Ауыл тарихы Бұдан ертерек біздің ата-бабаларымыз Ақсу және Қарасу өзендерінің бойында Көлкент пен Ақтан ата көл жағасында Теспе (Жоңарық) канал арық маңында



бет1/10
Дата07.01.2022
өлшемі31,21 Kb.
#17833
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
АУЫЛ ТАРИХЫ


Ауыл тарихы

Бұдан ертерек біздің ата-бабаларымыз Ақсу және Қарасу өзендерінің бойында Көлкент пен Ақтан ата көл жағасында Теспе (Жоңарық) канал арық маңында (ХХғ басында Жандарбек Тазабекұлы болыс бабамыздың басқаруымен жұрт Теспе каналын қазған) қоныс тігіп мекендеген. Өз ағайын, туған –туыс, аталас бауырлас ағайындарымен, ескі қыстақтарда өмір сүріп тіршілік еткен .

Тарата айтсақ:

1-ші ауыл:(1-ші звено)

Садырсай қолқасында: Қарман, Жүзбай, Жұмасай әулеттері.


2-ші ауыл:(2-ші звено)

Ақсу өзенінің сол бет жағалауы: Теспе (Жонарық) канал бойында. Ақсақал, Сыпатай, Жиен әулеттері.

Ақсу өзенінің беткейі, Қосмолда маңы Боқсайда: Ақмырза әулеті Ташанақ бабадан тараған Сүгір, Үркімбай, Алашбай әулиеттерінің ұрпақтары, Ханқорған (Мәдени) ауылында тұрады.

3-ші ауыл:(3-ші звено)

Ақсу мен Қарасу өзендерінің құяр сағасында, жоғарғы Теспе (Жонарық), Тереңсай беткейі, Шіркін бозында, Көлкент, Ақтан ата көл бойында.Саржау, Сатай, Байтоқ әулеттері. Бүгінде Сатай атаның ұрпақтары Шіркін және осы ауылымызда тұрады.

Бұрынғы алма және тұт бауы орнында қазіргі «Т.Рысқұлов» көшесінің қырғы беткейінде: Ақай әулеттері мекен еткен.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет