтан өткізу бір жылға дейінгі мерзімде жүргізіледі.

47. Мемлекеттік сұрыптық сынақ деректері бойынша сұрыпты шаруашылыққа пайдалығына сынақтан өткізу егістік тәжірибе отырғызылған күннен бастап, мынадай мерзімдерде жүргізіледі:

дәнді, дәнді бұршақты, жармалық, майлы, техникалық, иіру, біржылдық жемшөп, көкөніс, бақша, гүлді-сәнді дақылдары және картоп бойынша екі вегетациялық кезеңнен кем емес;

көпжылдық шөптері бойынша екі циклді қолданудан кем емес;

жеміс, жидек дақылдары мен жүзім бойынша екі шаруашылық өнімнен кем емес.

Сұрыпты шаруашылыққа пайдалығына сынақтан өткізу кезеңінде ауа райының қолайсыз жағдайы, форс-мажор болған жағдайда сынақ мерзімі сұрыпты қосымша зерделеу үшін бір вегетациялық кезеңге созылады.

48. Мемлекеттік комиссия өтінім келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күннің ішінде өтінімге және сұрып атауына сараптама жүргізеді. Өтінім мен сорттың атауларының сараптамасына өтінімнің дұрыс толтырылуын қарау, селекциялық жетістікке арналған сауалнаманың сараптамасы, сондай-ақ өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одаққа (бұдан әрі – УПОВ) мүше мемлекеттермен атаулардың сараптамасы мен келісілуі кіреді.

49. Өтінім келіп түскен кезде мемлекеттік комиссия кеңсесінің маманы өтінімді қабылдауды, қарауды жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы белгі жасайды және жауапты орындаушыны анықтау үшін өтінімді мемлекеттік комиссияның басшысына жолдайды 15 (он бес) минут ішінде;

Мемлекеттік комиссияның басшысы 3 (үш) сағат ішінде өтінімді қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды;

Жауапты орындаушы өтінімде келтірілген мәліметтердің дұрыс толтырылуын қарастырып, Мемлекеттік комиссияның  морфологиялық белгілер базасы арқылы ерекшелікке, сондай-ақ осы Ереженің 23, 24-тармақтарына сәйкес, Мемлекеттік комиссияның сұрып атауының базасы арқылы сұрыптар атауын 3 (үш) күн ішінде сараптама жүргізеді.

Сұрыптың атауын УПОВ  мүше-мемлекеттермен келісуі 7 (жеті) күн ішінде жүргізіледі.

50. Сұрыптың атауына сараптама жасау кезінде оның осы Қағидалардың 23 және 24-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігі анықталады.

Егер сұрыптың атауы осы Қағидалардың 23 және 24-тармақтарында көрсетілген талаптарға жауап бермесе, Мемлекеттік комиссия сәйкессіздік анықталған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күннің ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес сұрыпты сынаққа қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.

Өтінім беруші (көрсетілетін қызметті алушы) екі айлық мерзімде сұрыптың жаңа атауымен өтінімді қайта ұсынады.

Өтінімге және сорттың атауына сараптама жүргізілгеннен кейін мемлекеттік комиссия өтініш берушіге (көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 4- қосымшаға сәйкес сұрыпты сынаққа қабылдау туралы дәлелді бас тартуды хабарламаны немесе сортты Мемлекеттік тізілімге енгізу туралы хабарлама жіберілетін мерзімін көрсете отырып немесе мемлекеттік комиссияның басшысы ЭЦҚ - мен қол қойылған сұрыпты одан әрі сынақтан алу туралы дәлелді жауап жібереді.

51. Шаруашылыққа пайдалылығына егістік сынақ жүргізу үшін Мемлекеттік комиссия өтінім берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқымдық және отырғызу материалын жеткізуге арналған наряд жолдайды.

Өтінім беруші (көрсетілетін қызметті алушы) Мемлекеттік комиссияға тұқым жеткізуге арналған нарядта көрсетілген мекенжайлар бойынша және мерзімдерде тұқымдық және отырғызу материалының қажетті санын ұсынады.

52. Өтінім берушінің деректері бойынша сұрыпты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу мынадай жағдайларда жүргізілмейді, егер:

1) өтінім беруші (көрсетілетін қызметті алушы) топырақтық-климаттық параметрлер бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің пайдалануы үшін ұсынылатын жағдайларға ұқсас жағдайларда жүргізілген басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының сұрыпты сынақтан өткізуінің оң нәтижелерін растайтын құжаттаманы бергенде;

2) өтінім беруші берген ауыл шаруашылығы өсімдігінің сұрыпын сынақтан өткізу нәтижелері түсімділіктің стандарттан жоғарлылығы, негізгі ауруларға төзімділігі стандарт деңгейінде екендігін немесе сұрыпты пайдалану мақсатын анықтайтын айрықша шаруашылық құнды белгілері болғандығы туралы куәландырса.

53. Дақылдың қолайлы дамуын қамтамасыз ететін жағдайларда, егістік сынақтар бір жерде жүргізіледі.

54. Сұрыпты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу барысында Мемлекеттік комиссия морфологиялық белгілері бойынша сұрыпты сәйкестендіруді жүргізеді (ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық), оның нәтижесінде сұрыптың ресми сипаттамасы жасалады.

55. Сұрып өтінім берілген сипаттамаға біртектілігі бойынша сәйкес келмеген жағдайда, Мемлекеттік комиссия сұрыпқа тиесілілігін анықтаудың қиындығына немесе мүмкін еместігіне байланысты өтінімді қабылдамау және сұрыпты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуді тоқтату туралы шешім қабылдайды.

Сұрыпты шаруашылық пайдалылығына сынақтан өткізуден одан әрі алу туралы Мемлекеттік комиссия басшысының ЭЦҚ қойылған хабарлама шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінім берушіге жолданады

56. Сұрыпты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу нәтижелері деректер банкінде тіркеледі.

57. Егер, өтінім беруші (көрсетілетін қызметті алушы) өтінім тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жыл қатарынан Мемлекеттік комиссия жолдаған тұқым жеткізуге арналған нарядқа сәйкес сынау үшін тұқымдық және отырғызу материалын ұсынбаған жағдайда, сұрып шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуден алынады.

58. Өтініш берушінің деректері бойынша және мемлекеттік сынақтың деректері бойынша сұрыпты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу нәтижелері бойынша Мемлекеттік комиссияның Сараптама кеңесі селекциялық жетістікті одан әрі сынақтан өткізуден алып тастау немесе шаруашылық-құндық белгілер кешені бойынша Мемлекеттік тізілімге қосу негіздемесі бар, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды (бұдан әрі – Сараптама кеңесінің қорытындысы) жасайды.

59. Мемлекеттік комиссия Сараптама кеңесінің қорытындысы жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күннің ішінде тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган құрған ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу мәселелері жөніндегі Республикалық комиссияға (көрсетілетін қызметті беруші) (бұдан әрі – комиссия) қарастыруға сынақ нәтижелері мен Сараптама кеңесінің қорытындысын жолдайды.

60. Комиссия сынақ нәтижелері мен Сараптама кеңесінің қорытындысын қарастыру қорытындылары бойынша тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға (көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша тиісті шешім қабылдау үшін сұрыпты сынақтан өткізуден алып тастау немесе шаруашылық-құндық белгілер кешені бойынша пайдалануға сұрыпты ұсыну туралы ұсыныс енгізеді.

61. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (көрсетілетін қызметті беруші) сұрыпты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тізілімге енгізу туралы бұйрықты тіркегеннен кейін бұйрықтың көшірмесін Мемкомиссияға 3 (үш) жұмыс күннің ішінде жолдайды.

62. Мемкомиссия өтінім берушіге (көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес сұрыпты Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы хабарламаны не сұрыпты одан әрі сынақтан алу туралы дәлелді жауапты жібереді.

63. Сұрыптарды шаруашылық пайдалылығына сынау жүргізу үшін қажетті мәліметтері бар ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (көрсетілетін қызметті беруші) бір жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына (бұдан әрі – оператор) хабардар етеді.

Бұл жағдайда оператор Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде техникалық мәселе туралы еркін нысанда хаттама жасайды және оған тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен (көрсетілетін қызметті берушімен) қол қояды.

Мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне селекциялық жетістікті шаруашылыққа пайдалылығына сынауға өтінімді қабылдау кезеңі туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

64. Сұрыпты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуден бас тартуға арналған негіздер:

1) өтінім берушінің сұрыпты сынақтан өткізу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) сұрыпты сынақтан өткізу үшін ұсынылған қажетті деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.

3) сұрыптың атауы осы Қағидалардың 23 және 24-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі.

65. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің), комиссияның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші), агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

66. Өтініш берушінің (көрсетілетін қызметті алушының) шағымын Заңның 25-бабының 2- тармағына сәйкес:

жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші), уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

67. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің), уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның


25-бабының 4-тармағына сәйкес:

1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге (көрсетілетін қызметті алушыға) ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

Өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

Ауыл шаруашылығы


өсімдіктерін сұрыптық сынақтан
өткізу қағидаларына
1-қосымша

Нысан
_______________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),

_______________________________________________________________

заңды тұлғаның атауы)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет