Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидалары


-тарау. Сұрыптарды патент қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу тәртібі



бет2/11
Дата31.12.2021
өлшемі76,6 Kb.
#23817
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
@8; 65=85 @8 07C 07

2-тарау. Сұрыптарды патент қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу тәртібі

15. Сұрыпты патент қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу төмендегілерді қамтиды:

1) патент беруге арналған өтінімнің көшірмесіне сараптама жүргізу;

2) сұрып жаңалығына сараптама жүргізу;

3) сұрыптың атауына сараптама жүргізу;

4) зертханалық сынақ;

5) ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына егістік сынау.

16. Өтінім беруші селекциялық жетістікке патент беруге арналған өтінімді (бұдан әрі – патент беруге арналған өтінім) сараптама ұйымына береді.

Өтiнiм берiлген күннен бастап 2 (екi) ай мерзiм өткен соң сараптама жасау ұйымы ол бойынша алдын ала сараптама жүргiзедi. Алдын ала сараптама жүргiзу барысында өтiнiмге басымдық берiлген күн белгiленедi, қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға белгiленген талаптардың орындалуы тексерiледi. Патент беруге жасалған өтiнiмге алдын ала сараптама екi ай мерзiмде жүргiзiледi.

Алдын ала сараптаманың оң қорытындысы алынған жағдайда селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган өтінімді одан әрі қара туралы шешім қабылдайды. Патент беруге арналған өтінімнің көшірмесі Мемлекеттік комиссияға жолданады.

17. Өтінім берушінің деректері бойынша сұрыпты патент қабілеттілігіне сараптама және сынақ өткізу кезінде сұрыптың ерекшелікке, біртектілікке және тұрақтылыққа егістік сынақ жүргізілмейді.

18. Өтінім берушінің деректері бойынша сұрыпты патенттік қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу бір жылға дейінгі мерзімде жүргізіледі.

19. Мемлекеттік сұрыптық сынақ деректері бойынша сұрыпты патенттік қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу кемінде екі вегетациялық кезеңде жүргізіледі.

Мемлекеттік сұрыптық сынақ деректері бойынша сұрыпты патент қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу үшін Мемлекеттік комиссия өтінім берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқымдық және отырғызу материалын жеткізуге арналған наряд (бұдан әрі – тұқым жеткізуге арналған наряд) жолдайды.

Өтінім беруші (көрсетілетін қызметті алушы) Мемлекеттік комиссияға тұқым жеткізуге арналған нарядта көрсетілген мекенжайлар бойынша және мерзімдерде тұқымдық және отырғызу материалының қажетті санын ұсынады.

20. Патент беруге арналған өтінім көшірмесінің сараптамасы, сұрып жаңалығына сараптама, сұрыптың атауына сараптама екі ай мерзімінде жүргізіледі.

21. Патент беруге арналған өтінім көшірмесінің сараптамасын Мемлекеттік комиссия ұсынылған ақпараттың толықтығын тексеру арқылы жүргізеді.

22. Сұрып жаңалығына сараптаманы Мемлекеттік комиссия өтінім беруші ұсынған құжаттарды талдау арқылы және деректер банкін пайдалана отырып жүргізеді.

Егер, өтінім берілген сұрыпқа жаңалыққа сараптама жүргізу нәтижесінде сұрыптың жаңалық өлшемшартына сәйкес еместігі анықталса, Мемлекеттік комиссия сәйкессіздік анықталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдік шаруашылығындағы селекциялық жетістікке патент беруден бас тарту туралы қорытынды (бұдан әрі – патент беруден бас тарту туралы қорытынды) жасайды және оны сараптама ұйымына жолдайды.

23. Сұрып атауына сараптама жасау кезінде оның мынадай талаптарға сәйкестігі анықталады: сұрыптың атауы сұрыпты сәйкестендіруге мүмкіндік беруі, қысқа болуы, сол немесе соған жақын ботаникалық түрдің қолда бар сұрыптарының атауларынан өзгеше болуы тиіс, цифрлардан ғана тұрмауы, қасиеттеріне, шығу тегіне, сұрыптың маңызына, селекционердің жеке басына қатысты жаңылыстырмауы тиіс, адамгершілік пен мораль қағидаттарына қайшы келмеуі тиіс.

24. Егер бірдей сұрыпқа арналған өтінім Қазақстан Республикасына және басқа елдерге де берілсе, онда сұрыптың атауы осы Қағидалардың
23-тармағының талаптарына жауап бермейтін жағдайларды қоспағанда, бірдей сұрыптың атауы да бірдей болуы тиіс.

25. Мемлекеттік комиссия сұрып атауының осы Қағидалардың 23 және


24-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігіне сараптама жүргізу нәтижелері бойынша патент беруге арналған өтінімнің көшірмесі келіп түскен күннен бастап екі айлық мерзімде осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетістіктің атауын тексеру нәтижелері жөніндегі қорытындыны сараптама ұйымына жолдайды.

Егер, сұрыптың атауы осы Қағидалардың 23 және 24-тармақтарында көрсетілген талаптарға жауап бермесе, сараптама ұйымының сұранымы бойынша өтінім беруші (көрсетілетін қызметті алушы) екі айлық мерзімде сұрыптың жаңа атауын ұсынады.

26. Зертханалық сынақ барысында:

1) деректер банкін пайдалана отырып, басқа сұрыптардан ерекше белгілердің бар-жоғы анықталады;

2) ұсынылған материалдарды көзбен талдау негізінде белгілердің біртектілігіне баға беріледі;

3) электрофорез әдісімен биохимиялық зерттеулер жүргізіледі.

Мемлекеттік комиссия зертханалық сынақты бір жыл ішінде егістік сынақтармен бір мезгілде жүргізеді.

27. Зертханалық сынақтың теріс нәтижелері анықталған кезде (өтінім беруші ұсынған селекциялық жетістік сауалнамасында көрсетілген белгілерге сәйкессіздігі және морфология мен электрофоретикалық спектрдің белоктық формуласы бойынша анық көрінетін ерекше белгілердің болмауы) Мемлекеттік комиссия 10 (он) жұмыс күннің ішінде сараптама ұйымына патент беруден бас тарту туралы қорытындыны жолдайды.

28. Зертханалық сынақтың оң нәтижелері алынған кезде Мемлекеттік комиссия ерекшелікке, біртектілікке және тұрақтылыққа егістік сынақты жалғастыру туралы шешім қабылдайды.

29. Патент беруге арналған өтінім беру сәтінде бар болуы баршаға мәлім болып табылатын сұрып кез келген басқа сұрыптан ерекше болса, сұрып ерекшелік талаптарына жауап береді.

Егістік сынақ кезінде сұрыптың ерекше өзгешеліктерін айқындауға мүмкіндік беретін белгілер жақсы көрінуі және дәл сипаттау мен қалпына келтіруге икемді болуы тиіс.

30. Егер көбею ерекшеліктерін ескере отырып селекцияланатын белгілері бойынша біртекті болып қалса, сұрып біртекті деп саналады.

31. Негізгі белгілері әрбір көбеюден кейін, ал көбеюдің ерекше циклы кезінде – әрбір көбею циклы соңында, өзгеріссіз қалса сұрып тұрақтылық критерийіне жауап береді.

32. Сұрыпты ерекшелікке, біртектілікке және тұрақтылыққа сынақтан өткізу нәтижелері деректер банкін пайдалана отырып, Мемлекеттік комиссияда өңделеді.

33. Егер өтінім беруші (көрсетілетін қызметті алушы) 2 (екі) жыл қатарынан Мемлекеттік комиссияның тұқымды жеткізуге тапсырма құжатына (нарядқа) сәйкес тұқымдық материалды ұсынбаған жағдайда, сұрып патент қабілеттілігіне сараптамадан және сынақ өткізуден алынады.

34. Егер, Мемлекеттік комиссия жүргізген патент қабілеттілігіне сараптама және сынақтан өткізу нәтижесінде өтінім берілген сұрыптың патент қабілеттілігі шарттарына сәйкестігі анықталса, Мемлекеттік комиссия патент беруге арналған қорытындысы бар сұрып сипаттамасын және сұрыптың патент қабілеттілігі туралы қорытындыны жасайды және оларды 10 (он) жұмыс күні ішінде екі данада сараптама ұйымына жолдайды.

35. Мемлекеттік комиссия өтінім берілген сұрыптың жаңалық, ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық критерийлерінің біреуіне сәйкессіздігін анықтаған кезде, Мемлекеттік комиссия патент беруден бас тарту туралы қорытынды жасайды және оны екі данада сараптама ұйымына жолдайды.

36. Патент иеленуші сұрыпты патенттің қолданылу мерзімі ішінде селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетін Қазақстан Республикасында өсімдіктердің қорғалатын сұрыптарының Мемлекеттік тізілімінде оларды тіркеген күні жасалған сұрыптың ресми сипаттамасында көрсетілген белгілері сақталатындай қалыпта ұстайды.

37. Патент иеленуші Мемлекеттік комиссияның сұрау салуы бойынша бақылау сынақтарын жүргізу және сұрыптың сақталуын тексеру үшін тұқымдық материалдың үлгілерін сұрау салу жіберілген күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде жолдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет