Ақуызды заттарды топтастыру және ақуыздар тобының маңызды өкілдеріне түсініктеме, олардың қасиеті, табиғаттағы таралуы. Глобулярлы және фибриллярлы ақуыздар. Тері ақуызының құрамындағы полисахаридтердің ролі



бет5/6
Дата22.09.2023
өлшемі397,5 Kb.
#109861
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
4. Липопротеидтер — белоктар мен липидтерден (триглицеридтер, фосфолипидтер, холестерол, сфинголипидтер, май қышқылдары) тұратын комплекс. Клетка мембранасының құрылымына кіреді. Липопротеидтер бос күйінде қан плазмасында және лимфада кездеседі және ол липидтерді, кейбір гормондарды бір орнынан екінші орынға ауыстырып апара алады. Электрофорездік қозғалғыштығы бойынша a — липопротеидтерге және  — липопротеидтерге бөлінеді.


5. Хромопротеидтер (грекше chroma — түс, бояу және протеидтер) — боялған күрделі белоктар. Простетикалық тобы боялған зат және жарық сіңіргіш белгілі бір спектрі бар. Хромопротеидтерге гемоглобин, миоглобин, цитохромдар, пероксидаза, каталаза, флавиндік ферменттер жатады. Табиғатта жиі кездесетін хромопротеидродопсин, көздің таяқшаларында болады, кешқұрым қас қарайғанда адамның көзінің көруіне көмектеседі.
Нәруыздың бірінші реттік құрылымы
Полипептидтік тізбектегі әртүрлі аминқышқылдар қалдықтарының бір-бірімен кезектесіп пептидтік байланысу ретін нәруыздың бірінші реттік құрылымы деп атайды. Көптеген полипептидтер тізбегі 300-ден 500-ге дейін аминқышқылы қалдығынан тұрады. Алғаш рет 1954 жылы Ф.Сенджеру нәруыз инсулин гормонының аминқышқылы қалдығының реттілігін анықтады. Инсулин гормоны 51 аминқышқылынан тұратыны белгілі болды.

Нәруыздың екінші реттік құрылымы[өңдеу]

Нобель сыйлығының лауреаты, атақты ғалым Лайнус Полинг нәруыздың екінші реттік құрылымын ашқан. Полипептидті тізбектің кеңістіктегі оралма тәрізді болып келген пішінін нәруыздың екінші реттік құрылымы деп атайды. Бұған нәруыздың және тырнақтың нәруызы кератин жатады. Нәруыздың екінші реттік құрылымы мутектік байланыстар арқылы орындалады. Бір орамдығы NH-топтары мен көршілес орамдығы CO-топтары арасындығы түзілетін сутектік байланыс арқылы оралым ұсталынып тұрады. Сутектік байланыстар коваленттік байланыстардан анағұрлым әлсіз. Бірақ бірнеше рет қайталанғанда, олар берік байланысады. Көптеген сутектік байланыстар арқылы «тігілген» полипептидті оралым берік құрылым болып келеді. Нәруызда оралмалы бөліктерінің бар болуы, оған жылжымалылық, мықтылық, серпімділік қасиет береді.
Нәруызда цилиндр тәрізді оралым бөліктерінен басқа аминқышқылы пролиннен түзілетін, тізе тәрізді бүгілетін бөліктері де бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет