Ауыз қуысы резистенттілігінің арнайы емес факторы



бет3/3
Дата15.02.2023
өлшемі26,49 Mb.
#68019
1   2   3
Байланысты:
ИММУН

Ауыз қуысы

  • Ауыз қуысы ағзаларына аталған мүшелерден басқа қабырғалық (интрамуральды) майда сілекей бездері (ерін, тіл,таңдай, ұрт сілекей бездері) және ауыз қуысы қабырғасынан тыс жатқан ірі (экстрамуральды) сілекей бездері (қүлақ түбі, төменгі жақ және тіласты жүп сілекей бездері) жатады.

ТАҢДАЙ

  • Қатты таңдай шырышты қабықшамен жабылған сүйекті тіректен тұрады. Шырыш асты негіз жоқ болғандықтан, шырышты қабықша сүйек қабығымен тығыз бірігіп кеткен. Шырышты қабықша көпқабатты жазық мүйізденбейтін эпителиймен жабылған. Қатты таңдайдың жапсарының маңында шырышты қабықшаның эпителийі кей кезде созындылар құрайды. Жаңа туған нәрестелерде олар шоғырлана қабаттасқан эпителиоциттерден тұрып, түйреуіш басындай үлкендікке жететін эпителийлік денешіктер түрінде болады.

Тіл

  • Тіл шырышты қабықшамен жабылған. Тілдің астыңғы, бүйір және үстіңгі беттерінде әр түрлі бедерін ажыратуға болады (4 сурет). Астыңғы беттегі шырышты қабықшаның құрылымы мейлінше қарапайым. Бұл жердегі эпителий көпқабатты, жазық мүйізденбейтін болып келеді. Шырышты қабықшаның меншікті табақшасы эпителийге қысқа бүртіктер жасай отырып енеді. Меншікті табақшаға бұлшық еттерге жанамалас орналасқан шырыш асты негіз жалғасады. Шырыш асты негіздің болуының арқасында тілдің астыңғы бетінің шырышты қабықшасы оңай қозғалады.

Тілдің бедері мен бүртікшелері

  • Тілдің бедері мен бүртікшелері
  • А- жоғарғы бетіндегі жіп тәрізді және саңырауқұлақ тәрізді бүртікшелер
  • Б- жапырақ тәрізді бүртікшелер
  • В- науалы бүртікшелер
  • Г- тілдің астыңғы бетінің тегіс эпителийі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет