1-көпқабатты мүйізделмейтін жалпақ эпителий 2-ұрттың кілегейлі қабығының меншікті пластинкасы



бет1/15
Дата09.12.2023
өлшемі2,89 Mb.
#135474
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
гисто мета роднойлар палатасы





Ұрт. Бояуы - Гематоксилин-эозин.




1-көпқабатты мүйізделмейтін жалпақ эпителий
2-ұрттың кілегейлі қабығының меншікті пластинкасы
Қызметі: Сілекей бөлу,астың механикалық өңделуіне қатысады.

Препаратта ұрт берілген.Ұрт-сырты тері,іші шырышты қабықшамен қапталған бұлшықетті мүше.Ұрттың шырышты қабықшасында 3 аймағы бар : максиллярлық,мандибулярлық және аралық.Шырышты қабықшасында бұлшықетті табақшасы болмайды.Ұрттың максиллярлық және мандибулярлық бөліктерінің эпителиі көпқабатты жазық мүйізденбейтін болып табылады.Ал шырышты қабықшаның меншікті табақшасының бүртікшелерінің көлемдері үлкен болмайды.Осы аймақтарда көптеген ұрт бездері орналасады.Шырышасты негіз жақсы дамыған.Аралық бөлігіне келсек,ол ауыз езуінен басталып,астыңғы жаққа дейін созылған.Ені шамамен 10 мм болады.Астында орналасатын тіндермен ұлттың шырышты қабықшасы май шелінен құралған шырышасты негіз арқылы байланысады.Ішінде көптеген қантамырлары және жүйкелер орнығады.Ал ұрттың бұлшықет қабықшасы ұрт бұлшықетінен тұрады.Мұнда ұрттың сілекей бездері орналасады.Олардың секреторлы бөлімдері нәруызды шырышты болып келеді.




Қызыл иек. Бояуы - Гематоксилин-эозин.




1-қызыл иектің көп қабатты жалпақ мүйізделетін эпителиі
2-кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы
3-қызыл иек эпителиінің мүйізді қабаты
4-кілегейлі қабық меншікті пластинкасының эпителиге енуінен түзілген дәнекер тінді бүртіктері


Қызметі
Үстіңгі және астыңғы жақтардың сүйек үсті қабығымен тығыз біріктіреді



Препаратта қызылиек берілген.Қызылиектер-ауыз қуысының шырышты қабықшаның бір бөлігі.Үстіңгі және астыңғы жақтардың сүйекүсті қабығымен тығыз біріктіреді.Шырышты қабықша көпқабатты жазық эпителиймен қапталады.Шырышты қабықшаның меншікті табақшасы эпителийге терең енетін ұзын бүртікшелерді түзейді.Тістерге тікелей түйісе орналасатын қызылиекте бүртікшелер аласара түседі.Меншікті табақшаның кей жерінде тіндік базофилдердің жиынтықтары болады.Шырышты қабықшаның бұлшықет табақшасы болмайды.Қызылиектің тіске жанасатын аймағында қызылиектік жүлге түзеледі.Осы жерде эпителий тістің үстіңгі бетіне жанасып,эмальдың кутикуласымен біріге,тіс қызылиектік байланысты түзеді.Қызылиек молынан жүйкеленген.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет