Ұлы Отан соғысы жылдарында ( 1941- 1945 жж)
Ауыл ақсақалы марқұм Аманқұл Тажиевтің өмір дерегінде ауылдан соғысқа 102- азаматы шығарып салған туралы дерек айтылған.
Соғыстан 41- атамыз қайтып оралмады. (Молыбай Оразалиев жалпы орта мектебінің ауласында мемориал тақтасында толық аты-жөні жазылған.)
Соғыстан 55- атамыз аман-есен оралды. ( Ауыл ортасында «Ер есімі – ел есінде» мемориалдық тақтаға жалпы 96 – атамыздың есімдері жазылған.)
6- атамыздан нақты мәлімет жоқ.
1941-1945 жылдардағы тыл еңбеккерлері
Соғыс жылдары тылда еңбек еткен ауылдағы барша ата-әжелерге, аға-әпкелерге балалық шағын еңбекке арнаған бала-бауырларға баршасына тағзым етеміз.Тыл ардагерлер ата – әжелеріміздің еңбегіне бас иеміз.
Ұлы Отан соғысы жылдары әскери еңбек бөлімінде ( ФЗО) (фабрика заводтық оқу) Қарағанды көмір шахтасында еңбек еткендер. ( 1941-1945жж)
Байсынбақов Диханбай, Дерімсалиев Сералы, Көпбосынов Абдіқасым, Махатаев Әбдікерім, Монаев Орынбай, Қалдыбеков Дүйсебай, Мейірбеков Сейілбек.
Киров ( қазіргі Достық каналы Мақтаарал ауданы) 1950-1951 жж каналын қазуға қатысқандар
Аманбаев Қармақбай, Бектұрсынов Шоқан, Төрегелдиев Құралбек, Тезекбаев Әбілда, Дауылбаев Жатқанбай, Қосалиев Қалдыбек осы кісілерді бригадир Аманқұл Тажиев бастап алып барған.
Достарыңызбен бөлісу: |