Атырау облысы Индер ауданы



Дата09.03.2022
өлшемі49,35 Kb.
#27323
Байланысты:
1513798642 2


Атырау облысы

Индер ауданы

«Балдаурен» бөбекжайы

Тобы: «Ақбота» II-кіші топ

Тақырыбы: Математика еліндегі қызықты тапсырмалар

Мақсаты: Балалармен геометиялық пішіндер, түстерді ажыратуға, затты көлеміне , санына қарай салыстыруға байланысты тапсырмаларды орындата отырып, оқу қызметіне деген қызығушылықтарын тудыру. Ертегі кейіпкерлері арқылы балаларды достыққа тәрбиелеу. Танымдық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиеші: Шыныбекова Гулмариям Азмухановна

Жүрісі:


Балалар залға саз әуенімен кіреді.

Шаттық шеңбері : Сәлем достар, сәлем!

Жайнай берсін әлем!

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бүгін біздің сабағымызға апайлар қатысады. Қонақтар қанша? -Қонақтар көп. -Балалар қанша? -Балалар да көп. -Ал мен нешеумін? -Апай біреу. -Ендеше, біз бүгін математика елінде қызықты тапсырмалар орындаймыз. Балалар, қандай ертегілер білесіңдер?

- «Бауырсақ», «Шалқан», «Шұбар тауық», «Маша мен аю» т.б

-Енді тақтаға назар аударалық нелерді көріп тұрмыз?

-Үй, бауырсақ

-Қай ертегі кейіпкері?

-«Бауырсақ» ертегісі

-Үйге назар аударалық, қандай пішіндерден құрастырылған?

-Үшбұрыш-шатыры, шаршы- үй қабырғасы

-Бауырсақты пісіргесін әже қайда қойды?

-Терезе алдына.

-Әрі қарай не болды?

-Бауырсақ әжеден домалап қашып кетті.

-Ол неге домалайды?

-Оның бұрыштары жоқ.

-Бауырсақ қандай жолмен домалап барады?

-Кең, ұзын жолмен

-Ал, екінші мына жол қандай?

-Тар, жіңішке, қысқа.

-Домалап, домалап келе жатырса алдынан кім шығады?

-Қоян шығады.

-Қоян не дейді?

-Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін,-дейді.

-Ендеше, қоян бауырсақты жемес үшін қоянның тапсырмаларын орындайық.



I-тапсырма

-Қоян нешеу? Көжегі нешеу? Қоян үлкен бе?, көжегі үлкен бе? Тамақтандырайық

-Үлкен тәрелке қоянға, кіші тәрелке көжекке, үлкен сәбіз қоянға, кіші сәбіз көжекке

-Қояннан бауырсақты құтқарып алдық, қайта жолға шығайық. Орманда не көп?

-Ағаштар.

-Шырша ағашы қанша? Түсі қандай? Салыстыру .

-Домалаған бауырсақтың алдынан енді кім шығады?

-Қасқыр шығады.

-Қасқыр бауырсаққа не дейді?

-Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін,-дейді.

Ендеше, қасқырдың тапсырмасын орындайық.

II-тапсырма

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қай мезгілде балабақшаға келеміз?

-Қай мезгілде үйге қайтамыз?

-Қай мезгілде ұйқыға жатамыз?

Сергіту сәті: Сол қолыңды соз алға

Қол ұшына қара да

Үшбұрыш сыз ауада

Оң қолда бос тұрмасын

Шеңбер сызып зырласын

Балалар, қасқырдан да бауырсақты құтқарып қалдық. Балалар, қараңдаршы аспанда не тұр?

-Күн тұр.

-Күн жоғарыда ма, төменде ме?

-Жоғарыда.

-Ағаш түбінде не отыр?

-Кірпі отыр.

-Кірпі төменде ме, жоғарыда ма?

-Тиін қайда отыр?

-Ағашта отыр.

-Жоғарыда ма, төменде ме?

-Домалаған бауырсақтың алдынан кім шығады?

-Аю не дейді бауырсаққа?

- Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін,-дейді.

Ендеше аюдың тапсырмасын орындайық

III-тапсырма

-Аюдың үйі шашылып жатыр,ойыншықтарын жинамаған. Жинауға көмектеселік.

-Аюды үстел үстіне отырғыз.

-Допты үстел астына қой.

-Текшені аюдың жанына қой.

-Машинаны аюдың артына қой.

-Кітапты аюдың алдына қой.

-Міне тамаша үй де жиналып қалды, аю да риза. Бауырсақты аюдан да құтқардық.

-Балалар, қараңдаршы жолда әдемі бантиктер шашылып қалыпты жинап алалық, біреу түсіріп алған ғой.

-Домалаған бауырсақтың алдынан кім шығады?

-Түлкі не дейді бауырсаққа?

- Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін,-дейді.

Ендеше түлкінің тапсырмасын орындайық

IV-тапсырма

-Түлкі қандай әдемі киінген. Көйлегі қандай түсті, ал бантигі ше?

-Тауып алғанымыз түлкінің бантиктері болды, енді түлкі көйлектері мен бантиктерін түстеріне сәйкес жинап беруімізді сұрайды.

-Қызыл көйлегін тауып әкел, қызыл бантигін алып кел.

-Сары көйлек, сары бантик

Көк көйлек, көк бантик

-Көйлек нешеу? Бантик нешеу?

-Екеуі тең бе?

-Балалар түлкіден де бауырсақты құтқарып алдық.

Ортаға жиналып ертегі кейіпкерлерінің бейнесін құрастыру.



-Міне бізге риза бауырсақ сендерге күлімсіреп тұр.

Ортаға шеңберге жиналу:

Достар мәңгі біргеміз

Сөгілмейді іргеміз

Бір, екі, үш

Достықта біздің күш!

-Достық арқасында біз қу түлкіні де алдап бауырсақты құтқардық.



Сабақты қорытындылау, балаларды мадақтау

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет