Экзогенді инфекциялардың таралуы аурухана жағдайында болатындықтан инфекция көзі жандылар және жансыз заттар болуы мүмкіп. Жанды инфекция көздеріне:
- пациенттер (науқастар);
- медицина қызметкерлері;
- келіп-кетушілер жатады.
Пациенттер арасында инфекция көзі ретінде кеселдің атипті, айқын белгісіз түрімен науқасталғандар ерекше қауіпті.
Медициналық қызметкерлер және келіп кетушілер (және де пациенттер арасында да) инфекция көзі ретінде бактерия тасымалдаушылар бола алады. Мысалы, барлық адамдарды стафилококк тасымалдаушылығы бойынша 3 топқа бөледі:
- тұрақты тасымалдаушылар (20 %)
- тұрақты тасымалдамаушылар (10 %)
- тұрақсыз (алмасып тұратын) тасымалдаушылар (70 %)
Осы категорияға жататын дені сау адамдардың арасында алтынша стафилококты «күшті таратушылар», және де қышыма, шиқан, ойық жаралары бар, яғни микробтармен мол контами- пацияланған инфекция ошағы бар науқастар ерекше қауіпті.
Жансыз инфекция көздеріне яғни экзогенді инфекция тарату факторларына жатқызылады:
- ауруханалық жайлардағы заттар,
- микробтармен контаминацияланған саймандар, қондырғылар,
- контаминацияланған медикаменттер (эсіресе ертінділер),
- тағамдар, су, ауа, сирек жағдайда - топырақ.
АІИ-ң экзогендік таралу жолдары:
- контакты-жанасу (тура, жанама контакт)
- тамшылы (ауалы-тамшылы)
- ауалы (ауалы-шаңцы)
Аурухана жағдайында ең кең жайылған инфекция таралу жолы- жанама контакт. Өте сирек жағдайда трансмиссивті жолмен жұғуы мүмкін.
АІИ-ң таралуына әсер ететін факторлар
1. Таңу материалдарын, инелерді, шпирцтерді, аспаптарды, инфекциялық ерітінділерді стерилдеу ережесінің бүзылуы.
2. Стерилді заттардың ластануы.
3. Дезинфекциялық ережелердің бүзылуы (әсер етуші агент концентрациясының төмендеуі, ерітіндінің уақтылы ауыстырылмауы, өңдеудің сапасыз болуы т.б.).
4. Науқасты оқшаулаудың бүзылуы.
5. Палатада науқастарды тығыз орналастыру, көйлек-көншек санының жетіспеушілігі.
6. Медициналық қызметкерлердің өз міндеттерін мүқият орындамауы.
7. Мед. персонал және науқастардың жеке бас гигиенасы тәртіптерін орындамауы.
8. Мед. персонал бактерия тасымалдаушылыққа дер кезінде тексерілмеуі.
9. Аурухана жайларын уақтылы жинастырмау, ыстық және салқын сумен түрақты қамтамасыз етпеу.
10. Антибиотиктерді ретсіз тағайындау.
11. Бір рет қолданылатын шпирцтердің болмауы.
Қысқартылған сөздер: АІИ- Ауруханаішілік инфекциялардың. ДДҰ- дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. ШПМ (УПМ)- шартты-потогенді микробтар.