Ақуыздар мен пептидтер. Ақуыздар мен пептидтердің бастапқы құрылымы



бет3/3
Дата15.11.2023
өлшемі1,36 Mb.
#123422
1   2   3
Байланысты:
1 лек био актив

Нәруыздың үшінші реттік құрылымы
Үшінші реттік құрылымның түзілуіне дисульфидті байланыстар үлкен үлес қосады. Олар полипептидті тізбектің әртүрлі бөліктерін байланыстырып, өзіне тән ілмектер құрайлы. Бұл кезде құрамында S атомы бар аминқышқылы – цистеиннің радикалдарының арасында байланыс түзіледі. Бұл әлсіз байланыс, бірақ молекулалардың тағы да бүктеліп шумақталуының нәтижесінде беріктігі арта түседі. Мұны нәруыз молекуласының үшінші реттік құрылымы дейді.
Нәруыздың төртінші реттік құрылымы
Кейбір нәруыздардың ерекше құрылымы болады. Олар бір-бірімен байланысқан бірнеше пептидтерден құралады. Құрылысы жағынан жақын бірнеше нәруыздың үшінші реттік құрылымының шумақ түзіп орналасуын нәруыз молекуласының төртінші реттік құрылымы дейді. Төртінші реттік құрылым- бірнеше нәруыз молекулаларының қосындысы, мысалы, гемоглобин нәруызы төрт шумақтан тұрады. Олар иондық, сутектік байланыстармен, байланысады. Осы төртінші реттік құрылыммен жаңа қасиет нәруыз қызметінің реттелуі пайда болады.

ҚЫМЕТІ


Тасымалдау
Қозғалыс қызметін атқаратын нәруыздар
Нәруыздардың жабынды тіректік және құрылыстық қызметі
Қорғаныштық қызмет атқаратын нәруыздар
Қабылдағыш қызмет атқаратын нәруыздар
Коректік заттармен қамтамасыз ететін нәруыздар
Нәруыз жасуша тіршілігіне аса маңызды қызметтер атқарады.

ПЕПТИДТЕР


Пептид байланысының түзілуі
Пептидтер (гр. πεπτος — құнарлы) — амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын органикалық заттар. Амин қышқыл қалдықтарының санына қарай ди-, три-, тетра- пептидтерге, олигопептидтерге және полипептидтерге бөлінеді. Пептидтер молекулалары әдетте бір шетінде аминтобы, бір шетінде карбоксил тобы бар ұзын тізбек. Кейде олар тұйық түрде де кездеседі — циклопептидтер (кепшілік токсиндер„ гормондар, антибиотиктер). Пептидтерге биологиялық қасиеттері бар заттардың көбісі жатады. Тірі ортада олар амин қышқылдарынан түзіледі немесе белоктардың ферментті ыдырауынан туады

Пайдаланылған әдебиеттер:


 1.О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
2. Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X
3. Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет