Аурухана ішіндегі инфекциялардың жұғу механизмдері: - Аэрозольдық
- Қатынас
- Фекальді – оральдық
- Артифициалдық (жасанды)
Аурухана ішіндегі инфекциялардың жұғу жолдары - Ауа-тамшылы, ауа-шаңды
- тікелей қарым-қатынас,
- тұрмыс заттары арқылы
- тағамдар арқылы
Инфекцияның тізбесін бұзу – аурухана ішіндегі инфекциялардың алдын - алуының негізгі жолы Инфекцияның тізбесін бұзу әдістері: - Аурухана ішіндегі инфекцияларға тиімді бақылау жүргізу;
- Инфекцияның қоздырғыштарын жою;
- Жұғу жолдарын үзу;
- Адам ағзасының (иммунитетінің) тұрақтылығын көтеру.
Кешенді эпидемиялық шаралары барлық 4 буынға бағытталуға тиіс. Одан басқа медициналық шаралардың кешенін өткізуге қажет: зақымдылықты, медициналық килігуін азайту т.б. АІИ резервуары (көзі) болып табылады: - персоналдың қолы;
- ішек,несеп-жыныс жүйесі,мұрын-көмей,тері,шаш,персоналдың да,пациенттің де ауыз қуысы;
- қоршаған орта: персонал,шаң,су,азық тағамдар;
- құралдар;
- аспаптар;
- дәрілік заттар,т.б.
АІИ-дың пайда болуына әкеліп соқтыратын факторлар: антибиотикке резистентті (а/б-ге шыдамды) микроағзалар штаммының таралуы; - әлсіреген, қартайған пациенттердің меншікті салмағының артуы;
- пациент күтімі кезінде инфекциялық қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы;
- емдік-профилактикалық мекемелердің шамадан тыс жүктелуі;
- құрал-жабдықтардың ескіруі және т.б.
АІИ орналасуына қолайлы жерлер - Медициналық мекемелерде қолайлы болып табылатын бұйымдар: резеңкеден жасалған (катетер,дренаж түтіктер), су және антисептиктер қолданылатын аспаптар(дистиллятор,ингалятор,ионизатор,т.б.), жасанды тыныс аппараты, құралдар.
- Адам ағзасында орналасуына қолайлы болып табылатын жерлер: тері мен жұмсақ тканьдер,зәр шығару жолдары, ауыз қуысы, мұрын-көмей, қынап, ішек.
Достарыңызбен бөлісу: |