Қауіпсіздіктің


Өндірісте биологиялық қауіпсіздік саласындағы қандай халықаралық нормативтік құжаттар қолданылады. Олардың маңыздылығын атаңыз және айтыңыз



бет22/23
Дата26.04.2023
өлшемі106,95 Kb.
#87167
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Pba-men z mys isteu kezinde auipsizdikti rt rli de gejleri s 2

Өндірісте биологиялық қауіпсіздік саласындағы қандай халықаралық нормативтік құжаттар қолданылады. Олардың маңыздылығын атаңыз және айтыңыз.


  • Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 20 22 жылғы 21 мамырдағы 122-VII ҚРЗ.

Биологиялық қауіпсіздік мынадай қағидаттар негізінде қамтамасызетіледі:

  1. патогенді биологиялық агенттермен тек қана әскери емесмақсаттарда жұмыс істеу;

  2. биологиялық қатерлерді алдын ала тану;

  3. патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді бақылауда ұстау;

  4. мемлекеттік реттеу шараларының мөлшерлес болуы;

  5. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінің басымдығы.

  • НАГОЯ-КУАЛА-ЛУМПУР БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША КАРТАХЕН ХАТТАМАСЫНА ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ӨТЕУ ТУРАЛЫ ҚОСЫМША ХАТТАМА

Биоқауіпсіздік жөніндегі Картахен ХАТТАМАСЫ биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияға қосымша келісім ретінде 2000 жылғы 29 қаңтарда қабылданды және 2003 жылғы 11 қыркүйекте күшіне енді. Ол адам денсаулығы үшін қауіпті ескере отырып және трансшекаралық орын ауыстыруға ерекше назар аудара отырып, биологиялық әртүрлілікке қолайсыз әсер етуі мүмкін тірі өзгертілген организмдердің қауіпсіз берілуіне, өңделуіне және пайдаланылуына жәрдемдесетін көпжақты табиғатты қорғау келісімі болып табылады.
Осы қосымша хаттаманың мақсаты - тірі өзгертілген организмдермен байланысты жауапкершілік және өтеу саласындағы халықаралық ережелер мен рәсімдерді қамтамасыз ету арқылы адам денсаулығы үшін қатерді ескере отырып, биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға жәрдемдесу.

  • Биологиялық және уытты қаруға тыйым салу туралы 1972 жылғы конвенцияны және оған байлан ысты БҰҰ ҚауіпсіздікКеңесі қабылдаған 1540

Резолюция талаптарын ұлттықдеңгейде жүзеге асыру жөніндегі нормативтік ұсынымдар
VERTIC (верификация, біліктілікті арттыру және ақпарат орталығы) биологиялық және уытты қаруға тыйым салу туралы 1972 жылғы Конвенцияны ұлттық деңгейде жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ биоқаруға қатысты 1540 Резолюция ережелерін ұлттық деңгейде жүзеге асыру жөніндегі өздерінің базалық заңнамасын толықтыру үшін талап етілуі мүмкін қандай да бір нормативтік және әкімшілік шараларды дайындау процесін бастайтын мемлекеттер үшін нұсқаулық ретінде осы нормативтік ұсынымдарды әзірледі, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған. Осы ұсынымдар үлгілік нормативтер кешенін қамтымайды, керісінше өздерінің заңнамалық негізі мен дәстүрлерін, биотехнологияның даму деңгейін және басқа да ішкі жағдайларын ескере отырып, мемлекеттер еркін талдай алатын және пайдалана алатын үздік практикалардың мысалдарына ұсыныстарды, кеңестерді және сілтемелерді қамтиды. Стандарттарды дайындау уақыт пен ұқыптылықты талап етеді және осы Нұсқаулықты пайдаланушылар өз қалауы бойынша кейбір стандарттарға жоғарырақ басымдылық бар деп шеше алады, мысалы, Жауапты орган құру арқылы жұмысқа кіріседі.

  • ТЫЙЫМ САЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНВЕНЦИЯ

Бактериологиялық (биологиялық) және уытты қаруларды әзірлеуге, өндіруге және олардың қорларын жинақтауға тыйым салу және оларды жою туралы Конвенция (БҚК) тұтас қару-жарақ сыныбын өндіруге тыйым салатын қарусыздану туралы алғашқы халықаралық шарт болды. Оған қол қою Женева хаттамасын (1925) толықтыратын құқықтық базаны құру жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың көп жылғы күш- жігерінің нәтижесі болды.
БҚК-ға қатысты салалар оның бірінші бабында талқыланады:

  1. микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттер немесе токсиндер, олардың шығу тегіне немесе өндіру әдісіне қарамастан, профилактикалық, қорғаныстық немесе өзге де бейбіт мақсаттарға арналмаған осындай түрдегі және мөлшердегі;

  2. дұшпандық мақсаттарда немесе қарулы қақтығыстарда осындай агенттерді немесе токсиндерді пайдалануға арналған қару, жабдық немесе жеткізу құралдары.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет