Жабайы, кәсіби құс еттерін всс



бет1/3
Дата10.12.2023
өлшемі0,58 Mb.
#136746
  1   2   3

Жабайы, кәсіби құс еттерін ВСС

Орындаған: Өмірбекова М.

Тексерген: Жаңабаева Д.К.

Жоспары:

  • 1. Құс еті туралы жалпы түсінік.
  • 2. Құстардың жұқпалы ауруларын алдын алу және жою шаралары.
  • 3. Құс етін тасымалдау.
  • 3. Әртүрлi инфекциялық және басқа аурулар кезінде құс еттерiн және iшкi мүшелерін санитариялық бағалау.
  • Құс еті— әрі жұмсақ, әрі дәмді ет; Құс еті әрқашан бағалы жеңіл ал саналып келді. Құс шаруашылығы мықтап дамыған қазіргі уақытта тауық етін де, басқа құс еттерін де халықтың көбі тұтынатын болды. Құс етінің тағамдық неғұрлым бағалы заты —белокбройлер етінде ол санатына қарай — 17,6—19,7%, тауық етінде 18,2-20,8%, бөдене етінде 18,0 %. Құс етіндегі амин қышқылының құрамы өте сіңімді. Суда жүзетін құстардың етінде май коп болады. Тауық етінде басқамен ауыстырылмайтын құнды, қанықпаған май қышқылдары сиыр және қой етіне қарағанда бірнеше есе артық. Құс етінде В тобындағы витаминдермол болады. Онда минералдық элементтер де (ең алдымен фосфоркүкірттемір және мыс) аз емес. Басқа кез келген ет сияқты, құс етін де қуырады, пісіреді, бұқтырады, одан котлет және басқа туралған ет тағамдарын жасайды. Піскенде құс еті (әсіресе, бройлер еті) елжіреген жұмсақ болады, өйткені онда жалғастырма тканьдер аз, 8%-дан аспайды (сиыр етінде ол 15%). Олар, әсіресе тос етте аз, сондықтан одан сүйкімді тағамдар әзірлейді.

Тауық етінің пайдасы

  • Тауық етінде (күркетауық еті де өте ұқсас болып келеді) дәнекер тіндер өте аз болып келетіндіктен, көбіне нәзік әрі жұмсақ болады. Құс етінің ақуызында сирек кездесетін қышқылдар және қанықпаған май қышқылдары көп. Олар тез ериді, өте сіңімді, асқазан-ішек жолында тез қорытылады.
  • Құс етінің құрамында В, Н, РР дәрумендері, калий, магний, натрий, темір, фосфор, мырыш, кальций, мыс секілді минералды заттар бар.
  • Диетологтардың көбі адамның қалыптасып қалған тамақтану үрдісін өзгерту керек дегенді айтады. Мамандарымыз мұндай кезде қой, сиыр, тіпті жылқы етінің орнына тауық пен балық етін жеп тұрған жөн деп санайды. Ең бастысы, құрамындағы холестерин мен липотропты заттар жөнінен құс етінің сиыр мен қоян етінен айырмашылығы жоқ.
  • Көпшілік қауым тауық етінен даярланған тағамдарға тән иістерді ұната бермейді, ал кейбірі оны зиян деп жатады. Бұл күмәніңіздің де жөні бар. Өйткені, аталған иіс глютамин қышқылының, эфир майларының, азоты бар экстактивті заттардың, әсіресе пуринді негіздердің әсерінен болып келеді екен. Сондықтан тауық сорпасын, қуырылған тауықты балалар мен қарттардың емдәмінде ғана емес, күнделікті тағамдарыңызда да шектеулі түрде пайдаланғаныңыз дұрыс.
  • Терісі сыпырылған қайнатылған тауық етін қатаң емдәмдерде ғана жеуге болады. Ал тауық балапанын тек қайнатылған күйде ұсынған жөн.
  • Құстардың ньюкасла ауруын алдын алу және жою шаралары туралы ережесі
  • Құстардың Ньюкасла ауруы (жалған оба) - жіті өтетін және тез таралатын ауру, тыныс алу, ішек-қарын жолы органдарының және орталық нерв жүйесінің бұзылуымен сипатталып, құстардың жаппай өлімін туғызады. Иммунитеті әлсіреген вакцинацияланған құстарда аурудың айқын және патологиялық-анатомиялық белгілері көрінбеуі мүмкін. Ауруға тауық отрядтарының барлық үй және жабайы құстары шалдыққыш келеді (тауықтар, цесаркалар, түйе құстар, фазандар, павлиндер). Ауру қоздырғышы - парамиксовирустар туыстығына жататын вирус. Індеттің көзі ауру құстар және аурудың инкубациялық кезеңіндегі жұқтырып алған құстар (жасырын кезең), ауру 3 күннен 7 күн аралығына созылуы мүмкін, (кейде 10 күнге дейін). Ауру құстар сыртқы ортаға негізінен мұрыннан бөлінген сұйықпен және нәжісімен вирус бөледі. Ауру қоздырғышының көзі ауру құстардан алынған залалсыздандырылмаған құс өнімдері және шикізаттары болуы мүмкін (жұмыртқа, ет, мамық-түк, қауырсын), немесе ауру құстардың бөлінулерімен ластанған азық, су, құралдар, қызмет етуші кісілердің киімі және аяқ киімі, көлік заттары және ауру қоздырғышы оларда ұзақ уақыт сақталынуға қабілетті.
  • Ньюкасла ауруын алдын алу шаралары
  • Ньюкасла ауруынан сақтануды ескерту үшін құс фабрикаларының немесе құс фермаларының (бұдан әрі - Құс шаруашылығы) әкімшілігі және құс иелері, осы Ережеде қарастырылған шараларды орындауға міндетті.
  • Құс шаруашылығының және де мемлекеттік ветеринариялық саланың мекемелерінің ветеринариялық мамандары міндетті: 1) қамтамасыз етуші шаруашылықтарда, елді-мекен бекеттерінде арнайы ветеринариялық шараларды жүргізуді ұйымдастыруға және құстардың жағдайына жүйелі түрде бақылау жүргізуге; 2) құс қораларын және құрал-саймандарды едкий натрияның (1,5%-ті), хлорлы известің (3%-ті), креолиннің (5%-ті) ерітінділерімен дезинфекцияға. Бір мезгілде аэрозолдық дезинфекция жүргізуге; 3) ньюкасла ауруына қарсы алдын алу вакцинациясын жүргізетін құс шаруашылықтарында, егілген құста иммунитеттің тұрақтылығына бақылау тағайындауға.
  • Осы ауру бойынша аурудан таза шаруашылықтарда (аймақтарда) құстарды ньюкасла ауруына қарсы егудің мақсаттылығы, эпизоотиялық жағдайға байланысты облыстардың (аудандардың, қалалардың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларымен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет