Қауіпсіздік шараларын біліңіздер



Дата19.04.2023
өлшемі16,73 Kb.
#84347
Байланысты:
Судағы қауіпсіздік шаралары жөніндегі жадынама


Судағы қауіпсіздік шаралары жөніндегі жадынама

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН БІЛІҢІЗДЕР


Жаз – демалуға тамаша кез. Су жағасында өзіңізге және өз денсаулығыңызға пайдалы демалу үшін суда жүзе білу, суда өзін-өзі ұстау ережелерін жақсы білу және орындай білуді үйрену керек.
Арнайы жабдықталған орындарда: жағажайларда, бассейндерде, шомылу орындарында, шомылуға арналған орындардың ішкі тәртібінің ережелерімен міндетті түрде алдын ала танысып, суға шомылу керек. Сапарларда шомылу үшін қатты ағыны жоқ (0,5 м/с дейін), терең емес (2 м дейін), түбі тегіс құмды немесе қиыршық тасты суы таза орынды таңдау қажет. Шомылуды күншуақты желсіз ауа-райында судың температурасы 17-19°С, ауа температурасы 20-25°С кезінде бастауға кеңес беріледі. Суда 10-15 минут болу керек, жүзу алдында денені алдын ала жылы сумен сүрту қажет.
Есте сақтаңыздар:

  • Балдырлар немесе шылаулар бар шалшықтанған орындардағы суға шомылмау керек;

  • Таныс емес жерлерге жүзеге болмайды – түбінде батқан бөренелер, тастар, бұтақ ағаштар болуы мүмкін;

  • Дауылды жел ауа-райында немесе қатты соқпа толқын бар жерлердегі суға шомылуға болмайды;

  • Қайыққа жармасуға, навигациялық жабдыққа (қалқыма көрсеткіштер, тайыз жерлерді көрсетуге қойылған қалқыма белгілер және т.с.с) шығуға болмайды;

  • Өтіп бара жатқан кемелерге жүзіп баруға, жүзу аймағын шектейтін тайыз жерлерді көрсетуге қойылған қалқыма белгілерден әрі қарай жүзуге және фарватерге қарай жүзуге болмайды;

  • Егер сіздер ағысы қатты суда қалсаңыздар, оған қарсы жүзуге тырыспаңыздар, оны жеңуге күштеріңіз жетпейді; ол жағдайда ағыс бойымен, бірақ біртіндеп жағаға жақындау үшін жүзу қажет;

  • Егер су иіріміне түсіп кетсеңіздер, қорықпаңыздар, көбірек ауа жұтыңыздар, сүңгіңіздер және одан басқа жаққа бірден бұрылуға тырысыңыздар;

  • Егер сіздердің бұлшық еттеріңіз тартылса, арқамен жатыңыздар және жағаға жүзіңіздер, тартылған бұлшық етті уақалауға тырысыңыздар;

  • Көмекке шақырудан ұялмаңыздар;

  • Жалған айғайлап дабыл беруге болмайды.

Балаларды сапарлар, қыдырулар және саяхаттар уақытында суға шомылдыру үшін қадалары, бұтақ ағаштар, өткір тастар, әйнектер, балдырлар мен лай жоқ түбі жайпақ суқоймасындағы терең емес орын таңдалады. Суға шомылу орындарын тексеруді жақсы жүзе және сңги білетін ересек адамдар жүргізеді. Балалардың суға шомылуы ересектердің бақылауымен жүргізілуі тиіс.
Жүзе білу – ол суда өзін-өзін сақтаудың тәсілі.
Жақсы жүзе білу – судағы жазатайым оқиғалардан сақтанудың кепілі.
Таныстым;____________________________________________
Ата-ананың аты-жөні,қолы
Таныстым;____________________________________________
Оқушының аты-жөні,қолы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет