Ұрттың негізін көлденең-жолақты қаңқалық бұлшық еті құрайды. Ұрттың қабырғасында шырышты қабықша, шырыш асты негіз, бұлшықет қабаты және ұрттың сыртын жауып тұратын тері қабаты ажыратылады. Шырышты қабықшаның эпителиалдық табақшасы ұрт аймағында қалыңырақ болады. Эпителийдің қалыңдау болуы қабаттарды құрайтын эпителиоциттердің көлемдері үлкендеу екендігіне байланысты. Әсіресе тікенекті қабаттың жасушалары басқа аймақтардың жасушаларына қарағанда ірілеу болып келеді.
ҚЫЗЫЛ ИЕК
Қызылиектің екі бөлімін ажыратады. Олар вестибулярлық — ауыз қуысының кіреберісіне қараған және ауыз қуысының өзіне қараған – оральдық деп аталады.
Қызылиектің өзін үшке бөледі:
1-Бекітілген бөлігі – ол сүйек қабығымен тығыз бірігіп кетеді.
2-Аздаған аймақты алып жататын бос бөлігі – бұл бөлік тістің бетіне түйісе орналасып, одан айналмалы қуыс – қызылиек қалтасы немесе қызылиек жырасы арқылы оқшауланады.
3-Тісаралық бүртікшелер – қызылиектің тістер арасындағы үшбұрышты аймақтары.
Тістер және қызылиек
ТІСТЕР
Тістер шайнау аппаратының бөлігі болып табылады. Адамда олар екі сатыда пайда болады: әуелі – сүт тістері, одан соң – түпкілікті немесе тұрғылықты тістер түзіледі. Жақ сүйектерінің ұяшығында тістер тіс мойыны тұсында периодонт арқылы бекиді. Периодонт айналмалы тіс байламын құрайтын тығыз дәнекер тін болып табылады. Тіс байламының коллагендік талшықтары негізінен радиальдық бағытта орналасады. Бір жағынан олар – тіс түбірінің цементіне, екінші жағынан альвеолярлық сүйекке өтеді. Периодонт механикалық қана емес, трофикалық қызметті де атқарады, өйткені оларда тіс түбірін қоректендіретін қан тамырлары болады.
Ауыз қуысы
Ауыз қуысы
Ауыз қуысының алдыңғы сыртқы қабырғасын — жоғарғы және төменгі ерін, ішкі қабырғасын — күрек тіс пен қызыл иек, екі бүйірінің сыртқы қабырғасын — оң және сол ұрт, ішкі қабырғасын — оң және сол жақтағы азу тістер мен қызыл иек, төбесін — қатгы және жұмсақ тандай, ал төменгі жақаралық кеңістікте орналасқан ауыз қуысының түбін тіл құрайды.